Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 56-бабы, 3-тармағының 3-тармақшасына сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) мемлекеттік пакеттері облыстық коммуналдық меншіктегі мемлекеттік кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің тізбесі бойынша облыстық бюджетке дивидендтердің немесе таза кіріс бөлігінің түсімдері төлемдерінің мөлшерін азайту немесе оларды төлеуден босату мәселелерін облыстық бюджет комиссиясының қарауына шығару қағидалары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. "Батыс Қазақстан облысы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі осы қаулының Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілері эталондық бақылау банкінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Облыс әкімі | Н. Төреғалиев |
| Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2026 жылғы "___" қаңтардағы №___ қаулысымен бекітілген |
Акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) мемлекеттік пакеттері облыстық коммуналдық меншіктегі мемлекеттік кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің тізбесі бойынша облыстық бюджетке дивидендтердің немесе таза кіріс бөлігінің түсімдері төлемдерінің мөлшерін азайту немесе оларды төлеуден босату мәселелерін облыстық бюджет комиссиясының қарауына шығару қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) мемлекеттік пакеттері облыстық коммуналдық меншіктегі мемлекеттік кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің тізбесі бойынша облыстық бюджетке дивидендтердің немесе таза кіріс бөлігінің түсімдері төлемдерінің мөлшерін азайту немесе оларды төлеуден босату мәселелерін облыстық бюджет комиссиясының қарауына шығару қағидалары (бұдан әрі -Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің (бұдан әрі - Бюджет кодексі) 56-бабының 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді және жарғылық капиталға қатысу үлестерінің мемлекеттік пакеттері облыстық коммуналдық меншіктегі мемлекеттік кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің (бұдан әрі - Ұйымдар) тізбесі бойынша облыстық бюджетке дивидендтердің немесе таза кіріс бөлігінің түсімдері төлемдерінің мөлшерін азайту немесе оларды төлеуден босату мәселелерін облыстық бюджет комиссиясының (бұдан әрі - Комиссия) қарауына шығаруды айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) Бюджет саясаты және бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган - мемлекеттік жоспарлау жүйесін іске асыру, облыстық бюджетті атқару, бухгалтерлік және бюджеттік есепті, қаржылық және бюджеттік есептілікті жүргізу салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
2) мемлекеттік басқарудың тиісті саласын (аясын) басқару жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - тиісті саланың уәкілетті органы) - мемлекеттік басқарудың тиісті саласын (аясын) басқаруды жүзеге асыратын және "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңы мен Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген шарттарда облыстық мүлікке қатысты құқықтарды иеленетін мемлекеттік орган;
3) облыстық коммуналдық мүлік жөніндегі уәкілетті орган - облыстық коммуналдық мүлікті басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
2-тарау. Акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) мемлекеттік пакеттері облыстық коммуналдық меншіктегі мемлекеттік кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің тізбесі бойынша облыстық бюджетке дивидендтердің немесе таза кіріс бөлігінің түсімдері төлемдерінің мөлшерін азайту немесе оларды төлеуден босату мәселелерін облыстық бюджет комиссиясының қарауына шығару тәртібі
3. Тиісті саланың уәкілетті органы электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы облыстық коммуналдық мүлік жөніндегі уәкілетті органға Ұйымдарды облыстық бюджетке дивидендтердің немесе таза кіріс бөлігінің түсімдері төлемдерінің мөлшерін азайту немесе оларды төлеуден босату туралы өтінішхат жолдайды.
Тиісті саланың уәкілетті органы өтінішхатқа облыстық бюджет кірістерінің қысқаруын көздейтін нормативтік құқықтық актінің жобасын, талдамалық жазбаны, Ұйымдарды облыстық бюджетке дивидендтерді немесе таза табыс бөлігін төлеуден босатуға қатысты қаржылық-экономикалық негіздемені, сондай-ақ басқа да растайтын құжаттарды (болған жағдайда) (бұдан әрі – материалдар) қоса береді.
4. Облыстық коммуналдық мүлік жөніндегі уәкілетті орган өтінішхат келіп түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде ұсынылған материалдарды қарайды.
Ұсынылған материалдар осы Қағиданың 3-тармағының екінші бөлігінің талаптарына сәйкес келмеген жағдайда пысықтауға жататын ескертулерді көрсете отырып, материалдарды тиісті саланың уәкілетті органына кері қайтарылады.
Тиісті саланың уәкілетті органы ескертулерді алғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде пысықталған материалдарды облыстық коммуналдық мүлік жөніндегі уәкілетті органға электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы қайта жолдайды.
5. Материалдарға қатысты ескертулер болмаған жағдайда, облыстық коммуналдық мүлік жөніндегі уәкілетті орган олар қайта түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде облыстық бюджетке дивидендтердің немесе таза кіріс бөлігінің түсімдері төлемдерінің мөлшерін азайту немесе оларды төлеуден босату бойынша материалдарды, сондай-ақ осы мәселе жөніндегі өз ұстанымын бюджет саясаты және бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға жібереді.
6. Бюджет саясаты және бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган келіп түскен материалдарды облыстық бюджеттің параметрлеріне ықпалы тұрғысынан қарап, оларды Комиссияның қарауына шығарады.
7. Комиссияның оң хаттамалық ұсынымдары алынған жағдайда, тиісті саланың уәкілетті органы дивидендтер немесе таза кірістің бір бөлігін облыстық бюджетке төлеу мөлшерін азайту не оларды төлеуден босату туралы тиісті нормативтік құқықтық актінін жобасын облыс әкімдігіне енгізеді.
Акцияларының мемлекеттік пакеттері (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) облыстық коммуналдық меншіктегі мемлекеттік кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің тізбесі
№ р/с | Ұйымның атауы | Тиісті саланың уәкілетті органы/мемлекеттік басқару органы |
1 | "Аqjaiyq" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамы | "Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі |
2 | "Батыссушар" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | "Батыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі |
3 | "Батыс Қазақстан аймақтық электр желілік компаниясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | |
4 | "Орал құрылыс жөндеу сервис" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | |
5 | "Батыс Қазақстан жоғары медициналық колледжі" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | "Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі |
6 | "Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының шаруашылық басқармасы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | "Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
7 | "Жайық пресс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | "Батыс Қазақстан облысының қоғамдық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі |
8 | Батыс Қазақстан облысы әкімдігі ветеринария басқармасының "Қаратөбе аудандық ветеринариялық станциясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны | "Батыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі |
9 | Батыс Қазақстан облысы әкімдігі ветеринария басқармасының "Жаңақала аудандық ветеринариялық станция" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны | |
10 | Батыс Қазақстан облысы әкімдігі ветеринария басқармасының "Бәйтерек аудандық ветеринариялық станциясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны | |
11 | Батыс Қазақстан облысы әкімдігі ветеринария басқармасының "Казталов аудандық ветеринариялық станциясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны | |
12 | Батыс Қазақстан облысы әкімдігі ветеринария басқармасының "Шыңғырлау аудандық ветеринарияық станциясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны | |
13 | Батыс Қазақстан облысы әкімдігі ветеринария басқармасының "Бөкей ордасы аудандық ветеринариялық станциясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны | |
14 | Батыс Қазақстан облысы әкімдігі ветеринария басқармасының "Тасқала аудандық ветеринариялық станциясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны | |
15 | Батыс Қазақстан облысы әкімдігі ветеринария басқармасының "Ақжайық аудандық ветеринариялық станциясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны | |
16 | Батыс Қазақстан облысы әкімдігі ветеринария басқармасының "Жәнібек аудандық ветеринариялық станциясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны | |
17 | Батыс Қазақстан облысы әкімдігі ветеринария басқармасының "Теректі аудандық ветеринариялық станциясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны | |
18 | Батыс Қазақстан облысы әкімдігі ветеринария басқармасының "Сырым аудандық ветеринариялық станциясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны |