Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 105-бабының 5-тармағына, 112-бабының 4-тармағына және 120-бабының 3-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізілсін.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
|
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |
| Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2021 жылғы 23 наурыздағы № 34 шешіміне ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының шешімдеріне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 19 желтоқсандағы № 177 шешімімен бекітілген тауарларға арналған декларацияны бергенге дейін тауарларды шығару туралы өтініштің құрылымы мен форматының 10-кестесінде 13.12.10.2-позиция:
а) 2-графада мынадай редакцияда жазылсын: "18-гр. (2-бағ.)";
б) 3-графада мынадай редакцияда жазылсын: "О";
в) 4-графада мынадай редакцияда жазылсын: "1";
г) 6-графада мынадай редакцияда жазылсын:
"егер "Өлшем бірлігінің шартты белгісі (casdo:MeasureUnitAbbreviationCode)" деректемесі толтырылса, онда сәйкестендіргіші "Өлшем бірлігі көрсетілген тауардың саны (casdo:GoodsMeasure) деректемесінің "анықтамалықтың (сыныптауыштың) сәйкестендіргіші (measurementUnitCodeListId атрибуты)" атрибутында көрсетілген анықтамалыққа (сыныптауышқа) сәйкес "Өлшем бірлігінің шартты белгісі (casdo:MeasureUnitAbbreviationCode)" деректемесінде коды "Өлшем бірлігі көрсетілген тауардың саны (casdo:GoodsMeasure)" деректемесінің "өлшем бірлігі (measurementUnitCode атрибуты)" атрибутында көрсетілген өлшем бірлігінің шартты белгісінің мәні қамтылуға тиіс".
2. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 16 қаңтардағы № 2 шешімімен бекітілген тауарларға арналған декларацияның транзиттік декларацияның құрылымы мен форматының 3-кестесінде:
а) "Ескертпе" деген графадағы 18.17.9-позицияда "немесе өзге" деген сөздер "не таңбалауға жататын тауарлар тізбесіне" деген сөздермен ауыстырылсын;
б) "Ескертпе" деген графадағы 18.17.29-позиция "пайдаланылады" деген сөздің алдынан "және Қырғыз Республикасында" деген сөздермен толықтырылсын;
в) "Ескертпе" деген графадағы 18.17.30.2-позиция мынадай редакцияда жазылсын:
"деректеме толтырылатын болса, онда сәйкестендіргіші "Өлшем бірлігі көрсетілген тауардың саны (casdo:GoodsMeasure) деректемесінің "анықтамалықтың (сыныптауыштың) сәйкестендіргіші (measurementUnitCodeListId атрибуты)" атрибутында көрсетілген анықтамалыққа (сыныптауышқа) сәйкес өлшем бірлігінің шартты белгісі қамтылуға тиіс".
3. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 16 қаңтардағы № 3 шешімімен бекітілген тауарларға арналған декларацияны түзетудің құрылымы мен форматының 3-кестесінде:
а) "Ескертпе" деген графадағы 19.18.10-позицияда "немесе өзге" деген сөздер "не таңбалауға жататын тауарлар тізбесіне" деген сөздермен ауыстырылсын;
б) "Ескертпе" деген графадағы 19.18.29-позиция "пайдаланылады" деген сөздің алдынан "және Қырғыз Республикасында" деген сөздермен толықтырылсын;
в) "Ескертпе" деген графадағы 19.18.30.2-позиция мынадай редакцияда жазылсын:
"деректеме толтырылатын болса, онда сәйкестендіргіші "Өлшем бірлігі көрсетілген тауардың саны (casdo:GoodsMeasure) деректемесінің "анықтамалықтың (сыныптауыштың) сәйкестендіргіші (measurementUnitCodeListId атрибуты)" атрибутында көрсетілген анықтамалыққа (сыныптауышқа) сәйкес өлшем бірлігінің шартты белгісі қамтылуға тиіс".