Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі 22-бабының 1-тармағының бірінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Реконструктивті-қалпына келтіру немесе пластикалық операциялар кезінде сүт бездерінің контурларын хирургиялық түзету мақсатында денеге имплантацияланатын стерильді медициналық бұйым болып табылатын, силикон гельмен толтырылған серпімді силикон қабықтан тұратын сүт безінің импланты Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына Түсіндірмелердің 1 және 6-негізгі қағидаларына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 9021 90 900 9 кіші қосалқы позициясында сыныпталады.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
|
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |