Әлем елдерінің теңіз және өзен порттарының анықтамалығы туралы

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2021 жылғы 19 қаңтардағы № 7 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық өзара іс-қимыл туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 3 қосымша) 4 және 7-тармақтарына сәйкес және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 17 қарашадағы № 155 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай нормативтік-анықтамалық ақпарат жүйесі туралы ережені басшылыққа ала отырып, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қоса беріліп отырған Әлем елдерінің теңіз және өзен порттарының анықтамалығы (бұдан әрі – анықтамалық) бекітілсін.

      2. Анықтамалық Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай нормативтік-анықтамалық ақпарат жүйесі ресурстарының құрамына енгізілсін.

      3. Мынадай:

      анықтамалық осы Шешім күшіне енген күннен бастап қолданылады;

      егер жалпы процесс шеңберіндегі ақпараттық өзара іс-қимылды регламенттейтін технологиялық құжаттарда анықтамалыққа сәйкес теңіз немесе өзен портының кодын көрсету қажеттігі көзделген болса, анықтамалықтың кодтық белгіленімдерін пайдалану Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде кедендік реттеу саласындағы жалпы процестерді іске асыру кезінде міндетті болып табылады;

      егер кедендік электрондық құжаттарды толтыру тәртіптерінде анықтамалыққа сәйкес теңіз немесе өзен портының кодын көрсету қажеттігі көзделген болса, мұндай құжаттарды толтыру кезінде анықтамалықтың кодтық белгіленімдерін пайдалану міндетті болып табылады деп белгіленсін.

      4. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 90 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2021 жылғы 19 қаңтардағы
№ 7 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Әлем елдерінің теңіз және өзен порттарының
АНЫҚТАМАЛЫҒЫ

I. Анықтамалықтың паспорты

Р/с №

Элементтің белгіленімі

Сипаттамасы

1

2

3

1

Коды

035

2

Типі

1 – анықтамалық

3

Атауы

әлем елдерінің теңіз және өзен порттарының анықтамалығы

4

Аббревиатурасы

СМРП

5

Белгіленімі

ЕC 035-20__ (1-ред.)

6

Анықтамалықты (сыныптауышты) қабылдау (бекіту) туралы актінің деректемелері

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2021 жылғы 19 қаңтардағы № 7 шешімі

7

Анықтамалық (сыныптауыш) қолданысқа енгізілген (қолданыла бастаған) күн

2021 жылғы 22 сәуір

8

Анықтамалықтың (сыныптауыштың) қолданылуын тоқтату туралы актінің деректемелері

9

Анықтамалықтың (сыныптауыштың) қолданылуы аяқталатын күн

10

Оператор (операторлар)

Еуразиялық экономикалық комиссия

11

Мақсаты

анықтамалық әлем елдерінің теңіз және өзен порттары туралы мәліметтерді кодтауға және жүйелеуге арналған

12

Аннотация
(қолданылу саласы)

анықтамалықтағы мәліметтер тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелген және тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкеткен кезде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің сыртқы экономикалық қызметке қатысушылары мен уәкілетті органдары арасында ақпарат алмасуды жүзеге асыру кезінде теңіз және өзен порттары туралы мәліметтерді беру үшін пайдаланылады. Анықтамалықтағы мәліметтер әлем елдерінің сыныптауышындағы (Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешіміне № 22 қосымша) мәліметтермен байланысты

13

Түйін сөздер

порт, теңіз порты, өзен порты, сыртқы сауда

14

Еуразиялық экономикалық одақ органдарының өкілеттігі іске асырылатын сала

кедендік әкімшілендіру

15

Халықаралық, (мемлекетаралық, өңірлік) сыныптауыштардың пайдаланылуы

1 – анықтамалық "United Nations Code for Trade and Transport Locations" (бұдан әрі – БҰҰ ЛОКОД) үндестірілген;

3 – сенім білдірілген дереккөздің бір бөлігін пайдалану әдісі

16

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің мемлекеттік анықтамалықтарының (сыныптауыштарының) болуы

2 – анықтамалықтың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде баламасы жоқ

17

Жүйелеу (сыныптау) әдісі

1 – жүйелеудің реттік әдісі

18

Жүргізу әдістемесі

1 – жүргізудің орталықтандырылған әдістемесі.

Анықтамалықты жүргізу қосымшаға сәйкес Әлем елдерінің теңіз және өзен порттарының анықтамалығын жүргізу және қолдану тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады

19

Құрылымы

анықтамалықтың құрылымы туралы ақпарат (анықтамалық жолдарының құрамы, олардың мәндерінің саласы және қалыптастыру қағидалары) осы анықтамалықтың II бөлімінде келтірілген

20

Деректердің құпиялылық дәрежесі

анықтамалықтағы мәліметтер ашық қолжетімді ақпаратқа жатады

21

Қайта қараудың белгіленген мерзімділігі

сенім білдірілген дереккөздің (БҰҰ ЛОКОД) жаңартылу жиілігіне сәйкес

22

Өзгерістер

23

Анықтамалықтағы (сыныптауыштағы) егжей-тегжейлі мәліметтерге сілтеме

анықтамалықтағы егжей-тегжейлі мәліметтер Еуразиялық экономикалық одақтың ақпараттық порталында жарияланады

24

Анықтамалықтан (сыныптауыштан) мәліметтерді беру тәсілі

Еуразиялық экономикалық одақтың ақпараттық порталында жариялау

II. Анықтамалық құрылымының сипаттамасы

      1. Осы бөлім анықтамалықтың құрылымын және деректемелік құрамын, оның ішінде деректемелер мәндерінің саласы мен оларды қалыптастыру қағидаларын айқындайды.

      2. Анықтамалықтың құрылымы және деректемелік құрамы кестеде келтірілген, онда мына жолдар (графалар) қалыптастырылады:

      "деректеме мәнінің саласы" – деректеменің мағынасын (семантикасын) түсіндіретін мәтін;

      "деректеменің мәнін қалыптастыру қағидалары" – деректеменің мақсатын нақтылайтын және оны қалыптастыру (толтыру) қағидаларын айқындайтын мәтін немесе деректеменің ықтимал мәндерінің сөзбен сипатталуы;

      "көпт." – деректеменің көптігі (деректеменің ықтимал қайталану міндеттілігі (опциялығы) және саны).

      3. Берілетін деректер деректемелерінің көптігін көрсету үшін мынадай белгіленімдер пайдаланылады:

      1 – деректеме міндетті, қайталауға жол берілмейді;

      n – деректеме міндетті, n рет қайталануы тиіс (n > 1);

      1..* – деректеме міндетті, шектеусіз қайталауға болады;

      n..* – деректеме міндетті, кемінде n рет қайталануы тиіс (n > 1);

      n..m – деректеме міндетті, кемінде n рет және m реттен асырмай қайталануы тиіс (n > 1, m > n);

      0..1 – деректеме опциялы, қайталауға жол берілмейді;

      0..* – деректеме опциялы, шектеусіз қайталауға болады;

      0..m – деректеме опциялы, m реттен асырмай қайталауға болады (m > 1).

      Кесте

Анықтамалықтың құрылымы және деректемелік құрамы

Деректеменің атауы

Деректеме мәнінің саласы

Деректеменің мәнін қалыптастыру қағидалары

Көпт.

1. Сыртқы саудаға қатысы бар теңіз және өзен порттары туралы мәліметтер

салынған деректемелер мәндерінің салаларымен айқындалады

салынған деректемелерді қалыптастыру қағидаларымен айқындалады

1..*

1.1. Ел коды

шаблонға сәйкес символдар жолы:
[A-Z]{2}

ISO 3166-1 стандартына сәйкес қалыптастырылады
(XZ кодын (халықаралық сулардағы немесе халықаралық ынтымақтастық аймақтарындағы пункттер – "installations in international waters or international cooperation zones") қоспағанда)

1

1.2. Елдің атауы

символдар жолы.
Ең аз ұзындығы: 1.
Ең көп ұзындығы: 150

ағылшын тіліндегі ел (аумақ) атауын қамтиды

1

1.3. Порт туралы мәліметтер

салынған деректемелер мәндерінің салаларымен айқындалады

салынған деректемелерді қалыптастыру қағидаларымен айқындалады

1

1.3.1. Порт коды

шаблонға сәйкес символдар жолы:
[A-Z]{2}[A-Z,2-9]{3}

сыртқы саудаға қатысы бар теңіз немесе өзен портының кодтық белгіленімін қамтиды, ондағы алғашқы 2 символ ISO 3166-1 стандартына сәйкес (XZ кодын (халықаралық сулардағы немесе халықаралық ынтымақтастық аймақтарындағы пункттер – "installations in international waters or international cooperation zones") қоспағанда) ел кодын білдіреді;
3-ші және 5-ші символдар аралығы – алғашқы 2 символда айқындалған ел (аумақ) шегіндегі пункттің белгіленімі

1

1.3.2. Порт атауы

символдар жолы.
Ең аз ұзындығы: 1.
Ең көп ұзындығы: 500

латын алфавитінің әріптерімен жазылған теңіз немесе өзен портының атауын қамтиды

1

1.3.3. Әуежайдың балама (ескірген) атаулары

символдар жолы.
Ең аз ұзындығы: 1.
Ең көп ұзындығы: 500

теңіз немесе өзен портының негізгіге балама не ескірген (порт атауын өзгерту нәтижесінде) болып табылатын атауын қамтиды

0..1

1.3.4. Порттың мәртебесі

шаблонға сәйкес символдар жолы:
[A-Z]{2}

теңіз немесе өзен портын БҰҰ ЛОКОД енгізу негіздемесінің кодтық белгіленімін қамтиды. Мына мәндерді қабылдауы мүмкін:
AA – ұлттық құзыретті үкіметтік орган бекіткен;
AC – кеден органы бекіткен;
AF – сауда рәсімдерін оңайлату жөніндегі ұлттық орган бекіткен;
AI – халықаралық ұйым (ИАТА немесе ЭКЛАК) қабылдаған кодтық белгіленім;
AM – БҰҰ ЛОКОД жүргізу агенттігі бекіткен;
AS – стандарттау жөніндегі ұлттық орган бекіткен;
AQ – порт бекітілген, функциялары тексерілмеген;
RL – танылған порт (порт атауының қолданылуы немесе ұсынылуы ресми таңдалған географиялық анықтамалық немесе өзге дереккөз бойынша тексерумен расталған);
RN – ел аумағындағы портқа қатысты сенімді ұлттық дереккөздерден сұрату;
RQ – сұрату қаралу сатысында;
QQ – кейіннен тексерілмеген бастапқы жазба;
UR – порт пайдаланушылардың сұранысы бойынша қосылған, ресми бекітілмеген;
XX – порт БҰҰ ЛОКОД келесі шығарылымынан алып тасталады

1

1.3.5. Порттың географиялық координаталары

салынған деректемелер мәндерінің салаларымен айқындалады

салынған деректемелерді қалыптастыру қағидаларымен айқындалады

0..1

1.3.5.1. Географиялық ендік

шаблонға сәйкес географиялық ендіктің белгіленімі: [0-9]{4}[NS]{1}

порттың географиялық координаталарының белгіленімін қамтиды, мұнда алғашқы 2 цифр – градустар,
екінші 2 цифр – минуттар, N – солтүстік ендік, S – оңтүстік ендік

1

1.3.5.2. Географиялық бойлық

шаблонға сәйкес географиялық бойлықтың белгіленімі: [0-9]{5}[EW]{1}

порттың географиялық координаталарының белгіленімін қамтиды, мұнда алғашқы 3 цифр – градустар,
екінші 2 цифр – минуттар, E – шығыс бойлық,
W – батыс бойлық

