2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 42 және 45-баптарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Осы Шешім күшіне енген күннен бастап 2017 жылғы 31 желтоқсанды қоса алған аралықта ЕАЭО СЭҚ ТН 3823 70 000 0 кодымен жіктелетін өнеркәсіптік майлы спирттерге қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) кедендік әкелу бажының мөлшерлемесі кедендік құнның 0 пайызы мөлшерінде белгіленсін.
2. Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) мынадай өзгерістер енгізілсін:
а) төртінші бағандағы ЕАЭО СЭҚ ТН3823 70 000 0 коды бар позиция "39С)" ескертуіне сілтемемен толықтырылсын.
б) Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне ескерту мынадай мазмұндағы 39С ескертуімен толықтырылсын:
"39С) Кедендік әкелу бажының кедендік құнның 0 (нөл) % мөлшеріндегі мөлшерлемесі Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 10 наурыздағы № 17 шешімі күшіне енген күннен бастап 2017 жылғы 31 желтоқсанды қоса алған аралықта қолданылады.".
3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
|
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
В.Христенко |