Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 299 "Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта құру туралы" қаулысымен бекітілген "Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже осы қаулының 1-қосымшасына cәйкес;
"Батыс Қазақстан облысының балалардың құқықтарын қорғау басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес;
"Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат саны осы қаулының 3-қосымшасына cәйкес;
"Батыс Қазақстан облысының балалардың құқықтарын қорғау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат саны осы қаулының 4-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Батыс Қазақстан облысы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі осы қаулының Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілері эталондық бақылау банкінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Облыс әкімі | Н. Төреғалиев |
| Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2026 жылғы "___" __________ №_____ қаулысына 1-қосымша |
"Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. "Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) білім саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Басқарма ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның рәміздері мен айырым белгілері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
4. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
5. Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
6. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 090000, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Ж.Молдағалиев көшесі, 23.
9. Осы ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
10. Басқарманың қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
11. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2. Басқарманың мақсаттары мен өкілеттіктері
12. Мақсаттары:
Мектепке дейiнгі, орта жалпы, арнаулы, қосымша, техникалық және кәсiптік бiлiм беру жүйесiндегi мемлекеттiк басқару қызметін іске асыру және балалардың құқықтарын қорғау.
13. Өкілеттіктері:
1) құқықтары:
мемлекеттік органдарда, сотта Басқарманың мүддесін білдіреді;
өз құзыреті шегінде шарттар, келісімдер жасайды;
мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан, сондай-ақ лауазымды тұлғалар мен азаматтардан өзіне жүктелген міндеттер мен қызметтерді орындауға қажетті құжаттар мен мәліметтер сұратады және алады;
өзінің құзыреті шегінде шешімдер қабылдайды;
өзінің құзыреті шегінде ұйымдар құру, қайта құру және тарату жөнінде ұсыныстар береді;
Басқарманың құзырына кіретін мәселелер бойынша облыстың білім беру мекемелері мен ұйымдарында тексеру жүргізеді;
білім беру мәселелері бойынша конференциялар, семинарлар, көрмелер, кеңестер өткізеді;
техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына жұмысшылар мен мамандар даярлаудың мемлекеттік білім беру тапсырысын конкурстық негізде орналастырады.
2) міндеттері:
білім беру саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
азаматтардың мемлекеттік оқу орындарында кепілді ақысыз орта білім алуын қамтамасыз ету;
ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде жеке тұлғаны қалыптастыру, дамыту және кәсіптік бағдарлауға бағытталған білім беруге қажетті жағдай жасау;
қоғамның өзгеріп отыратын қажеттіліктеріне және жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайларға сәйкес облыстың білім беру жүйесін дамыту және әлеуметтік қорғау;
ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмағандардың аймақтық есебін жүргізуді ұйымдастыру;
білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасын дамыту, қаржылай қамтамасыз етілуін жақсарту;
білім беруде, соның ішінде білім беру мекемелерін басқаруда инновациялық процестерді кеңейту;
білім беру органдарының өзге де мемлекеттік басқару органдарымен, жұртшылықпен, бұқаралық ақпарат құралдарымен бірлескен қызмет аясын кеңейту;
балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету, оларды кемсітушілікке жол бермеу;
баланың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, отбасы мен балаларды қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуын қамтамасыз ету.
14. Функциялары:
1) аймақтық бағдарламаларды және білім беруді дамытудың жоспарларын әзірлейді;
2) білім беру саласында мемлекеттік саясатты жүргізеді, облыс аумағындағы барлық мемлекеттік білім беру мекемелерінің қызметін үйлестіреді;
3) білім беру процесін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды талдайды, жинақтайды және енгізеді;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен педагогикалық кадрларды аттестаттауды өткізеді;
5) облыстың білім беру жүйесінің жай-күйіне сараптамалық талдау жасайды, оның даму үрдістерін айқындайды;
6) оқыту технологиясы саласында инновациялық саясатты жүргізеді;
7) балаларды әлеуметтік қорғау және құқығын қорғау жөніндегі қызметтер мен ұйымдардың жұмысын ұйымдастырады және үйлестіреді;
8) білім беру жүйесінің негізгі қорларын сақтау, дамыту және жетілдіру бойынша шараларды жүзеге асырады, білім беру жүйесінің материалдық-техникалық базасын нығайту, білім беру мекемелері мен ұйымдарына күрделі жөндеу және құрылыс жасауды жоспарлайды;
9) білім берудің мемлекеттік емес секторының, мемлекеттік білім беру ұйымдарының жаңа үлгілерінің дамуына ықпал етеді;
10) баланың тәнін және (немесе) жанын жәбірлеуден, адамдық қадір-қасиетін қатыгездікпен, дөрекілікпен қорлаудан, кемсітуден, жыныстық қатынас сипатындағы әрекеттерден, баланы қылмыстық іс-әрекетке және қоғамға жат әрекеттер жасауға тартудан және оны адам мен азаматтың Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген құқықтары мен бостандығына қысым жасаудың өзге де түрлерін қорғау жұмыстарын үйлестіреді;
11) кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссияның жұмысын ұйымдастырады.
