Кеден одағы Кеден кодексінің 52-бабының 7-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Мынадай:
металл табақтардан, қатайту қабырғаларынан, есіктерден, люктардан, тығыздауыштардан және байланыстыру элементтерінен құралған цилиндрлік корпус;
металл табақтардан, балкалардан, тығыздауыштар мен байланыстыру элементтерінен дайындалған, жүк тиеу және бақылау тесіктері бар конус пішінді шатыр;
бекіту элементтері мен температураны өлшеу датчиктері (термоаспалар) бар кабельдерді, жылытуды бақылау аспаптарын қоса алғанда температураны бақылау жүйесі;
түсіру жүйесі (айналмалы тазарту иірмесі);
вентиляторларды және беткі қабаты ойылған гальванизацияланған табақтарды қоса алғанда, желдету (аэрация) жүйесі компоненттерінен тұратын, дәнді және майлы дақылдарды сақтауға, сондай-ақ ауыстырып тиеуге арналған, механикалық және жылу-техникалық жабдықпен жабдықталған металл сүрлем Сыртқы экономикалық қызметтің Тауар номенклатурасына Түсіндірмелердің 1 және 6-қағидаларына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 8479 89 қосалқы позициясында сыныпталады.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
|
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |