Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде техникалық реттеу туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 9 қосымша) 8-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 8-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 294 шешімімен бекітілген Кеден одағы шеңберінде міндетті талаптар белгіленген өнімдерді (тауарларды) Кеден одағының кедендік аумағына әкелу тәртібі туралы ереженің 2-тармағының "в" тармақшасын іске асыру мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қоса беріліп отырған Оған қатысты кедендік декларация беру Еуразиялық экономикалық одақтың "Табиғи минералды суды қоса алғанда, қапталған ауызсудың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (ЕАЭО ТР 044/2017) талаптарына сәйкестікті бағалау туралы құжатты немесе осындай құжат туралы мәліметтерді берумен қатар жүретін өнімдердің тізбесі бекітілсін.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 өткен соң күшіне енеді.
|
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |
| Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 10 мамырдағы № 75 шешімімен БЕКІТІЛГЕН |
Оған қатысты кедендік декларация беру Еуразиялық экономикалық одақтың "Табиғи минералды суды қоса алғанда, қапталған ауызсудың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (ЕАЭО ТР 044/2017) талаптарына сәйкестікті бағалау туралы құжатты немесе осындай құжат туралы мәліметтерді берумен қатар жүретін өнімдердің
ТІЗБЕСІ
Өнімнің атауы | ЕАЭО СЭҚ ТН коды | Сәйкестікті бағалау туралы құжат немесе осындай құжат туралы мәліметтер | Ескертпе | |
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. Асханалық табиғи минералды су | 2201 10-нан | сәйкестік туралы декларация | ||
2. Емдік-асханалық табиғи минералды су |
2201 10-нан | мемлекеттік тіркеу туралы куәлік немесе мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің бірыңғай тізілімінде мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер (мамандандырылған тамақ өнімдерінің бірыңғай тізілімінде мәліметтердің болуы*) | жеткілікті болып табылады және сәйкестік туралы декларация тапсыру талап етілмейді | |
3. Емдік табиғи минералды су | 2201 10-нан | мемлекеттік тіркеу туралы куәлік немесе мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің бірыңғай тізілімінде мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер (мамандандырылған тамақ өнімдерінің бірыңғай тізілімінде мәліметтердің болуы*) | жеткілікті болып табылады және сәйкестік туралы декларация тапсыру талап етілмейді | |
4. Купаждалған ауызсу | 2201 90 000 0-ден | сәйкестік туралы декларация | ||
5. Өңделген ауызсу | 2201 90 000 0-ден | сәйкестік туралы декларация | ||
6. Табиғи ауызсу | 2201 90 000 0-ден | сәйкестік туралы декларация | ||
7. Балалар тағамына арналған ауызсу | 2201 90 000 0-ден | мемлекеттік тіркеу туралы куәлік немесе мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің бірыңғай тізілімінде мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер (мамандандырылған тамақ өнімдерінің бірыңғай тізілімінде мәліметтердің болуы*) | жеткілікті болып табылады және сәйкестік туралы декларация тапсыру талап етілмейді | |
8. Жасанды минералдандырылған ауызсу | 2201 10 900 0-ден | сәйкестік туралы декларация | ||
_______________________
* мамандандырылған тамақ өнімнің бірыңғай тізілімін жүргізуге қатысты бөлікте Еуразиялық экономикалық одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесі қолданысқа енгізілген күннен бастап.
Ескертпе: |
1. Осы тізбені қолдану мақсаттары үшін өнімнің атауын да және ЕАЭО СЭҚ ТН кодын да пайдалану қажет. |