Қазақстан Республикасының "Өсімдіктер карантині туралы", "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының 2026 жылғы 16 ақпандағы № 9.2-13/153 ұсынуы негізінде Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес Батыс Қазақстан облысының аумағында карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақ белгіленсін.
2. Осы қаулының 4-қосымшасына сәйкес Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
3. "Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулының Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілері эталондық бақылау банкінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Облыс әкімі | Н. Төреғалиев |
| Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2026 жылғы "__" ___________ № __ қаулысына 1-қосымша |
Карантиндік арамшөп – жатаған (қызғылт) укекіре (Acroptilon repens D.C.) бойынша залалданған алаңдардың көлемінде Батыс Қазақстан облысы аумағында карантиндік режим енгізілген карантиндік аймақ
№ | Ауданның (қаланың) атауы | Залалдану алаңы (гектар) | Ошақ алаңы (гектар) |
1 | Ақжайық | 2543,6 | 117 |
2 | Бәйтерек | 27002 | 270,8 |
3 | Бөрлі | 5900 | 34,78 |
4 | Жәнібек | 305 | 15 |
5 | Казталов | 41 | 20 |
6 | Сырым | 9226 | 160,33 |
7 | Тасқала | 7002 | 33,03 |
8 | Теректі | 47807,1 | 231,31 |
9 | Шыңғырлау | 1587,4 | 26,11 |
10 | Орал қаласы | 8264,7 | 40,6 |
Облыс бойынша | 109678,8 | 948,96 |
| Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2026 жылғы "__" ___________№ __ қаулысына 2-қосымша |
Карантиндік арамшөп – көпжылдық ойраншөп (Ambrosia psilostachya (D.C.)) бойынша залалданған алаңдардың көлемінде Батыс Қазақстан облысы аумағында карантиндік режим енгізілген карантиндік аймақ
№ | Ауданның атауы | Залалдану алаңы (гектар) | Ошақ алаңы (гектар) |
1 | Бәйтерек | 107 | 61,5 |
Облыс бойынша | 107 | 61,5 |
| Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2026 жылғы "__" ___________№ __ қаулысына 3-қосымша |
Карантиндік арамшөп – арам сояу (Cuscuta sp.sp) бойынша залалданған алаңдардың көлемінде Батыс Қазақстан облысы аумағында карантиндік режим енгізілген карантиндік аймақ
№ | Ауданның (қаланың) атауы | Залалдану алаңы (гектар) | Ошақ алаңы (гектар) |
1 | Бәйтерек | 3 | 0,01 |
2 | Бөрлі | 724 | 31,59 |
3 | Сырым | 75 | 0,0033 |
4 | Теректі | 325 | 0,465 |
5 | Шыңғырлау | 152 | 0,12 |
6 | Орал қаласы | 119,1 | 1,1059 |
Облыс бойынша | 1398,1 | 33,2942 |
| Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2026 жылғы "__" ___________№ __ қаулысына 4-қосымша |
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізімі
1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 12 маусымдағы № 131 "Карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 183002 болып тіркелді);
2. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2024 жылғы 16 ақпандағы № 39 "Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 13 маусымдағы № 131 "Карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 193552 болып тіркелді);
3. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2025 жылғы 7 ақпандағы № 27 "Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 12 маусымдағы № 131 "Карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 208034 болып тіркелді).