3. Басқарманың бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
15. Басқарманы басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
16. Басқарманың бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
17. Басқарма бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.
18. Басқарма бірінші басшысының өкілеттіктері:
1) Басқарманың жұмысын ұйымдастырады және басқарады;
2) Басқарманың басшысы орынбасарларының, бөлімдері басшылары мен қызметкерлерінің және аудандардың, қалалық білім беру бөлімдерінің басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;
3) сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі жұмыстарды жүргізеді және осы бағыттағы жұмысқа дербес жауап береді;
4) Басқарманың қызметкерлерін және білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша аудандық, қалалық білім беру бөлімдерінің бірінші басшыларын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
5) заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарманың қызметкерлерін, аудандардың, қалалық білім беру бөлімдерінің бірінші басшыларын ынталандыру, материалдық көмек көрсету, оларға тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;
6) Басқарманың бөлімдері туралы ережелерді, қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
7) өз құзыреті шеңберінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттарға қол қояды;
8) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Басқарманың атынан өкілдік етеді;
9) гендерлік саясатты іске асыру мәселелері жөніндегі жұмыстарды жүргізеді және осы бағыттағы жұмысқа дербес жауап береді;
10) белгіленген тәртіппен қаржылық-экономикалық және шаруашылық қызмет мәселелерін шешеді, бюджеттік қаражаттардың тиімді және мақсатты жұмсалуын бақылайды;
11) Басқарманың құзырына кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілердің, бағдарламалар жобаларының және басқа да құжаттардың орындалу барысын бақылайды.
12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
19. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.
4. Басқарманың мүлкі
20. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
21. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне белгіленген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату
23. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
24. Басқарманың және оның ведомстволық қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі:
1) "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Ақжайық ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
2) "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Бөрлі ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
3) "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Бөкей ордасы ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
4) "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Бәйтерек ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
5) "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Жаңақала ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
6) "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Жәнібек ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
7) "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Қаратөбе ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
8) "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Казталов ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
9) "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Сырым ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
10) "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Теректі ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
11) "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Тасқала ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
12) "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Шыңғырлау ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
13) "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Орал қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
14) "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының "Батыс Қазақстан индустриалды колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
15) "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының "Орал "Сервис" технологиялық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
16) "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының "Сервис және жаңа технологиялар колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
17) "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының "Орал политехникалық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
18) "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының "Орал ақпараттық технологиялар колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
19) "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының "Шыңғырлау колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
20) "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының "Жаңақала колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
21) "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының "М.Б.Ихсанов атындағы Жәнібек колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
22) "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының "Теректі колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
23) "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының "А.Иманов атындағы жол-көлік колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
24) "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының "Бәйтерек колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
25) "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының "Ақжайық аграрлық-техникалық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
26) "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының "Ақсай техникалық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
27) "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының "Жалпақтал аграрлық және салалық технологиялар колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
28) "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының "Бөкей ордасы колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
29) "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының "Сырым колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
30) "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының "Тасқала колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
31) "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының "Қаратөбе колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
32) "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының "Орал колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
33) "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының "Ж.Досмұхамедов атындағы жоғарғы педагогикалық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
34) "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының "Жоғары аграрлық-техникалық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
35) "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының "Құрманғазы атындағы саз колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
36) "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының "Бөрлі колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
37) "Батыс Қазақстан облысы білім басқармасы "Батыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
38) "Батыс Қазақстан облысы білім басқармасы "Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
39) "Батыс Қазақстан облысы білім басқармасы "Дарынды балаларға арналған мамандандырылған №8 облыстық мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
40) "Батыс Қазақстан облысы білім басқармасы "Батыс Қазақстан облысының дарынды балаларға арналған мамандандырылған "Білім –инновация" мектеп-лицей-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
41) "Батыс Қазақстан облысының әкімдігі білім басқармасының "Облыстық дарынды балаларға арналған Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
42) "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының балалар мен жасөспірімдер туризм және экология облыстық орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
43) "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының "Облыстық экологиялық-биологиялық орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
44) "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының "Облыстық балалар техникалық шығармашылығы орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
