2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 42 және 45-баптарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай Тауар номенклатурасына және Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) мынадай өзгерістер енгізілсін:
а) Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай Тауар номенклатурасынан №1 қосымшаға сәйкес қосалқы позиция алып тасталсын;
б) Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай Тауар номенклатурасына №2 қосымшаға сәйкес қосалқы позициялар енгізілсін;
в) Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу баждарының мөлшерлемелері № 3 қосымшаға сәйкес белгіленсін;
г) Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай Тауар номенклатурасына ескертулердегі"Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің атқарушы билігінің мемлекеттік саясатты әзірлеу және өнеркәсіп саласындағы нормативтік-құқықтық реттеу жөніндегі функцияны жүзеге асыратын уәкілетті орган" кестедегі "Беларусь Республикасы" деген позиция (екінші бағандағы) "; әкелінетін тауардың нысаналы мақсатын растауға Беларусь Республикасының Министрлер Кеңесі уәкілеттік берген орган (ұйым), - өнеркәсіптің өзге салаларында" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
| 
      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы  | 
В.Христенко | 
| Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 33 шешіміне №1 ҚОСЫМША  | 
Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай Тауар номенклатурасынан алып тасталатын ҚОСАЛҚЫ ПОЗИЦИЯ
   | 
   | 
   | 
3824 90 970 9  | - - - - - өзгелері  | -  | 
| Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 33 шешіміне №2 ҚОСЫМША  | 
Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай Тауар номенклатурасына енгізілетін ҚОСАЛҚЫ ПОЗИЦИЯЛАР
   | 
   | 
   | 
3824 90 970 2  | - - - - - қуат конденсаторларын өндіруге арналған сіңіргіш сұйықтық 5)  | -  | 
3824 90 970 8  | - - - - - өзгелері  | -  | 
| Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 33 шешіміне № 3 ҚОСЫМША  | 
Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу баждарының МӨЛШЕРЛЕМЕЛЕРІ
СЭҚ ТН коды  | Позиция атауы  | Кедендік әкелу бажының мөлшерлемесі (кедендік құнның пайыздарымен не евромен не АҚШ долларымен  | 
3824 90 970 2  | - - - - - қуат конденсаторларын өндіруге арналған сіңіргіш сұйықтық 5)  | 0  | 
3824 90 970 8  | - - - - - өзгелері  | 5  |