2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 43 және 45-баптарына, Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің 16-тармағына (көрсетілген Шартқа № 1 қосымша), Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 1 қосымшаның 7 және 16-тармақтарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:
1. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 15 шілдедегі № 728 шешімімен бекітілген Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына тауарлардың жекелеген санаттарын әкелген кезде кедендік баждар төлеуден босатуды қолдану тәртібінің 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің теңіз кемелерінде, сондай-ақ заңды және (немесе) жеке тұлғалар жалға алған (жалдаған) кемелерде балық аулау кәсіпшілігі өнімдері мынадай құжаттарды:
кемеге меншік немесе жалдау құқығын растайтын құжатты;
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің балық аулау шаруашылығы және (немесе) теңіз биологиялық ресурстарын қорғау саласындағы уәкілетті органының теңізде кәсіпшілікті жүзеге асыруға (су биологиялық ресурстарын өндіруді (аулауды) жүзеге асыратын теңіздегі кәсіпшілік кемелерінің өнімдерін әкелген жағдайда) құқық беретін рұқсат құжатын ұсынған кезде кедендік әкелу бажынан босатылады.
Кедендік әкелу бажынан босату Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің теңіз кемелері, сондай-ақ заңды және (немесе) жеке тұлғалар жалға алған (жалдаған) кемелер өндірген (аулаған) су биологиялық ресурстарын аулауға, сондай-ақ көрсетілген кемелерде су биологиялық ресурстарынан өндірілген балық өнімдері мен өзге де өнімдерге қолданылады.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:
Армения |
Беларусь |
Қазақстан |
Қырғыз |
Ресей |
| М. Григорян | И. Петришенко | Ә. Смайылов | Ж. Разаков | А. Силуанов |
|---|