1

1.3.6. Жазбадағы өзгерістердің сипаты

символдар жолы.
Ұзындығы: 1

жоспарланатын немесе анықтамалық жазбасында жүргізілген өзгерістердің сипатын айқындайтын белгіленімді, сондай-ақ анықтамалық жазбасының ерекшеліктерін қамтиды. Мына мәндерді қабылдауы мүмкін:
X – жазба БҰҰ ЛОКОД келесі шығарылымынан алып тасталады;
"#" – порт атауындағы өзгерістер;
"¦" – порт атауындағы өзгерістерді қоспағанда жазбадағы өзгерістер;
"+" – жазба БҰҰ ЛОКОД қазіргі шығарылымына қосылған;
"!" – АҚШ аумағында порттардың белгілі бір жазбалары үшін сақталады ("бақылаудағы қайталау")

0..1

1.4. Анықтамалықтың жазбасы туралы мәліметтер

салынған деректемелер мәндерінің салаларымен айқындалады

салынған деректемелерді қалыптастыру қағидаларымен айқындалады

1

1.4.1. Қолданысы басталатын күн

МемСТ ИСО 8601–2001-ге сәйкес YYYY-MM-DD форматындағы күн

жазба анықтамалыққа енгізілген күнге сәйкес келеді

1

1.4.2. Қолданысы аяқталатын күн

МемСТ ИСО 8601–2001-ге сәйкес YYYY-MM-DD форматындағы күн

жазба анықтамалықтан алып тасталған күнге сәйкес келеді

0..1

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2021 жылғы 19 қаңтардағы
№ 7 шешімімен бекітілген
әлем елдерінің теңіз
және өзен порттарының
анықтамалығына
ҚОСЫМША

Әлем елдерінің теңіз және өзен порттарының анықтамалығын жүргізу және қолдану
ТӘРТІБІ

I. Жалпы ережелер

      1. Осы Тәртіп Еуразиялық экономикалық одақ (бұдан әрі – Одақ) құқығына кіретін мына актілерге сәйкес әзірленген:

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт (бұдан әрі – Одақ туралы шарт);

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай нормативтік-анықтамалық ақпарат жүйесі туралы" 2015 жылғы 17 қарашадағы № 155 шешімі;

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Еуразиялық экономикалық одақтың нормативтік-анықтамалық ақпаратының бірыңғай жүйесі ресурстарының құрамына кіретін анықтамалықтар мен сыныптауыштарды әзірлеу, жүргізу және қолдану әдіснамасын бекіту туралы" 2017 жылғы 19 қыркүйектегі № 121 шешімі.

II. Қолданылу саласы

      2. Осы Тәртіп әлем елдерінің теңіз және өзен порттарының анықтамалығын (бұдан әрі – тиісінше – анықтамалық, теңіз және өзен порттары) жүргізу және қолдану қағидаларын айқындайды.

      3. Осы Тәртіпті Еуразиялық экономикалық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) анықтамалықты қалыптастырған және жүргізген кезде, Одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары, сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар, өз қызметінде теңіз және өзен порттары туралы мәліметтерді және олардың БҰҰ ЛОКОД құрамындағы кодтық белгіленімдерін пайдаланатын заңды немесе жеке тұлғалар қолданады.

III. негізгі ұғымдар

      4. Осы Тәртіптің мақсаттары үшін мынаны білдіретін ұғымдар пайдаланылады:

      "БҰҰ ЛОКОД" – Біріккен Ұлттар Ұйымының порттар мен басқа да пункттердің халықаралық сыныптауышы;

      "анықтамалықты пайдаланушылар" – Одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары, сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар, өз қызметінде теңіз және өзен порттары туралы мәліметтерді және олардың БҰҰ ЛОКОД-тағы кодтық белгіленімдерін пайдаланатын заңды немесе жеке тұлғалар.

      Осы Тәртіпте пайдаланылатын өзге ұғымдар Одақ туралы шартта және Одақтың бірыңғай нормативтік-анықтамалық ақпарат жүйесін қалыптастыру және дамыту мәселелеріне қатысты Одақ органдарының актілерінде айқындалған мәндерде қолданылады.

IV. анықтамалықты қалыптастыру, жүргізу және қолдану принциптері

      5. анықтамалықты қалыптастыру және жүргізу әлем елдерінің теңіз және өзен порттары туралы мәліметтерді кодтау және жүйелеу мақсатында жүзеге асырылады.

      6. Анықтамалық теңіз және өзен порттары туралы мәліметтерді автоматтандырылған түрде өңдеу мүмкіндігін, соның ішінде Одақтың кедендік аумағына су көлігімен әкелу көзделетін тауарлар туралы алдын ала ақпарат ұсыну шеңберінде қамтамасыз ету мақсатында оларды ресмиленген түрдегі электрондық құжаттарда құрылымы Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әуе көлігімен әкелінуі бағамдалатын тауарлар туралы алдын ала ақпараттың құрылымы мен форматы туралы" 2018 жылғы 28 қарашадағы № 192 шешімімен бекітілген электрондық құжат (электрондық түрдегі құжат) түрінде қалыптастыру үшін қолданылады.

      7. Жүйелеу объектілері теңіз және өзен порттары болап табылады.

      8. Анықтамалықты қалыптастыру мен жүргізуді жүзеге асыратын Комиссия анықтамалықтың операторы болып табылады.

      9. Анықтамалықты қалыптастыру үшін БҰҰ ЛОКОД сенім білдірілген мәліметтер көзі ретінде пайдаланылады, анықтамалықты үндестіру БҰҰ ЛОКОД жаңартылу жиілігіне сәйкес жүзеге асырылады.

      10. Анықтамалықтың жүйелеу объектілерін кодтау құрылымы мен жүйесі сенім білдірілген дереккөзге қатысты өзгеріссіз қалады.

