Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының "Ғ. Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық академиялық филармониясы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларына ынталандырушы үстемақылар белгілеу тәртібі мен шарттарын іске асыру қағидаларын бекіту туралы

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2026 жылғы 19 маусымдағы № 147 қаулысы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 "Азаматтық қызметшілердің, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесі туралы" қаулысының 5-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес "Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының Ғ. Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық академиялық филармониясы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларына ынталандырушы үстемақылар белгілеу тәртібі мен шарттарын іске асыру қағидалары бекітілсін.

      2. "Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулының Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Н. Төреғалиев

  Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің 2026 жылғы
"19" маусымдағы № "147"
қаулысына қосымша

"Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының Ғ. Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық академиялық филармониясы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақыларды белгілеу тәртібі мен шарттары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының "Ғ.Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық академиялық филармониясы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – Кәсіпорын) қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақыларды белгілеу тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысымен бекітілген "Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің еңбекақы төлеу жүйесі туралы" қаулысының 5-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес әзірленді.

      2. Осы Тәртіп Кәсіпорын қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақыларды белгілеудің мақсаттарын, шарттарын, қаржыландыру көздерін, сондай-ақ оларды белгілеу, қайта қарау және тоқтату тетігін айқындайды.

      3. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 1-бабы 1-тармағының 37) тармақшасына сәйкес еңбекақы – қызметкердің біліктілігіне, орындалатын жұмыстың күрделілігіне, санына, сапасына және жағдайларына байланысты еңбегі үшін берілетін сыйақы, сондай-ақ өтемақылық және ынталандырушы төлемдерді қамтиды.

      4. Мемлекеттік басқару органы – Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы, ол Кәсіпорынның жарғысына сәйкес құрылтайшы және уәкілетті органның функцияларын жүзеге асырады.

      5. Ынталандырушы үстемеақыларды төлеуге арналған бюджет қаражаты тиісті қаржы жылына арналған Кәсіпорынды қаржыландыру жоспарында бекітілген бюджет қаражаты шегінде көзделеді.

2-тарау. Ынталандырушы үстемеақыларды белгілеудің мақсаттары мен шарттары

      6. Ынталандырушы үстемеақылар мынадай мақсаттарда белгіленеді:

      Шығармашылық персонал үшін:

      - концерттік бағдарламалар мен қойылымдардың санын арттыру;

      - репетициялардың ұзақтығы мен қарқындылығын ұлғайту;

      - күрделі репертуарды меңгеру;

      - протоколдық және имидждік сипаттағы қосымша іс-шараларға қатысу;

      - көркемдік орындау деңгейі үшін жеке жауапкершілікті арттыру.

      Әкімшілік-басқару персоналы үшін:

      - академиялық деңгейдегі іс-шараларды жоспарлау және үйлестіру;

      - гастрольдік және жобалық қызметті сүйемелдеу;

      - кеңейтілген есептілікті дайындау және жүргізу;

      - мемлекеттік органдармен және сыртқы әріптестермен өзара іс-қимыл жасау;

      - ұйымдастырушылық және қаржылық талаптардың жоғары деңгейде сақталуын қамтамасыз ету.

      Техникалық және қосалқы персонал үшін:

      - күрделендірілген сахналық, акустикалық және техникалық талаптары бар іс-шараларға қызмет көрсету;

      - монтаждау және демонтаждау жұмыстары көлемінің артуы;

      - іс-шараларды дайындау және өткізу кезеңдерінде нормаланбаған жүктеме жағдайында жұмыс істеу;

      - жабдықтардың жоғары қарқынмен пайдаланылуы кезінде үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету.

      7. Ынталандырушы үстемеақылар қосымша төлемдер болып табылады және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген сыйлықақыларды, лауазымдарды қоса атқарғаны үшін, қызмет көрсету аймағын кеңейткені үшін, үстеме жұмысқа, түнгі уақыттағы жұмысқа және өзге де төлемдерді алмастырмайды.

      8. Ынталандырушы үстемеақыларды белгілеу бұрын белгіленген төлемдердің күшін жоймайды және жұмыс берушінің қызметкерлерді материалдық ынталандырудың өзге де нысандарын қолдану құқығын шектемейді.

      9. Ынталандырушы үстемеақылар бюджет қаражаты болған жағдайда күнтізбелік жыл ішінде ай сайын төленеді.

      10. Ынталандырушы үстемеақылардың мөлшері:

      - бюджеттің орындалуына;

      - еңбекақы қорының талдауына;

      - Кәсіпорын қызметінің нәтижелеріне;

      - Қазақстан Республикасы заңнамасының өзгерістеріне байланысты жыл сайын немесе қаржы жылы ішінде қайта қаралуы мүмкін.

      11. Ынталандырушы үстемеақыларды қаржыландыру көзі жергілікті бюджет қаражаты болып табылады.

3-тарау. Қызметкерлер санаттары және ынталандырушы үстемеақылардың мөлшері

      12. Ынталандырушы үстемеақылар Кәсіпорынның мынадай қызметкерлеріне белгіленуі мүмкін:

      - шығармашылық персоналға;

      - әкімшілік-басқару персоналына;

      - техникалық және қосалқы персоналға;

      - Кәсіпорын басшысының орынбасарына;

      - Кәсіпорын басшысына.

