Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 105-бабының 5-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 12 мамырдағы № 63 шешімімен бекітілген жолаушыларға арналған кедендік декларацияның құрылымы мен форматына өзгерістер енгізілсін.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
|
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |
| Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2021 жылғы 12 қаңтардағы № 4 шешіміне ҚОСЫМША |
Жолаушыларға арналған кедендік декларацияның құрылымы мен форматына енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР
а) 9.1.3.1.5-позиция мынадай редакцияда жазылсын:
"*.1.5. Нетто салмағы | 4-гр. | O | 1 | егер "Нетто салмағы (csdo:UnifiedNetMassMeasure)" деректемесі толтырылса, онда "Нетто салмағы (csdo:UnifiedNetMassMeasure)" деректемесі нақты өткізілетін бастапқы қаптама ескеріліп, тауар салмағының килограммен мәнін қамтуға тиіс | |
1 | егер "Тауар саны (cacdo:GoodsMeasureDetails)" деректемесі толтырылмаса, онда "Нетто салмағы (csdo:UnifiedNetMassMeasure)" деректемесі толтырылуға тиіс"; |
б) 9.1.3.1.6-позиция мынадай редакцияда жазылсын:
"*.1.6. Тауар саны | 4-гр. | O | 1 | егер "Нетто салмағы (csdo:UnifiedNetMassMeasure)" деректемесі толтырылмаса, онда "Тауар саны (cacdo:GoodsMeasureDetails)" деректемесі толтырылуға тиіс"; |
в) 9.1.3.1.11-позиция мынадай редакцияда жазылсын:
"*.1.11. Құны | 4-гр. | М | 1 | "Құны (casdo:CAValueAmount)" деректемесі мүше мемлекеттің валютасымен, евромен немесе АҚШ долларымен тауар құнының мәнін қамтуға тиіс"; |
г) 9.1.3.2-позиция, 9.1.3.2-позицияның "а" және "б" тармақшалары, 9.1.3.3 және 9.1.3.3.1-позициялар, 9.1.3.3.1-позицияның "а" және "б" тармақшалары, 9.1.3.3.2 және 9.1.3.4-позициялар мен 9.1.3.4-позицияның "а" және "б" тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"*.2. Жалпы нетто салмағы | – | B | |||
а) өлшем бірлігі | – | B | |||
б) анықтамалықтың (сыныптауыштың) сәйкестендіргіші | – | B | |||
*.3. Тауар саны | – | B | |||
*.3.1. Өлшем бірлігі көрсетілген тауар саны | – | B | |||
а) өлшем бірлігі | – | B | |||
б) анықтамалықтың (сыныптауыштың) сәйкестендіргіші | – | B | |||
*.3.2. Өлшем бірлігінің шартты белгісі | – | B | |||
*.4. Қорытынды (жалпы) сомасы | – | B | |||
а) валюта коды | – | B | |||
б) анықтамалықтың (сыныптауыштың) сәйкестендіргіші | – | B". |