      11. Жүйелеу объектілерін кодтау мақсаттары үшін 5 символды код қолданылады, оның құрылымы мынадай:

      XXYYY, мұнда:

      XX – ИСО 3166-1 стандартына сәйкес елдің әріптік коды (бұған XZ коды кірмейді, ол БҰҰ ЛОКОД-та халықаралық суларда немесе халықаралық ынтымақтастық аймақтарында орналасқан пункттерге – "installations in international waters or international cooperation zones" беріледі);

      YYY – ел шегіндегі порттың әріп-цифрлық коды, ол латын алфавитінің бас әріптерімен және араб цифрларымен көрсетіледі.

V. анықтамалықты жүргізу

1. Анықтамалықты бастапқы толтыру

      13. Комиссия Алқасының шешімімен анықтамалықтың бекітілуі анықтамалықты бастапқы толтыру үшін негіз болып табылады.

      14. Анықтамалықты бастапқы толтыру Комиссия Алқасының анықтамалықты бекітетін шешімі күшіне енгенге дейін бір рет орындалады.

      15. Анықтамалықтың операторы БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясының (http://www.unece.org/cefact/codesfortrade/codes_index.html) ресми сайтында орналастырылған БҰҰ ЛОКОД-тағы теңіз және өзен порттары туралы мәліметтерді көшіріп алады және анықтамалықты бастапқы толтыру үшін мәліметтер салынған файлды қалыптастырады. Теңіз және өзен порттары туралы мәліметтерді көшіріп алу БҰҰ ЛОКОД "Function" бағанында көрсетілген "1" деген белгі бойынша орындалады. Анықтамалықты бастапқы толтыру үшін қалыптастырылатын мәліметтер салынған файлдан "Status" бағанында "RR" ("сұрату кері қайтарылған") мәні бар жазбалар, сондай-ақ теңіз және өзен порттарының диакритикалық таңбалар пайдаланылып қалыптастырылған атаулары мен теңіз және өзен порттары орналасқан әкімшілік-аумақтық бөлініс бірліктерінің кодтары туралы мәліметтер мен оларға ескертпелер қамтылған бағандар алып тасталады.

      16. Анықтамалықты бастапқы толтыру үшін мәліметтер салынған файлды қалыптастыру кезінде "Анықтамалық жазбасы туралы мәліметтер" деректемесінің құрамындағы "Қолданысы басталатын күн" деректемесінде БҰҰ ЛОКОД мәліметтерінде көрсетілген күн қойылады.

      17. Анықтамалықты бастапқы толтыру үшін мәліметтер салынған файлда теңіз және өзен порттары туралы анықтамалық қалыптастырылған кезде өзекті болған мәліметтер қамтылуға тиіс.

      18. Комиссия Алқасының анықтамалықты бекітетін шешімі күшіне енгенге дейін Комиссия анықтамалықтың Одақтың ақпараттық порталында жариялануын қамтамасыз етеді.

2. Анықтамалыққа өзгерістер енгізу

      19. Анықтамалықтың операторы БҰҰ ЛОКОД жаңартылу жиілігіне сәйкес анықтамалықтағы мәліметтерге өзгерістер енгізуді қамтамасыз етеді.

      20. Анықтамалықтағы мәліметтерге өзгерістер енгізілген кезде анықтамалықтың операторы осы Тәртіптің 21 – 28-тармақтарында айқындалған қосымша талаптар мен қағидаларды ескере отырып, БҰҰ ЛОКОД жаңартылған және алдыңғы редакциясын пайдалану негізінде осы Тәртіптің 15 – 16-тармақтарында айқындалған қағидаларға сәйкес анықтамалыққа өзгерістер енгізуге арналған мәліметтерді қамтитын файлды қалыптастыруды қамтамасыз етеді.

      21. Анықтамалыққа өзгерістер енгізуге арналған мәліметтер салынған файл мәліметтердің мына түрлерін қамтуға тиіс (олар БҰҰ ЛОКОД-та болса):

      а) БҰҰ ЛОКОД жаңартылған редакциясындағы жазба өзгерісінің сипаты туралы мәліметтерді қамтитын "Change" бағанында "+" белгілеп, БҰҰ ЛОКОД жаңартылған редакциясына жаңадан қосылатын жазбалар туралы;

      б) БҰҰ ЛОКОД жаңартылған редакциясындағы жазба өзгерісінің сипаты туралы мәліметтерді қамтитын "Change" бағанында "#", "¦" немесе "X" белгілеп, БҰҰ ЛОКОД-тағы өзгертілген жазбалар туралы;

      в) БҰҰ ЛОКОД алдыңғы редакциясындағы жазба өзгерісінің сипаты туралы мәліметтерді қамтитын "Change" бағанында "X" белгілеп, анықтамалықтан алып тасталған жазбалар туралы.

      22. Анықтамалыққа өзгерістер енгізуге арналған мәліметтер салынған файл осы Тәртіптің 21-тармағында көрсетілген мәліметтердің әрқилы түрлері үшін бірнеше жазбаны қамтуы мүмкін.

      23. Анықтамалыққа өзгерістер енгізуге арналған мәліметтер салынған файлда деректемелердің құрамы, олардың мәндері мен реттік тәртібі анықтамалықтың құрылымы мен деректемелік құрамына қойылатын талаптарға және анықтамалық құрылымының сипаттамасында келтірілген деректемелер мәндерін қалыптастыру қағидаларына сәйкес қалыптастырылады.

      24. Анықтамалыққа қосу үшін мәліметтерді қалыптастырған кезде анықтамалыққа өзгерістер енгізуге арналған файлда жүйелеудің жаңадан қосылатын әр объектісі үшін бір жазба жасалады. Мұндай жазбаның "Порт коды" деректемесінің мәні толтырылуға тиіс және анықтамалықтың қолданыстағы жазбаларының "Порт коды" мәнімен бірдей болмауға тиіс.

      25. Анықтамалыққа жаңадан қосылатын жазбаны қалыптастырған кезде "Қолданысы басталатын күн" деректемесі міндетті түрде толтырылады және БҰҰ ЛОКОД жаңартылған редакциясында көрсетілген күнді қамтиды.

      26. Жүйелеу объектісі туралы ақпаратты өзгерту үшін мәліметтер қалыптастырған кезде анықтамалыққа өзгерістер енгізуге арналған мәліметтер салынған файлға екі жазба қосылады. Бірінші жазбада анықтамалыққа бұрын қосылған жазба (бұдан әрі – өзгертілетін жазба) туралы мәліметтер қамтылуға тиіс, екінші жазбада өзгертілген мәліметтер (бұдан әрі – өзгертілген жазба) қамтылуға тиіс.

      27. Өзгертілетін жазбаны қалыптастырған кезде мына қағидалар сақталуға тиіс:

      а) жазбаның барлық деректемелерінің мәндері ("Қолданысы аяқталатын күн" деректемесін қоспағанда) БҰҰ ЛОКОД алдыңғы редакциясындағы деректемелердің мәндеріне сәйкес келуге тиіс;

      б) "Қолданысы аяқталатын күн" деректемесі міндетті түрде толтырылады және өзгертілген жазба үшін БҰҰ ЛОКОД жаңартылған редакциясында көрсетілген күнді қамтиды.

      28. Өзгертілген жазбаны қалыптастырған кезде мына қағидалар сақталуға тиіс:

      а) өзгертілген жазба деректемелерінің мәндері БҰҰ ЛОКОД жаңартылған редакциясындағы жазба деректемелерінің мәндеріне сәйкес келуге тиіс. Бұл ретте порттың атауы өзгерген жағдайда, өзгертілген жазбада порттың ескірген атауы туралы мәліметтерді қамтитын деректеме толтырылуға тиіс;

      б) "Қолданысы басталатын күн" деректемесінің мәні өзгертілетін жазбаның "Қолданысы аяқталатын күн" деректемесінің мәніне сәйкес келуге және БҰҰ ЛОКОД жаңартылған редакциясындағы жүйелеу объектісі туралы өзгертілген мәліметтердің құрамындағы күнді қамтуға тиіс.

      29. Жүйелеу объектісін анықтамалықтан алып тастау туралы мәліметтерді қалыптастырған кезде анықтамалыққа өзгерістер енгізуге арналған мәліметтер салынған файлда бір жазба жасалады, оны қалыптастыру кезінде мына қағидалар сақталуға тиіс:

      а) жазбаның барлық деректемелерінің мәндері ("Қолданысы аяқталатын күн" деректемесін қоспағанда) БҰҰ ЛОКОД алдыңғы редакциясындағы жазбалар деректемелерінің мәндеріне сәйкес келуге тиіс;

      б) "Қолданысы аяқталатын күн" деректемесі міндетті түрде толтырылады және БҰҰ ЛОКОД жаңартылған редакциясы жарияланған күнді қамтиды.

      30. Комиссия анықтамалыққа өзгерістер енгізуге арналған мәліметтер салынған файлды өңдеуді және өзгертілген мәліметтерді анықтамалыққа қосуды, сондай-ақ өзгерістер қалыптастырылған күннен бастап 3 жұмыс күнінен кешіктірмей оларды Одақтың ақпараттық порталында жариялауды қамтамасыз етеді.

      31. Анықтамалықты пайдаланушыларды анықтамалыққа енгізілген өзгерістер туралы хабардар Одақтың ақпараттық порталының құралдарын пайдалану арқылы жүзеге асырылады.

О справочнике морских и речных портов стран мира

Решение Коллегии Евразийской экономической комиссии от 19 января 2021 года № 7

      В соответствии с пунктами 4 и 7 Протокола об информационно-коммуникационных технологиях и информационном взаимодействии в рамках Евразийского экономического союза (приложение № 3 к Договору о Евразийском экономическом союзе от 24 мая 2014 года) и руководствуясь Положением о единой системе нормативно-справочной информации Евразийского экономического союза, утвержденным Решением Коллегии Евразийской экономической комиссии от 17 ноября 2015 г. № 155, Коллегия Евразийской экономической комиссии решила:

      1. Утвердить прилагаемый справочник морских и речных портов стран мира (далее – справочник).

      2. Включить справочник в состав ресурсов единой системы нормативно-справочной информации Евразийского экономического союза.

      3. Установить, что:

      справочник применяется с даты вступления настоящего Решения в силу;

      использование кодовых обозначений справочника является обязательным при реализации общих процессов в рамках Евразийского экономического союза в сфере таможенного регулирования, если технологическими документами, регламентирующими информационное взаимодействие в рамках общего процесса, предусмотрена необходимость указания кода морского или речного порта в соответствии со справочником;

      использование кодовых обозначений справочника является обязательным при заполнении электронных таможенных документов, если порядками заполнения таких документов предусмотрена необходимость указания кода таможенного органа в соответствии со справочником.

      4. Настоящее Решение вступает в силу по истечении 90 календарных дней с даты его официального опубликования.

      Председатель Коллегии
Евразийской экономической комиссии
М. Мясникович

  УТВЕРЖДЕН
Решением Коллегии
Евразийской экономической
комиссии
от 19 января 2021 г. № 7

СПРАВОЧНИК
морских и речных портов стран мира

I. Паспорт справочника

№ п/п

Обозначение элемента

Описание

1

2

3

1

Код

035

2

Тип

1 – справочник

3

Наименование

справочник морских и речных портов стран мира

4

Аббревиатура

СМРП

5

Обозначение

ЕC 035-20__ (ред.1)

6

Реквизиты акта о принятии (утверждении) справочника (классификатора)

Решение Коллегии Евразийской экономической комиссии от 19 января 2021 г. № 7

7

Дата введения в действие (начала применения) справочника (классификатора)

22 апреля 2021 г.

