Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 11 маусымдағы "Өнеркәсіптік тауарды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер бірлесіп өндірген деп тану тәртібі туралы" № 93 шешімінің 3-тармағын іске асыру мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 11 маусымдағы № 93 шешімімен бекітілген Өнеркәсіптік тауарды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер бірлесіп өндірген деп тану тәртібінің (бұдан әрі – Тәртіп) 3-тармағының бірінші абзацының ережелері осы Шешім күшіне енген күннен бастап 2 жыл ішінде қазіргі бар түрінде қолданылады деп белгіленсін.
2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасымен бірлесіп жұмысты осы Шешімнің 1-тармағында белгіленген кезең аяқталғанға дейін Тәртіптің 3-тармағының бірінші абзацының ережелерін қазіргі бар не өзгертілген түрде қолдануды ұзарту қажеттігін айқындау бойынша ұйымдастыру сұралсын. Егер көрсетілген кезең өткенше оларды өзгертілген түрде қолдануды ұзарту қажеттігі айқындалмаса, бұл жағдайда Тәртіптің 3-тармағының бірінші абзацының ережелері қазіргі бар түрінде қолданылады.
3. Осы Шешім 2020 жылғы 14 шілдеден бастап, бірақ ерте дегенде ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
|
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |