Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентінің 120-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 17 сәуірдегі "Тауардың сыныптамасы туралы алдын ала шешімнің нысанын, оны толтыру және осындай алдын ала шешімге өзгерістер (толықтырулар) енгізу тәртібін бекіту туралы" № 58 шешімінің 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 120 күн өткен соң күшіне енеді.".
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.
|
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |