Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының Су кодексінің 26-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес, Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Батыс Қазақстан облысында ауыз суды өрт сөндіруге пайдалану кезіндегі шығындарын сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйымдарға өтеуге жұмсалатын жергілікті атқарушы органдардың шығыстары осы шешімінің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Мәслихат төрағасының міндетін атқарушы | Е. Салықов |
| Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2026 жылғы 28 қаңтардағы № 23-5 шешіміне қосымша |
Батыс Қазақстан облысында ауыз суды өрт сөндіруге пайдалану кезіндегі шығындарын сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйымдарға өтеуге жұмсалатын жергілікті атқарушы органдардың шығыстары
1. Өртті сөндіру барысында мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері пайдаланған ауыз су үшін шығындары сумен жабдықтау және (немесе) су бұру ұйымдарына Батыс Қазақстан облысының облыстық бюджетінен өтеледі.
2. Өтемақы келесі жағдайларда пайдаланылған ауыз суға байланысты шығындарды қамтиды:
өрт сөндіруге арналған гидранттармен жабдықталған сыртқы су құбыры желілері арқылы;
сумен жабдықтау және (немесе) су бұру ұйымдарының балансындағы жасанды су көздері (резервуарлар) арқылы, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 17 тамыздағы № 405 "Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген "Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар" техникалық регламентінің (бұдан әрі – Техникалық регламент) 52-тармағына сәйкес.
3. Шығындар өтемақысы міндетті түрде жүзеге асырылады және:
пайдаланылған ауыз су көлеміне;
өрт сөндіру жүргізілген аумақ бойынша белгіленген сумен жабдықтау тарифіне сәйкес есептеледі.
4. Пайдаланылған ауыз су көлемі Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік өртке қарсы қызмет органынан уәкілетті сумен жабдықтау органына ұсынылатын хабарлама негізінде айқындалады. Хабарламада төмендегі мәліметтер көрсетілуі мүмкін:
бір мезгілде орын алған өрттер саны (Техникалық регламенттің 3-қосымшасына сәйкес);
резервуарлардан сыртқы өртке қарсы сумен жабдықтау қолданылғаны туралы ақпарат;
тұрғын және қоғамдық ғимараттар бойынша — Техникалық регламенттің 4-қосымшасына сәйкес (өрт қауіпсіздігі класы, қабат саны, көлем және тағы басқа);
өндірістік және қоймалық бір-екі қабатты ғимараттар бойынша — Техникалық ресгламенттің 5-қосымшасына сәйкес (өртке төзімділік дәрежесі, жарылыс-өрт және өрт қауіптілік бойынша құрылыстар санаты, өрт аумағының ені, көлемі және тағы басқа);
пайдаланылған гидранттар мен (немесе) резервуарлар саны;
есептеулер үшін қажетті өзге де мәліметтер.
5. Топтық су құбыры арқылы өртке қарсы су көлемін қалпына келтіруге жұмсалатын су шығыны Техникалық регламентте белгіленген нормаларға сәйкес айқындалады.
6. Уәкілетті сумен жабдықтау органы хабарламалар негізінде өтемақы сомасын есептейді және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті бюджет өтінімін қалыптастырады.