2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 42 және 45-баптарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссияның Алқасы шешті:
1. Қосымшаға сәйкес ауыл шаруашылығы тауарларының жекелеген түрлеріне қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) кедендік әкелу баждарының мөлшерлемелері белгіленсін.
2. Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) ескертпелер мынадай мазмұндағы 68С – 70С ескертпелермен толықтырылсын:
"68С) Кедендік құнның 5 %-ы мөлшеріндегі кедендік әкелу бажының мөлшерлемесі Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 22 наурыздағы № 25 шешімі күшіне енген күннен бастап 2017 жылғы 31 мамырды қоса алғандағы аралықта қолданылады.
69С) Кедендік құнның 5 %-ы мөлшеріндегі кедендік әкелу бажының мөлшерлемесі Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 22 наурыздағы № 25 шешімі күшіне енген күннен бастап 2019 жылғы 31 мамырды қоса алғандағы аралықта қолданылады.
70С) Кедендік құнның 0 (нөл) %-ы мөлшеріндегі кедендік әкелу бажының мөлшерлемесі Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 22 наурыздағы № 25 шешімі күшіне енген күннен бастап 2019 жылғы 31 мамырды қоса алғандағы аралықта қолданылады".
3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
|
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |
| Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 22 наурыздағы № 25 шешіміне ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік
әкелу баждарының МӨЛШЕРЛЕМЕЛЕРІ
СЭҚ ТН коды | Позиция атауы | Кедендік әкелу бажының ставкасы (кедендік құннан пайызбен, не евромен, не АҚШ долларымен) |
0704 10 000 0 | – түрлі-түсті қырыққабат және брокколи | 1168С) |
0704 20 000 0 | – брюссель қырыққабаты | 1369С) |
0802 51 000 0 | – – қабықтағы | 570С) |
0802 52 000 0 | – – қабығынан тазартылған | 570С) |
0804 10 000 0 | – құрма | 570С) |
0806 20 100 0 | – – коринка | 570С) |
0806 20 300 0 | – – султана | 570С) |
0806 20 900 0 | – – басқалары | 570С) |