      13. Ынталандырушы үстемеақылар лауазымдық айлықақыға пайыздық мөлшерде белгіленеді және персонал санатына, атқаратын функциялардың күрделілігіне, біліктілігіне және жұмыс нәтижелеріне байланысты саралануы мүмкін.

      14. Ынталандырушы үстемеақылардың шекті мөлшері Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және уәкілетті органның шешімдеріне сәйкес айқындалады.

4-тарау. Ынталандырушы үстемеақыларды белгілеу және төлеу тәртібі

      15. Кәсіпорын басшысы ынталандырушы үстемеақылардың мөлшерін негіздей отырып, бюджет қаражатына қажеттіліктің есептерімен бірге мемлекеттік басқару органына дәлелді ұсыныс енгізеді.

      16. Мемлекеттік басқару органы ұсынылған материалдар негізінде бюджеттік өтінімді қалыптастырады және оны мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға жолдайды.

      17. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган бюджеттік заңнама талаптарына сәйкес жергілікті бюджеттің жобасында қажетті қаражатты көздеп, оны Батыс Қазақстан облысының мәслихатының қарауына енгізеді.

      18. Бюджет бекітілгеннен және ынталандырушы үстемеақылардың мөлшері айқындалғаннан кейін Кәсіпорын басшысы нақты қызметкерлерге төленетін ынталандырушы үстемеақылардың мөлшері мен төлеу мерзімін көрсете отырып, бұйрық шығарады.

5-тарау. Ынталандырушы үстемеақыларды төлеуді тоқтата тұру және тоқтату негіздері

      19. Ынталандырушы үстемеақыларды төлеу Кәсіпорын басшысының бұйрығымен мынадай жағдайларда тоқтатыла тұрады немесе тоқтатылады:

      - тәртіптік жаза қолданылған кезеңде;

      - еңбек және (немесе) атқарушылық тәртіпті бұзу кезінде;

      - жүктелген міндеттердің орындалмауына әкеп соққан жұмыс көрсеткіштері төмендеген жағдайда;

      - бюджет қаражаты болмаған кезде.

      20. Ынталандырушы үстемеақылар:

      - қызметкердің сынақ мерзімі кезеңінде;

      - еңбекақы сақталмайтын демалыста болған кезеңде төленбейді.

6-тарау. Қорытынды ережелер

      21. Осы Тәртіп бекітілген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      22. Осы Тәртіппен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының еңбек және бюджеттік заңнамасына сәйкес шешіледі.

Об утверждении Правил реализации порядка и условий установления стимулирующих надбавок к должностным окладам работников государственного коммунального казенного предприятия "Западно-Казахстанская областная академическая филармония имени Г. Курмангалиева Управления культуры, развития языков и архивного дела акимата Западно-Казахстанской области"

Постановление акимата Западно-Казахстанской области от 19 июня 2026 года № 147

      Примечание ИЗПИ!
      Настоящее постановление вводится в действие с 01.07.2026.

      Руководствуясь Законом Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", в соответствии с подпунктом 3) пункта 5 постановления Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2015 года N 1193 "О системе оплаты труда гражданских служащих, работников казенных предприятий", акимат Западно-Казахстанской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить согласно приложению к настоящему постановлению порядок и условия установления стимулирующих надбавок к должностным окладам работников государственного коммунального казенного предприятия "Западно-Казахстанская областная академическая филармония имени Г. Курмангалиева Управления культуры, развития языков и архивного дела акимата Западно-Казахстанской области".

      2. Государственному учреждению "Аппарат акима Западно-Казахстанской области" обеспечить официальное опубликование в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима области.

      4. Настоящее постановление вводится в действие с 1 июля 2026 года

      Аким области Н. Турегалиев

  Приложение к постановлению
акимата Западно-Казахстанской
области № 147 от "19" июня
2026 года

Порядок и условия установления стимулирующих надбавок к должностным окладам работников коммунального государственного казенного предприятия "Западно-Казахстанская областная академическая филармония имени Г. Курмангалиева" управления культуры, развития языков и архивного дела акимата Западно-Казахстанской области

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящий Порядок и условия установления стимулирующих надбавок к должностным окладам работников коммунального государственного казенного предприятия "Западно-Казахстанская областная академическая филармония имени Г. Курмангалиева" управления культуры, развития языков и архивного дела акимата Западно-Казахстанской области (далее – Предприятие) разработаны в соответствии с подпунктом 3) пункта 5 постановления Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2015 года № 1193 "О системе оплаты труда гражданских служащих, работников организаций, содержащихся за счет средств государственного бюджета, работников казенных предприятий", Трудовым кодексом Республики Казахстан и иными нормативными правовыми актами Республики Казахстан.

      2. Настоящий Порядок определяет цели, условия, источники финансирования и механизм установления, пересмотра и прекращения выплаты стимулирующих надбавок к должностным окладам работников Предприятия.

