2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 42 және 45-баптарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына және Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) мынадай өзгерістер енгізілсін:
а) № 1 қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасынан кіші қосалқы позициялар алып тасталсын;
б) № 2 қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына кіші қосалқы позициялар енгізілсін;
в) № 3 қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу баждарының ставкалары белгіленсін;
г) Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне ескертпелер мынадай мазмұндағы 63С ескертпемен толықтырылсын:
"63С) Кедендік құнның 0 (нөл) % мөлшеріндегі кедендік әкелу бажының ставкасы Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 24 сәуірдегі № 59 шешімі күшіне енген күннен бастап қоса алғанда 2020 жылғы 30 маусымға дейін қолданылады".
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
|
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |
| Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 24 сәуірдегі № 59 шешіміне № 1 ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасынан алып тасталатын
КІШІ ҚОСАЛҚЫ ПОЗИЦИЯЛАР
СЭҚ ТН коды | Позицияның атауы | Қос.өлш.бірл. |
8607 19 900 0 | – – – арбалардың, жүретін теңгергіш арбалардың және соған ұқсас арбалардың бөлшектері | – |
8607 21 100 0 | – – – шойын құйма немесе болат құйма | – |
8607 21 900 0 | – – – өзгелер | – |
| Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 24 сәуірдегі № 59 шешіміне № 2 ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына енгізілетін
КІШІ ҚОСАЛҚЫ ПОЗИЦИЯЛАР
СЭҚ ТН коды | Позицияның атауы | Қос.өлш.бірл. | |
8607 19 900 | – – – арбалардың, жүретін теңгергіш арбалардың және соған ұқсас арбалардың бөлшектері: | ||
8607 19 900 1 | – – – – локомотивтік тартқышты екі қабатты жолаушылар вагондарының өндірісіне арналған орталық вертикальді гидравликалық амортизатор5) | – | |
8607 19 900 9 | – – – – өзгелері | – | |
8607 21 100 | – – – шойын құйма немесе болат құйма: | ||
8607 21 100 1 | – – – – локомотивтік тартқышты екі қабатты жолаушылар вагондарының өндірісіне арналған тежегіш құрылғылардың бөлшектері5) | – | |
8607 21 100 9 | – – – – өзгелері | – | |
8607 21 900 | – – – өзгелері: | ||
8607 21 900 1 | – – – – локомотивтік тартқышты екі қабатты жолаушылар вагондарының өндірісіне арналған тежеу магистралін басқару панелі, қысқышты механизм, тежегіштік контроллер, тежегіш жабдығының контейнері, тежегіш жапсырмасы, тайғанауға қарсы құрылғы5) | – | |
8607 21 900 9 | – – – – өзгелері | – | |
| Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 24 сәуірдегі № 59 шешіміне № 3 ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу баждарының
СТАВКАЛАРЫ
СЭҚ ТН коды | Позицияның атауы | Кедендік әкелу бажының ставкасы (кедендік құннан пайызбен не евромен, не АҚШ долларымен) |
8607 19 900 1 | – – – – локомотивтік тартқышты екі қабатты жолаушылар вагондарының өндірісіне арналған орталық вертикальді гидравликалық амортизатор5) | 563С) |
8607 19 900 9 | – – – – өзгелері | 5 |
8607 21 100 1 | – – – – локомотивтік тартқышты екі қабатты жолаушылар вагондарының өндірісіне арналған тежегіш құрылғылардың бөлшектері5) | 563С) |
8607 21 100 9 | – – – – өзгелері | 5 |
8607 21 900 1 | – – – – локомотивтік тартқышты екі қабатты жолаушылар вагондарының өндірісіне арналған тежеу магистралін басқару панелі, қысқышты механизм, тежегіштік контроллер, тежегіш жабдығының контейнері, тежегіш жапсырмасы, тайғанауға қарсы құрылғы5) | 563С) |
8607 21 900 9 | – – – – өзгелері | 5 |