Ресей Федерациясының Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі нарығының жұмыс істеуі шеңберіндегі міндеттемелерін уақытша карантиндік фитосанитариялық шаралар енгізу бөлігінде орындау мониторингі нәтижелері туралы ақпаратты назарға ала отырып, Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа №1 қосымша) 43-тармағының 4-тармақшасына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Ресей Федерациясына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттердің аумағынан Ресей Федерациясының аумағына томаттар мен бұрыштарды әкелуге тыйым салу түрінде уақытша карантиндік фитосанитариялық шаралар енгізу кезінде 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 28-бабының 2-тармағын, 29-бабының 2-тармағын, 59-бабының 1 және 2-тармақтарын және Санитариялық, ветеринариялық-санитариялық және карантиндік фитосанитариялық шараларды қолдану туралы хаттаманың (көрсетілген шартқа №12 қосымша) 25-тармағын орындау қажеттігі жайында хабар білдірілсін.
2. Ресей Федерациясы Үкіметінен осы Шешім күшіне енген күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі нарығындағы кедергіні жоюды қамтамасыз ету және қабылданған шаралар туралы Еуразиялық экономикалық комиссияны хабардар ету сұралсын.
3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
|
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |