Кеден одағы Кеден кодексінің 52-бабы 7-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Экскаватордың қозғалтқышы мен радиаторы арасында айналатын сұйықтықты артық жылуды ауаға шығару арқылы салқындату үшін экскаваторда пайдалануға арналған алюминий радиатор 1 және 6 сыртқы экономикалық қызметтің Тауар номенклатурасын түсіндірудің негізгі қағидаларына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 8431 49 800 9 кіші қосалқы позициясына сыныпталады (экскаваторға арналған алюминий радиатор суретінің мысалы қосымшада келтірілген).
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
|
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
В. Христенко |
| Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 5 мамырдағы № 41 шешіміне ҚОСЫМША |
Экскаваторға арналған алюминий радиатор суретінің МЫСАЛЫ

