Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 22-бабының 1-тармағының бірінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Шикі резеңке қоспасын әзірлеуге арналған, мынадай компоненттерден (құрылғылар, агрегаттар, механизмдер):
каучукты және резеңке қоспасының сұйық ингредиенттерін сақтауға, дозалауға және беруге арналған жабдықтан;
резеңке қоспасының ұнтақ ингредиенттерін сақтауға, дозалауға және беруге арналған жабдықтан;
каучукты, резеңке қоспасының сұйық және ұнтақ тектес ингредиенттерін бастапқы араластыруға арналған жабық роторлық резеңке араластырғыштан;
резеңке қоспасының ингредиенттерін одан әрі араластыруға, оны қыздыруға, пластиктеуге және лента түріндегі нысанға келтіруге арналған деңгейлес ашық қос роторлы араластырғыштан (цилиндрлік роторлардан);
ленталық транспортерлерден тұратын технологиялық желі сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына Түсіндірмелердің 1-негізгі қағидасына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 8477 тауар позициясында сыныпталады.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
|
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |