2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 42 және 45-баптарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына және Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) мынадай өзгерістер енгізілсін:
а) № 1 қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасынан қосалқы позиция алып тасталсын;
б) № 2 қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына позициялар енгізілсін;
в) № 3 қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу баждарының ставкалары белгіленсін.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
|
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |
| Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 36 шешіміне № 1 ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің
Бірыңғай тауар номенклатурасынан алып тасталатын
ҚОСАЛҚЫ ПОЗИЦИЯ
СЭҚ ТН | Позицияның атауы | Қосымша өлшем бірлігі | |
8474 31 000 0 | – – бетон араластырғыштар немесе ерітінді араластырғыштар | дана |
| Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 36 шешіміне № 2 ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің
Бірыңғай тауар номенклатурасына енгізілетін
ПОЗИЦИЯЛАР
СЭҚ ТН | Позицияның атауы | Қосымша өлшем бірлігі | |
8474 31 000 | – – бетон араластырғыштар немесе ерітінді араластырғыштар: | ||
8474 31 000 1 | – – – ауыспалы токтың 220 В қорек кернеуі бар электр қозғалтқышпен жабдықталған жүктеу бойынша 200 л аспайтын көлеммен | дана | |
8474 31 000 9 | – – – өзгелері | дана |
| Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 36 шешіміне № 3 ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің
кедендік әкелу баждарының
СТАВКАЛАРЫ
СЭҚ ТН | Позицияның атауы |
Кедендік әкелу баждарының ставкасы | |
8474 31 000 1 | – – – ауыспалы токтың 220 В қорек кернеуі бар электр қозғалтқышпен жабдықталған жүктеу бойынша 200 л аспайтын көлеммен | 0 | |
8474 31 000 9 | – – – өзгелері | 0 |