45) "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының "Дарын" қосымша білім орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
46) "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының "Облыстық есту қабілеті бұзылған балаларға арналған арнайы мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
47) "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының "Облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
48) "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының "Зерде бұзылыстары бар балаларға арналған облыстық арнайы кешен мектеп-интернат-колледжі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
49) "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының "Ақжайық ауданының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
50) "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының "Бәйтерек ауданының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
51) "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Бөкей ордасы ауданының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
52) "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының "Бөрлі ауданының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
53) "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Жаңақала ауданының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
54) "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Жәнібек ауданының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
55) "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының "Казталов ауданының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
56) "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының "Қаратөбе ауданының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
57) "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының "Сырым ауданының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
58) "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының "Тасқала ауданының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
59) "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының "Теректі ауданының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
60) "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының "Шыңғырлау ауданының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
61) "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының "Орал қаласының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
62) "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасы "Аутизмі (аутистикалық спектрдегі бұзылыстары) бар балаларды қолдау орталығы (autism-орталығы)" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
63) "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының "Облыстық психологиялық-дәрігерлік-педагогикалық кеңес беру мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
64) "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының "Қалалық психологиялық-дәрігерлік-педагогикалық кеңес беру мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
65) "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының "Аймақтық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
66) "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі балалардың құқықтарын қорғау басқармасының "Облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
67) "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі балалардың құқықтарын қорғау басқармасының "Облыстық әдістемелік психологиялық қолдау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
68) "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі балалардың құқықтарын қорғау басқармасының "Арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
69) "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының "Батыс Қазақстан облысының әдістемелік орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
70) "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының "Облысытық білім беруді ақпараттандыру және жобалау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
| Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2026 жылғы "___" _________ №_____ қаулысына 2-қосымша |
"Батыс Қазақстан облысының балалардың құқықтарын қорғау басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. "Батыс Қазақстан облысының балалардың құқықтарын қорғау басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша үйлестірудің тиімді жүйесін құру саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Басқарма ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның рәміздері мен айырым белгілері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
4. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан жасайды.
5. Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
6. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 090000 Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Ж.Молдағалиев көшесі, 23.
9. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
10. Басқарманың қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
11. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2. Басқарманың мақсаттары мен өкілеттіктері
12. Мақсаттары:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының кодексін, "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" және "Білім туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын және балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері бойынша өзге де заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерді іске асыруды қамтамасыз ету;
Балалардың құқықтарын қамтамасыз ету, олардың құқықтарын бұзушылықтардың, оның ішінде зорлық-зомбылықтың, қатыгездіктің алдын алу және ерте анықтау, сондай-ақ қорғаншылық пен қамқоршылық, жергілікті деңгейде баланы қорғау жөніндегі шаралар қабылдауды үйлестіру.
13. Өкілеттіктері:
1) құқықтары:
балалардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
мемлекеттік органдарда, сотта Басқарманың мүддесін білдіреді;
өз құзыреті шегінде шарттар, келісімдер жасайды;
мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан, сондай-ақ лауазымды тұлғалар мен азаматтардан өзіне жүктелген міндеттер мен қызметтерді орындауға қажетті құжаттар мен мәліметтер сұратады және алады;
өзінің құзыреті шегінде шешімдер қабылдайды;
өзінің құзыреті шегінде ұйымдар құру, қайта құру және тарату жөнінде ұсыныстар береді;
балалардың құқықтарын қамтамасыз етуді, олардың құқықтарының бұзылуының алдын алуды және ерте анықтауды, балаларды қорғау жөнінде қабылданған шараларды үйлестіру, сондай-ақ қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы айқындаған тәрбие, білім беру, денсаулық сақтау, ғылым, мәдениет, дене шынықтыру және спорт, әлеуметтік қызмет көрсету және отбасын әлеуметтік қорғау саласындағы балалардың мүддесінде мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру;
балалардың құқықтарын қамтамасыз етуді үйлестіруге, олардың құқықтарының бұзылуының алдын алуға және ерте анықтауға, баланы қорғау жөнінде шаралар қабылдауға, сондай-ақ қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыруға бағытталған шараларды іске асыру мониторингін жүзеге асыру;
қамқорлықтағы, патронаттағы және кәсіптік отбасылардағы балалардың жағдайын бағалау және кем дегенде алты айда бір рет қажетті көмек көрсету мақсатында олардың жай-күйін мониторингілеу және бағалау;
уәкілетті органдар мен қызметтерді, оның ішінде Отбасы қолдау орталықтары мен Психологиялық қолдау орталықтарын тарта отырып, отбасылар мен балаларға көмек көрсетуді ұйымдастыру және жеке профилактикалық шараларды қолдану;
кәмелетке толмағандар ұсталатын мемлекеттік органдар мен білім беру, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау, мәдениет және спорт жүйелерінің ұйымдарын кедергісіз аралау;
мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан балалардың құқықтарын қамтамасыз ету, олардың құқықтары бұзылуының алдын алу және ерте анықтау мәселелері бойынша, сондай-ақ баланың құықтарын қорғау жөнінде қабылданған шаралар туралы ақпарат сұрату;
Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
2) міндеттері:
ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмағандардың аймақтық есебін жүргізуді ұйымдастыру;
балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету, оларды кемсітушілікке жол бермеу;
баланың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, отбасы мен балаларды қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуын қамтамасыз ету.