8

Реквизиты акта о прекращении применения справочника (классификатора)

9

Дата окончания применения справочника (классификатора)

10

Оператор (операторы)

Евразийская экономическая комиссия

11

Назначение

справочник предназначен для кодирования
и систематизации сведений о морских и речных портах стран мира

12

Аннотация (область применения)

сведения из справочника используются для представления сведений о морских и речных портах при осуществлении обмена информацией между участниками внешнеэкономической деятельности и уполномоченными органами государств – членов Евразийского экономического союза при ввозе товаров на таможенную территорию Евразийского экономического союза и вывозе товаров
с таможенной территории Евразийского экономического союза.
Сведения из справочника связаны со сведениями классификатора стран мира (приложение № 22 к Решению Комиссии Таможенного союза от 20 сентября 2010 г. № 378)

13

Ключевые слова

порт, морской порт, речной порт, внешняя торговля

14

Сфера, в которой реализуются полномочия органов Евразийского экономического союза

таможенное администрирование

15

Использование международной (межгосударственной, региональной) классификации

1 – справочник гармонизирован с "United Nations Code for Trade and Transport Locations" (далее – ЛОКОД ООН);
3 – метод использования части доверенного источника

16

Наличие государственных справочников (классификаторов)
государств – членов Евразийского экономического союза

2 – справочник не имеет аналогов
в государствах – членах Евразийского экономического союза

17

Метод систематизации (классификации)

1 – порядковый метод систематизации

18

Методика ведения

1 – централизованная процедура ведения.
Ведение справочника осуществляется в соответствии с Порядком ведения и применения справочника морских и речных портов стран мира согласно приложению

19

Структура

информация о структуре справочника (состав полей справочника, области их значений
и правила формирования) приведена в разделе II настоящего справочника

20

Степень конфиденциальности данных

сведения справочника относятся к информации открытого доступа

21

Установленная периодичность пересмотра

в соответствии с частотой обновления доверенного источника (ЛОКОД ООН)

22

Изменения

23

Ссылка на детализированные сведения из справочника (классификатора)

детализированные сведения из справочника публикуются на информационном портале Евразийского экономического союза

24

Способ представления сведений из справочника (классификатора)

опубликование на информационном портале Евразийского экономического союза

II. Описание структуры справочника

      1. Настоящий раздел определяет структуру и реквизитный состав справочника, в том числе области значений реквизитов и правила их формирования.

      2. Структура и реквизитный состав справочника приведены в таблице, в которой формируются следующие поля (графы):

      "область значения реквизита" – текст, поясняющий смысл (семантику) реквизита;

      "правила формирования значения реквизита" – текст, уточняющий назначение реквизита и определяющий правила его формирования (заполнения), или словесное описание возможных значений реквизита;

      "мн." – множественность реквизита (обязательность (опциональность) и количество возможных повторений реквизита).

      3. Для указания множественности реквизитов передаваемых данных используются следующие обозначения:

      1 – реквизит обязателен, повторения не допускаются;

      n –  реквизит обязателен, должен повторяться n раз (n > 1);

      1..* – реквизит обязателен, может повторяться без ограничений;

      n..* – реквизит обязателен, должен повторяться не менее n раз (n > 1);

      n..m – реквизит обязателен, должен повторяться не менее n раз и не более m раз (n > 1, m > n);

      0..1 – реквизит опционален, повторения не допускаются;

      0..* – реквизит опционален, может повторяться без ограничений;

      0..m – реквизит опционален, может повторяться не более m раз (m > 1).


  Таблица

Структура и реквизитный состав справочника

Наименование реквизита

Область значения реквизита

Правила формирования значения реквизита

Мн.

1. Сведения о морских и речных портах, имеющих отношение к внешней торговле

определяются областями значений вложенных реквизитов

определяются правилами формирования вложенных реквизитов

1..*


1.1. Код страны

строка символов в соответствии с шаблоном:
[A-Z]{2}

формируется в соответствии со стандартом ISO 3166-1 (за исключением кода XZ (пункты в международных водах или зонах международного сотрудничества – "installations in international waters or international cooperation zones"))

1


1.2. Наименование страны

строка символов.
Мин. длина: 1.
Макс. длина: 150

содержит наименование страны (территории) на английском языке

1


1.3. Сведения о порте

определяются областями значений вложенных реквизитов

определяются правилами формирования вложенных реквизитов

1



1.3.1. Код порта

строка символов в соответствии с шаблоном:
[A-Z]{2}[A-Z,2-9]{3}

содержит кодовое обозначение морского или речного порта, имеющего отношение к внешней торговле,
в котором первые 2 символа означают код страны (территории) в соответствии со стандартом ISO 3166-1
(за исключением кода XZ (пункты в международных водах или зонах международного сотрудничества – "installations in international waters or international cooperation zones"));
символы с 3-го по 5-й – обозначение пункта в пределах страны (территории), определенной в первых 2 символах

1



1.3.2. Наименование порта

строка символов.
Мин. длина: 1.
Макс. длина: 500

содержит наименование морского или речного порта, записанное буквами латинского алфавита

1



1.3.3. Альтернативные (устаревшие) наименования порта

строка символов.
Мин. длина: 1.
Макс. длина: 500

содержит наименования морского или речного порта, являющиеся альтернативными основному либо устаревшими (в результате переименования порта)

0..1



1.3.4. Статус порта

строка символов в соответствии с шаблоном:
[A-Z]{2}

содержит кодовое обозначение основания, по которому морской или речной порт внесен в состав ЛОКОД ООН. Может принимать следующие значения:
AA – утвержден компетентным национальным правительственным органом;
AC – утвержден таможенным органом;
AF – утвержден национальным органом по упрощению процедур торговли;
AI – кодовое обозначение, принятое международной организацией (ИАТА или ЭКЛАК);
AM – утвержден Агентством по ведению ЛОКОД ООН;
AS – утвержден национальным органом по стандартизации;
AQ – порт утвержден, функции не проверены;
RL – признанный порт (существование и представление наименования порта подтверждено проверкой по официально выбранному географическому справочнику или иному источнику);
RN – запрос от надежных национальных источников в отношении портов на территории страны;
RQ – запрос в стадии рассмотрения;
QQ – исходная запись без дальнейшей проверки;
UR – порт включен по запросу пользователей, официально не утвержден;
XX – порт будет исключен из следующего выпуска ЛОКОД ООН

1



1.3.5. Географические координаты порта

определяется областями значений вложенных реквизитов

определяется правилами формирования вложенных реквизитов

0..1




1.3.5.1. Географическая широта

обозначение географической широты в соответствии
с шаблоном: [0-9]{4}[NS]{1}

содержит обозначение географических координат порта,
где первые 2 цифры – градусы, вторые 2 цифры – минуты, N – северная широта, S – южная широта

1




1.3.5.2. Географическая долгота

обозначение географической долготы в соответствии
с шаблоном: [0-9]{5}[EW]{1}

содержит обозначение географических координат порта, где первые 3 цифры – градусы, вторые 2 цифры – минуты, E – восточная долгота, W – западная долгота

1



1.3.6. Характер изменений в записи

строка символов.
Длина: 1

содержит обозначение, определяющее характер изменений, планируемых или произведенных в записи справочника, а также особенности записи справочника. Может принимать следующие значения:
X – запись будет удалена в следующем выпуске ЛОКОД ООН;
"#" – изменения в наименовании порта;
"¦" – изменения в записи за исключением изменения
в наименовании порта;
"+" – запись добавлена в текущий выпуск ЛОКОД ООН;
"!" – сохраняется для определенных записей портов
на территории США ("контролируемое дублирование")

0..1


1.4. Сведения о записи справочника

определяются областями значений вложенных реквизитов

определяются правилами формирования вложенных реквизитов

1


1.4.1. Дата начала действия

дата в соответствии с ГОСТ ИСО 8601–2001 в формате YYYY-MM-DD

соответствует дате включения записи в справочник

1


1.4.2. Дата окончания действия

дата в соответствии с ГОСТ ИСО 8601–2001 в формате YYYY-MM-DD

соответствует дате исключения записи из справочника

0..1

 
  ПРИЛОЖЕНИЕ
к справочнику морских и
речных портов стран мира,
утвержденному
Решением Коллегии
Евразийской экономической
комиссии от 19 января 2021 г.
№ 7

ПОРЯДОК
ведения и применения справочника морских и речных портов стран мира

I. Общие положения

      1. Настоящий Порядок разработан в соответствии со следующими актами, входящими в право Евразийского экономического союза (далее – Союз):

      Договор о Евразийском экономическом союзе от 29 мая 2014 года (далее – Договор о Союзе);

      Решение Коллегии Евразийской экономической комиссии от 17 ноября 2015 г. № 155 "О единой системе нормативно-справочной информации Евразийского экономического союза";

      Решение Коллегии Евразийской экономической комиссии от 19 сентября 2017 г. № 121 "Об утверждении Методологии разработки, ведения и применения справочников и классификаторов, входящих в состав ресурсов единой системы нормативно-справочной информации Евразийского экономического союза".

II. Область применения

      2. Настоящий Порядок определяет правила ведения и применения справочника морских и речных портов стран мира (далее соответственно – справочник, морские и речные порты).

      3. Настоящий Порядок применяется Евразийской экономической комиссией (далее – Комиссия) при формировании и ведении справочника, уполномоченными органами государств – членов Союза, а также участниками внешнеэкономической деятельности, юридическими или физическими лицами, использующими в своей деятельности сведения о морских и речных портах и их кодовые обозначения из состава ЛОКОД ООН.

III. Основные понятия

      4. Для целей настоящего Порядка используются понятия, которые означают следующее:

      "ЛОКОД ООН" – международный классификатор портов и других пунктов Организации Объединенных Наций;

      "пользователи справочника" – уполномоченные органы государств – членов Союза, а также участники внешнеэкономической деятельности, юридические или физические лица, использующие
в своей деятельности сведения о морских и речных портах
и их кодовые обозначения из ЛОКОД ООН.

      Иные понятия, используемые в настоящем Порядке, применяются в значениях, определенных Договором о Союзе и актами органов Союза, касающимися вопросов формирования и развития единой системы нормативно-справочной информации Союза.

IV. Принципы формирования, ведения и применения справочника

      5. Формирование и ведение справочника осуществляется в целях кодирования и систематизации сведений о морских и речных портах стран мира.

      6. Справочник применяется для формирования в электронных документах (документах в электронном виде) в формализованном виде сведений о морских и речных портах в целях обеспечения возможности их автоматизированной обработки, в том числе в рамках предоставления предварительной информации о товарах, предполагаемых к ввозу на таможенную территорию Союза водным транспортом, в виде электронного документа (документа в электронном виде), структура которого утверждена Решением Коллегии Евразийской экономической комиссии от 28 ноября 2018 г. № 191 "О структуре и формате предварительной информации о товарах, предполагаемых к ввозу на таможенную территорию Евразийского экономического союза водным транспортом".

      7. Объектами систематизации являются морские и речные порты.

      8. Оператором справочника является Комиссия, осуществляющая формирование и ведение справочника.

      9. В качестве доверенного источника сведений для формирования справочника используется ЛОКОД ООН, гармонизация справочника осуществляется в соответствии с частотой обновления ЛОКОД ООН.

      10. Структура и система кодирования объектов систематизации справочника остаются неизменными относительно доверенного источника.

      11. Для целей кодирования объектов систематизации применяется 5-символьный код, имеющий следующую структуру:

      XXYYY, где:

      XX – буквенный код страны, согласно стандарту ИСО 3166-1 (исключение составляет код XZ, который в ЛОКОД ООН присваивается пунктам, расположенным в международных водах или зонах международного сотрудничества – "installations in international waters
or international cooperation zones");

      YYY – буквенно-цифровой код порта в пределах страны, указываемый заглавными буквами латинского алфавита и арабскими цифрами.

V. Ведение справочника

      1. Первичное наполнение справочника

      13. Основанием для первичного наполнения справочника является утверждение справочника решением Коллегии Комиссии.

      14. Первичное наполнение справочника выполняется однократно
до вступления в силу решения Коллегии Комиссии, утверждающего справочник.

      15. Оператор справочника копирует сведения о морских и речных портах из ЛОКОД ООН, размещенного на официальном сайте Европейской экономической комиссии ООН (http://www.unece.org/cefact/codesfortrade/codes_index.html), и формирует файл со сведениями для первичного наполнения справочника. Копирование сведений о морских и речных портах выполняется по признаку "1", указанному в столбце "Function" ЛОКОД ООН. Из формируемого файла со сведениями для первичного наполнения справочника исключаются записи, имеющие в столбце "Status" значение "RR" ("запрос отклонен"), а также столбцы, содержащие сведения о наименованиях морских и речных портов, сформированных с использованием диакритических знаков, и кодах единиц административно-территориального деления расположения морских и речных портов и примечания к ним.

      16. При формировании файла со сведениями для первичного наполнения справочника в реквизите "Дата начала действия" в составе реквизита "Сведения о записи справочника" проставляется дата, указанная в сведениях ЛОКОД ООН.

      17. Файл со сведениями для первичного наполнения справочника должен содержать актуальные на момент формирования справочника сведения о морских и речных портах.

      18. Комиссия обеспечивает опубликование справочника на информационном портале Союза до вступления в силу решения Коллегии Комиссии, утверждающего справочник.

      2. Внесение изменений в справочник

      19. Оператор справочника обеспечивает внесение изменений в сведения из справочника в соответствии с частотой обновления ЛОКОД ООН.

      20. При внесении изменений в сведения из справочника оператор справочника обеспечивает формирование файла, содержащего сведения для внесения изменений в справочник, в соответствии с правилами, определенными в пунктах 15 – 16 настоящего Порядка, на основе использования обновленной и предыдущей редакции ЛОКОД ООН с учетом дополнительных требований и правил, определенных в пунктах 21 – 28 настоящего Порядка.

      21. Файл со сведениями для внесения изменений в справочник должен содержать следующие виды сведений (при их наличии в ЛОКОД ООН):

      а) о вновь включаемых в обновленную редакцию ЛОКОД ООН записях с обозначением "+" в столбце "Change", содержащем сведения о характере изменений записи в обновленной редакции ЛОКОД ООН;

      б) об измененных в ЛОКОД ООН записях с обозначением "#", "¦" или "X" в столбце "Change", содержащем сведения о характере изменений записи в обновленной редакции ЛОКОД ООН;

      в) об исключенных из справочника записях с обозначением "X" в столбце "Change", содержащем сведения о характере изменений записи в предыдущей редакции ЛОКОД ООН.

      22. Файл со сведениями для внесения изменений в справочник может содержать несколько записей для различных видов сведений, указанных в пункте 21 настоящего Порядка.

      23. В файле со сведениями для внесения изменений в справочник состав реквизитов, их значения и порядок следования формируются в соответствии с требованиями к структуре и реквизитному составу справочника и правилами формирования значений реквизитов, приведенными в описании структуры справочника.

      24. При формировании сведений для включения в справочник для каждого вновь включаемого объекта систематизации создается одна запись в файле со сведениями для внесения изменений в справочник. Значение реквизита "Код порта" такой записи должно быть заполнено и не должно совпадать со значением "Код порта" существующих записей справочника.

      25. При формировании вновь включаемой в справочник записи реквизит "Дата начала действия" заполняется обязательно и содержит дату, указанную в обновленной редакции ЛОКОД ООН.

      26. При формировании сведений для изменения информации об объекте систематизации в файл со сведениями для внесения изменений в справочник включаются две записи. Первая запись должна содержать сведения о ранее включенной в справочник записи (далее – изменяемая запись), вторая запись должна содержать измененные сведения (далее – измененная запись).

      27. При формировании изменяемой записи должны соблюдаться следующие правила:

      а) значения всех реквизитов записи (за исключением реквизита "Дата окончания действия") должны соответствовать значениям реквизитов записи в предыдущей редакции ЛОКОД ООН;

      б) реквизит "Дата окончания действия" заполняется обязательно и содержит дату, указанную в обновленной редакции ЛОКОД ООН для измененной записи.

      28. При формировании измененной записи должны соблюдаться следующие правила:

      а) значения реквизитов измененной записи должны соответствовать значениям реквизитов записи в обновленной редакции ЛОКОД ООН. При этом в случае изменений в наименовании порта в измененной записи должен быть заполнен реквизит, содержащий сведения об устаревшем наименовании порта;

      б) значение реквизита "Дата начала действия" должно соответствовать значению реквизита "Дата окончания действия" изменяемой записи и содержать дату из состава измененных сведений об объекте систематизации из обновленной редакции ЛОКОД ООН.

      29. При формировании сведений об исключении из справочника объекта систематизации создается одна запись в файле со сведениями для внесения изменений в справочник, при формировании которой должны соблюдаться следующие правила:

      а) значения всех реквизитов записи (за исключением реквизита "Дата окончания действия") должны соответствовать значениям реквизитов записи в предыдущей редакции ЛОКОД ООН;

      б) реквизит "Дата окончания действия" заполняется обязательно и содержит дату публикации обновленной редакции ЛОКОД ООН.

      30. Комиссия обеспечивает обработку файла со сведениями для внесения изменений в справочник и включение измененных сведений в справочник, а также их опубликование на информационном портале Союза не позднее 3 рабочих дней с даты формирования изменений.

      31. Информирование пользователей справочника об изменениях, внесенных в справочник, осуществляется с использованием средств информационного портала Союза.