      3. В соответствии с подпунктом 37) пункта 1 статьи 1 Трудового кодекса Республики Казахстан заработная плата представляет собой вознаграждение за труд в зависимости от квалификации работника, сложности, количества, качества и условий выполняемой работы, а также включает компенсационные и стимулирующие выплаты.

      4. Орган государственного управления – управление культуры, развития языков и архивного дела акимата Западно-Казахстанской области, осуществляющее функции учредителя и уполномоченного органа в отношении Предприятия в соответствии с его уставом.

      5. Бюджетные средства на выплату стимулирующих надбавок предусматриваются в плане финансирования Предприятия на соответствующий финансовый год в пределах утвержденных бюджетных ассигнований.

Глава 2. Цели и условия установления стимулирующих надбавок

      6. Стимулирующие надбавки устанавливаются в целях:

      Творческий персонал:

      -увеличение количества концертных программ и выступлений;

      -рост продолжительности и интенсивности репетиций;

      -освоение более сложного репертуара;

      -участие в дополнительных мероприятиях протокольного и имиджевого характера;

      -повышение персональной ответственности за уровень художественного исполнения.

      Административно-управленческий персонал:

      -планирование и координация мероприятий академического уровня;

      -сопровождение гастрольной и проектной деятельности;

      - подготовка и ведение расширенной отчетности;

      - взаимодействие с государственными органами и внешними партнерами;

      -обеспечение соблюдения повышенных организационных и финансовых требований.

      Технический и вспомогательный персонал:

      -обслуживание мероприятий с усложненными сценическими, акустическими и техническими требованиями;

      -увеличение объемов монтажных и демонтажных работ;

      -работа в условиях ненормированной нагрузки в периоды подготовки и проведения мероприятий;

      -обеспечение бесперебойного функционирования оборудования при повышенной интенсивности эксплуатации.

      7. Стимулирующие надбавки являются дополнительными выплатами и не заменяют собой иные виды выплат стимулирующего и компенсационного характера, предусмотренные трудовым законодательством Республики Казахстан, включая премии, доплаты за совмещение должностей, расширение зоны обслуживания, работу в сверхурочное время, в ночное время и иные выплаты.

      8. Установление стимулирующих надбавок не влечет отмену ранее установленных выплат и не ограничивает право работодателя на применение иных форм материального стимулирования работников.

      9. Выплата стимулирующих надбавок осуществляется ежемесячно в течение календарного года при наличии бюджетных средств.

      10. Размеры стимулирующих надбавок могут пересматриваться ежегодно либо в течение финансового года с учетом:

      - исполнения бюджета;

      - анализа фонда оплаты труда;

      - результатов деятельности Предприятия;

      - изменений законодательства Республики Казахстан.

      11. Источником финансирования стимулирующих надбавок являются средства местного бюджета.

Глава 3. Категории работников и размеры стимулирующих надбавок

      12. Стимулирующие надбавки могут устанавливаться следующим категориям работников Предприятия:

      - творческому персоналу;

      - административно-управленческому персоналу;

      - техническому и вспомогательному персоналу;

      - заместителю руководителя Предприятия;

      - руководителю Предприятия.

      13. Стимулирующие надбавки устанавливаются в процентах к должностному окладу и могут дифференцироваться в зависимости от категории персонала, сложности выполняемых функций, квалификации и результатов работы.

      14. Предельный размер стимулирующей надбавки не должен превышать размеры, установленные действующим законодательством Республики Казахстан и решениями уполномоченного органа.

Глава 4. Порядок установления и выплаты стимулирующих надбавок

      15. Руководитель Предприятия вносит в орган государственного управления мотивированное представление с расчетами потребности в бюджетных средствах и обоснованием размеров стимулирующих надбавок.

      16. Орган государственного управления на основании представленных материалов формирует бюджетную заявку и направляет ее в местный уполномоченный орган по государственному планированию.

      17. Местный уполномоченный орган по государственному планированию в установленном бюджетным законодательством порядке предусматривает необходимые средства в проекте местного бюджета и вносит его на рассмотрение маслихата Западно-Казахстанской области.

      18. После утверждения бюджета и установления размеров стимулирующих надбавок руководитель Предприятия издает приказ о выплате стимулирующих надбавок конкретным работникам с указанием размеров и срока выплаты.

Глава 5. Основания для приостановления и прекращения выплаты стимулирующих надбавок

      19. Выплата стимулирующей надбавки приостанавливается или прекращается приказом руководителя Предприятия:

      - на период действия дисциплинарного взыскания;

      - при нарушении трудовой и (или) исполнительской дисциплины;

      - при ухудшении показателей работы, повлекшем невыполнение возложенных обязанностей;

      - в случае отсутствия бюджетных средств.

      20. Стимулирующие надбавки не выплачиваются:

      - в период прохождения работником испытательного срока;

      - в период нахождения работника в отпуске без сохранения заработной платы.

Глава 6. Заключительные положения

      21. Настоящий Порядок вводится в действие со дня его утверждения.

      22. Вопросы, не урегулированные настоящим Порядком, разрешаются в соответствии с трудовым и бюджетным законодательством Республики Казахстан.