14. Функциялары:
қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі қызметті үйлестіреді;
балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.
3. Басқарманың бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
15. Басқарманы басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болады.
16. Басқарманың бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
17. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттіктері:
1) Басқарманың жұмысын ұйымдастырады және басқарады;
2) Басқарманың басшысы, бөлім басшысы мен қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;
3) сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі жұмыстарды жүргізеді және осы бағыттағы жұмысқа дербес жауап береді;
4) Басқарманың қызметкерлерін және балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша бірінші басшыларын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
5) заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма қызметкерлерін ынталандыру, материалдық көмек көрсету, оларға тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;
6) Басқарманың бөлімі туралы ережелерді, қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
7) өз құзыреті шеңберінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттарға қол қояды;
8) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Басқарманың атынан өкілдік етеді;
9) гендерлік саясатты іске асыру мәселелері жөніндегі жұмыстарды жүргізеді және осы бағыттағы жұмысқа дербес жауап береді;
10) белгіленген тәртіппен қаржылық-экономикалық және шаруашылық қызмет мәселелерін шешеді, бюджеттік қаражаттардың тиімді және мақсатты жұмсалуын бақылайды;
11) Басқарманың құзырына кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілердің, бағдарламалар жобаларының және басқа да құжаттардың орындалу барысын бақылайды.
12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
4. Басқарманың мүлкі
18. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
19. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
20. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне белгіленген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Басқарманы ұйымдастыру және тарату
21. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
| Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2026 жылғы "___" __________ №_____ қаулысына 3-қосымша |
"Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат саны
Құрылымдық бөлімшелердің және лауазымдардың атауы | Штат бірліктерінің саны |
"Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі | |
Басқарма басшысы | 1 |
Басшының орынбасарлары | 3 |
Әкімшілік және стратегиялық жоспарлау бөлімі | |
Бөлім басшысы | 1 |
Бас маман | 8 |
Мектепке дейінгі, орта жалпы және инклюзивті, арнаулы білімді дамыту бөлімі | |
Бөлім басшысы | 1 |
Бас маман | 4 |
Техникалық және кәсіптік білім беру бөлімі | |
Бөлім басшысы | 1 |
Бас маман | 2 |
Бюджеттік жоспарлау және бухгалтерлік есеп бөлімі | |
Бөлім басшысы | 1 |
Бас маман | 6 |
Тәрбие жұмысы, қосымша білім беру және балалардың құқықтарын қорғау бөлімі | |
Бөлім басшысы | 1 |
Бас маман | 4 |
"Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Ақжайық ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі | |
Бөлім басшысы | 1 |
Бас маман | 3 |
"Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Бәйтерек ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі | |
Бөлім басшысы | 1 |
Бас маман | 3 |
"Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Бөкей ордасы ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі | |
Бөлім басшысы | 1 |
Бас маман | 2 |
"Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Бөрлі ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі | |
Бөлім басшысы | 1 |
Бас маман | 3 |
"Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Жаңақала ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі | |
Бөлім басшысы | 1 |
Бас маман | 2 |
"Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Жәнібек ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі | |
Бөлім басшысы | 1 |
Бас маман | 1 |
"Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Казталов ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі | |
Бөлім басшысы | 1 |
Бас маман | 3 |
"Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Қаратөбе ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі | |
Бөлім басшысы | 1 |
Бас маман | 2 |
"Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Орал қаласы білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі | |
Бөлім басшысы | 1 |
Басшының орынбасары | 1 |
Сектор меңгерушісі | 2 |
Бас маман | 5 |
"Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Сырым ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі | |
Бөлім басшысы | 1 |
Бас маман | 2 |
"Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Тасқала ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі | |
Бөлім басшысы | 1 |
Бас маман | 2 |
"Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Теректі ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі | |
Бөлім басшысы | 1 |
Бас маман | 2 |
"Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Шыңғырлау ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі | |
Бөлім басшысы | 1 |
Бас маман | 2 |
Барлығы | 81 |
| Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2026 жылғы "___" _________ №_____ қаулысына 4-қосымша |
"Батыс Қазақстан облысының балалардың құқықтарын қорғау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат саны
№ | Лауазымы | Бірлік саны |
1. | Басқарма басшысы | 1 |
2. | Бас маман | 1 |
Балалардың құқықтарын бұзудың алдын алу, қорғаншылық және қамқоршылық бөлімі | ||
3. | Бөлім басшысы | 1 |
4. | Бас маман | 4 |
Барлығы | 7 | |