2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 42 және 45-баптарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. ЕАЭО СЭҚ ТН 3801 90 000 1 кодымен сыныпталатын алюминий электр лизерлерін шегендеуге арналған табандық массаға қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) кедендік әкелу бажының ставкасы осы Шешім күшіне енген күннен бастап қоса алғанда 2022 жылғы 30 сәуірге дейінгі аралықта кедендік құнның 0 пайызы мөлшерінде белгіленсін.
2. Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) 61С ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:
"61С) Кедендік құнның 0 (нөл) пайызы мөлшеріндегі кедендік әкелу бажының ставкасы Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2021 жылғы 13 сәуірдегі № 45 шешімі күшіне енген күннен бастап қоса алғанда 30.04.2022 дейінгі аралықта қолданылады.".
3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
|
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |