Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық өзара іс-қимыл туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 3 қосымша) 30-тармағына сәйкес және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 19 желтоқсандағы № 169 шешімін басшылыққа ала отырып, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 6 тамыздағы № 131 шешімімен бекітілген Ветеринариялық-санитариялық шараларды қолдануды ақпараттық қамтамасыз ету саласында жалпы процестерді іске асыру қағидаларына өзгерістер енгізілсін.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
|
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Төрағасының міндетін уақытша атқарушы |
В. Назаренко |
| Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 20 қазандағы № 126 шешіміне ҚОСЫМША |
Ветеринариялық-санитариялық шараларды қолдануды ақпараттық қамтамасыз ету саласында жалпы процестерді іске асыру қағидаларына енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР
1. 2-тармақ төртінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"аралық тасымалдау мемлекеті" –бақылауға жататын тауарлар аумағынан түсірілмей өткізілетін мүше мемлекет.".
2. 6-тармақтың "а" – "д" тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"а) межелі мемлекеттің және аралық тасымалдау мемлекетінің уәкілетті органдарына берілген ветеринариялық сертификаттар туралы мәліметтерді ұсыну;
б) межелі мемлекеттің уәкілетті органының, аралық тасымалдау мемлекетінің уәкілетті органының сұрауы бойынша ветеринариялық серификаттар туралы мәліметтерді ұсыну;
в) жөнелтілген орын мемлекетінің, межелі мемлекеттің және аралық тасымалдау мемлекетінің уәкілетті органдарына ветеринариялық тексеру және ветеринариялық сертификаттарды алып қою туралы мәліметтерді ұсыну;
г) жөнелтілген орын мемлекетінің және аралық тасымалдау мемлекетінің уәкілетті органдарына оларды өтеген кезде ветеринариялық сертификаттардың мәртебесі туралы мәліметтерді ұсыну;
д) жөнелтілген орын мемлекетінің, межелі мемлекеттің және аралық тасымалдау мемлекетінің уәкілетті органдарына бақылаудағы тауарларды тасымалдауды тоқтата тұратын жағдайлар туралы хабарлау;".
3. № 1 қосымша мынадай редакцияда жазылсын:
| "Ветеринариялық-санитариялық шараларды қолдануды ақпараттық қамтамасыз ету саласында жалпы процестерді іске асыру қағидаларына № 1 ҚОСЫМША |
Ветеринариялық-санитариялық шараларды қолдануды ақпараттық қамтамасыз ету саласында жалпы процестерді іске асыру кезіндегі ақпараттық өзара іс-қимылдың ФУНКЦИОНАЛДЫҚ СХЕМАЛАРЫ

1-сурет. Әкелуге (әкетуге, транзитке) рұқсаттардың дерекқорын жүргізу кезіндегі ақпараттық өзара іс-қимылдың функционалдық схемасы
1-сурет
Уведомляющий уполномоченный орган – Хабарлаушы уәкілетті орган
Уведомляемый уполномоченный орган – Хабарланатын уәкілетті орган
Уполномоченный орган – Уәкілетті орган
Евразийская экономическая комиссия – Еуразиялық экономикалық комиссия
Уведомление о выданном разрешении – Берілген рұқсат туралы хабарлама
Формирование и ведение национальной части базы данных разрешений – Рұқсаттар дерекқорының ұлттық бөлігін қалыптастыру және жүргізу
Представление сведений о разрешениях по запросу – Сұрау бойынша рұқсаттар туралы мәліметтерді ұсыну
Получение уведомления о выданном разрешении – Берілген рұқсат туралы хабарлама алу
Получение по запросу сведений о разрешениях – Сұрау бойынша рұқсаттар туралы мәліметтерді алу
Представление обобщенных сведений о разрешениях по запросу – Сұрау бойынша рұқсаттар туралы жинақталған мәліметтерді ұсыну
Получение по запросу обощенных сведений о разрешениях – Сұрау бойынша рұқсаттар туралы жинақталған мәліметтерді алу
Сведения о разрешениях – Рұқсаттар туралы мәліметтер
Национальная часть базы данных разрешений – Рұқсаттар дерекқорының ұлттық бөлігі

2-сурет. Ветеринариялық сертификаттар туралы мәліметтер алмасу кезіндегі ақпараттық өзара іс-қимылдың функционалдық схемасы".
2-сурет
Уполномоченный орган государства места отправления – Жөнелтілген орын мемлекетінің уәкілетті органы
Уполномоченный орган государства места назначения – Межелі мемлекеттің уәкілетті органы
Уполномоченный орган государства промежуточной транспортировки – Аралық тасымалдау мемлекетінің уәкілетті органы
Уведомляемый уполномоченный орган государства промежуточной транспортировки – Аралық тасымалдау мемлекетінің хабарлайтын уәкілетті органы
Евразийская экономическая комиссия – Еуразиялық экономикалық комиссия
Получение сведений о ветеринарном осмотре и изъятии ветеринарного сертификата – Ветеринариялық тексеру және ветеринариялық сертификатты алып қою туралы мәліметтерді алу
Представление сведений о ветеринарном осмотре и изъятии ветеринарного сертификата – Ветеринариялық тексеру және ветеринариялық сертификатты алып қою туралы мәліметтерді ұсыну
Получение сведений о статусе ветеринарных сертификатов при их погашении – Оларды өтеген кезде ветеринариялық сертификаттардың мәртебесі туралы мәліметтерді алу
Представление сведений о статусе ветеринарных сертификатов при их погашении – Оларды өтеген кезде ветеринариялық сертификаттардың мәртебесі туралы мәліметтерді ұсыну
Представление сведений о выданных ветеринарных сертификатах – Берілген ветеринариялық сертификаттар туралы мәліметтерді ұсыну
Получение сведений о выданных ветеринарных сертификатах – Берілген ветеринариялық сертификаттар туралы мәліметтерді алу
Формирование и ведение национального информационного ресурса – Ұлттық ақпараттық ресурсты қалыптастыру және жүргізу
Представление сведений о ветеринарных сертификатах по запросу – Сұрау бойынша ветеринариялық сертификаттар туралы мәліметтерді ұсыну
Получение по запросу сведений о ветеринарных сертификатах – Сұрау бойынша ветеринариялық сертификаттар туралы мәліметтерді алу
Представление обобщенных сведений о выданных ветеринарных сертификатах по запросу – Сұрау бойынша берілген ветеринариялық сертификаттар туралы жалпыланған мәліметтерді ұсыну
Получение по запросу обобщенных сведений о выданных ветеринарных сертификатах – Сұрау бойынша берілген ветеринариялық сертификаттар туралы жалпыланған мәліметтерді алу
Получение уведомления о случаях приостановления движения товаров – Тауарлар қозғалысын тоқтата тұру жағдайлары туралы хабарлама алу
Уведомление о случаях приостановления движения товаров – Тауарлар қозғалысын тоқтата тұру жағдайлары туралы хабарлама
Сведения о ветеринарных сертификатах – Ветеринариялық сертификаттар туралы мәліметтер
Сведения о случаях приостановления движения товаров – Тауарлар қозғалысын тоқтата тұру жағдайлары туралы мәліметтер
Национальный информационный ресурс – Ұлттық ақпараттық ресурс

