Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі техникалық реттеу туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық шартқа № 9 қосымша) 8-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 8-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 294 шешімімен бекітілген Кеден одағы шеңберінде міндетті талаптар белгіленетін өнімді (тауарларды) Кеден одағының кедендік аумағына әкелу тәртібі туралы ереженің 2-тармағының "в" тармақшасын іске асыру мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізілсін.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
|
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |
| Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2021 жылғы 23 наурыздағы № 33 шешіміне ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының шешімдеріне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 91 шешімімен бекітілген Кедендік декларация беру "Кеден одағының "Төмен вольтты жабдықтың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (КО ТР 004/2011) талаптарына сәйкестікті бағалау туралы құжатты (сәйкестікті бағалау туралы құжат туралы мәліметтерді) ұсынумен сүйемелденетін өнім тізбесінде 1-тармақтың 16-тармақшасының 2-графасы "8539 31" деген цифрлардан кейін "8539 50 000" деген цифрлармен толықтырылсын.
2. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2014 жылғы 16 қаңтардағы № 2 шешімімен бекітілген Кедендік декларация беру "Кеден одағының "Техника құралдарының электр-магниттік үйлесуі туралы" техникалық регламентінің (КО ТР 020/2011) талаптарына сәйкестікті бағалау туралы құжатты (сәйкестікті бағалау туралы құжат туралы мәліметтерді) ұсынумен сүйемелденетін өнім тізбесінде 1-тармақтың 15-тармақшасының 2-графасы "8539 31" деген цифрлардан кейін "8539 50 000" деген цифрлармен толықтырылсын.
3. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Кедендік декларация беру Еуразиялық экономикалық одақтың "Электротехника мен радиоэлектроника бұйымдарындағы қауіпті заттарды қолдануды шектеу туралы" (ЕАЭО ТР 037/2016) техникалық регламентінің талаптарына сәйкестікті бағалау туралы құжатты ұсынумен сүйемелденетін өнімдердің тізбесін бекіту туралы" 2018 жылғы 16 қазандағы № 167 шешімінде:
а) атауы және 1-тармақ "бағалау туралы құжатты" деген сөздерден кейін "(сәйкестікті бағалау туралы құжат туралы мәліметтерді)" деген сөздермен толықтырылсын;
б) көрсетілген Шешіммен бекітілген Кедендік декларация беру Еуразиялық экономикалық одақтың "Электротехника мен радиоэлектроника бұйымдарындағы қауіпті заттарды қолдануды шектеу туралы" (ЕАЭО ТР 037/2016) техникалық регламентінің талаптарына сәйкестікті бағалау туралы құжатты ұсынумен сүйемелденетін өнімдердің тізбесінде:
атауы "бағалау туралы құжатты" деген сөздерден кейін "(сәйкестікті бағалау туралы құжат туралы мәліметтерді)" деген сөздермен толықтырылсын;
6-тармақтың 1-тармақшасының 2-графасы "8539 31" деген цифрлардан кейін "8539 50 000" деген цифрлармен толықтырылсын.