Марқакөл ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Марқакөл ауданы мәслихатының 2025 жылғы 29 сәуірдегі № 22/10-VIII "Әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 209924 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Марқакөл ауданы мәслихатының төрағасы | М. Калелов |
| Марқакөл ауданы мәслихатының 2026 жылғы 25 тамыздағы № 42/3-VIII шешіміне қосымша |
|
| Марқакөл ауданы мәслихатының 2026 жылғы 29 сәуірдегі № 22/10-VIII шешіміне 1 қосымша |
"Әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Марқакөл аудандық мәслихатының 2025 жылғы 29 сәуірдегі № 22/10-VIII шешіміне өзгерістер еңгізу туралы
1-тарау Жалпы ережелері
1. Осы әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) қаулысына сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек көрсетудің оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызметтерді көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін "бір терезе" қағидаты бойынша көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
2) арнайы комиссия – мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Катонқарағай ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
3) әлеуметтік көмек – Марқакөл ауданының жергілікті атқарушы органы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар) сондай-ақ мереке күндері мен атаулы күндерге ақшалай немесе заттай нысанда ұсынатын көмек.
4) әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган - жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын, әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асыратын "Марқакөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
5) әлеуметтiк көмект төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйым – екiншi деңгейдегi банктер, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi органның тиісті банк операцияларының түрлерiне лицензиялары бар ұйымдар, "Қазпошта" акционерлiк қоғамының аумақтық бөлiмшелерi;
6) ең төменгі күнкөріс деңгейі – шамасы бойынша Қазақстан Республикасындағы ең төменгі тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға шақандағы ең төменгі ақшалай кіріс;
7) жан басына шаққандағы орташа табыс – отбасының әрбір мүшесіне айына келетін жиынтық табыстың үлесі;
8) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мерекелері;
9) мерекелік даталар (бұдан әрі – айтулы даталар) – кәсіби және Қазақстан Республикасының өзге де мерекелері;
10) уәкілетті мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді, реттеуді, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қызметін бақылау функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
11) учаскелік комиссия – атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген жеке адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдерінің шешімімен құрылатын арнайы комиссия;
12) шекті мөлшер – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері;
13) Цифрлық құжаттар сервисі – "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының объектісі, ол операторға бекітілген және ақпараттандыру объектілерінен алынған мәліметтер негізінде қалыптастырылған электрондық түрдегі құжаттарды көрсетуге және пайдалануға арналған;
14) "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа, мемлекеттік және электрондық нысанда көрсетілетін өзге де қызметтерге қол жеткізудің "бірінғай терезесі" болып табылатын ақпараттандыру объектісі;
15) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.
3. Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 71-бабының 4-тармағында, 170-бабының 3-тармағында, 229-бабының 3-тармағында, "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында, 11-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында, 12-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында, 13-бабының 2) тармақшасында, 17-бабында көзделген әлеуметтік қолдау шаралары осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен көрсетіледі.
4. Әлеуметтік көмек біржолғы және (немесе) мерзімді (ай сайын, жылына бір рет) беріледі.
5. Осы Қағидалар осы Қағидалардың 9-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген азаматтарды қоспағанда, Катонқарағай ауданы аумағында тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелген адамдарға қолданылады.
6. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі бекітетін ережелер негізінде жүзеге асырады.
2- тарау. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмек мөлшерлерін белгілеу тәртібі
7) Мерекелік және естелік күндерге әлеуметтік көмек мерзімді түрде (жылына бір рет) ақшалай төлемдер түрінде көрсетіледі.
Мереке және естелік күндерге әлеуметтік көмек айлық есептік көрсеткіштің 2,5 еселенген мөлшерінен кем емес мөлшерде белгіленеді және күнтізбелік жылда бір рет тағайындалады.
Бірнеше негіздер болған жағдайда мерекелер мен естелік даталарға әлеуметтік көмек тек бір негіз бойынша тағайындалады.
8. Мереке күндеріне және естелік күндерге әлеуметтік көмек келесі азаматтардың санаттарына көрсетіледі:
1) Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығару күні -15 ақпан:
Кеңес Армиясы, Әскери-теңіз флоты, Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің әскери қызметшілері, бұрынғы КСРО Ішкі істер министрлігінің бас және қатардағы құрамдары (соның ішінде әскери мамандар мен кеңесшілер), бұрынғы КСРО мемлекеттік органдарының шешімдеріне сәйкес басқа мемлекеттердің аумағындағы әскери қимылдарға қатысқан – 150 000тенге;
әскери іс-қимылдар кезеңінде оқу-жаттығу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға жіберілген әскери қызметшілерге – 150 000 тенге; әскери іс-қимылдар кезеңінде осы елге жүк жеткізу үшін Ауғанстанға жіберілген автомобиль батальондарының әскери қызметшілеріне – 150 000 тенге;
бұрынғы КСРО аумағынан Ауғанстанға жауынгерлік тапсырмаларды орындаған әскери ұшу персоналына – 150 000 тенге;
Ауғанстандағы кеңес әскери контингентi құрамында болған, жараланған, контузия алған немесе мүгедек болған немесе әскери қимылдарға қатысқаны үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталған жұмысшылар мен қызметкерлерге – 150 000 тенге;
бұрынғы КСР Одағын қорғау кезiнде, басқа мерзiмдерде әскери қызметтiң басқа мiндеттерiн атқару кезiнде алған жарақаты, контузиясы немесе зақымдануы салдарынан немесе ауруға шалдығуына байланысты мүгедектiк тағайындалған әскери қызметшiлер, майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе әскери іс-қимылдар жүргізілген басқа мемлекеттерде әскери қызмет өткеру кезінде – 150 000 тенге;
Ауғанстандағы немесе әскери іс-қимылдар жүргізілген басқа да мемлекеттердегі әскери іс-қимылдар кезінде жарақаттану, контузия алуы, дене жарақатын алу немесе ауруға шалдығу салдарынан қаза тапқан (соғыс кезінде хабарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасыларына – 150 000 тенге;
2) 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні:
"Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, I және II-дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға – 15 000 тенге;
бірге тұратын төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасыларға, оның ішінде ұйымдарда күндізгі оқу нысанында оқитын балаларына (бірақ олар жиырма үш жасқа толғанға дейін) – 15 000 тенге;
3) Отан қорғаушы күні – 7 мамыр:
1992 жылғы қыркүйектен 2001 жылғы ақпанға дейінгі кезеңде Тәжік-Ауған учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес тапсырмаларды орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне - 150 000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде;
2003 жылғы тамыз – 2008 жылғы қазан аралығындағы кезеңде Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне-150 000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде;
1986-1991 жылдар аралығында Таулы Қарабақтағы ұлтаралық жанжалды реттеуге қатысқан әскери қызметшілерге, сондай-ақ бұрынғы КСРО-ның ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының аға және қатардағы қызметкерлеріне - 150 000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде;
1986-1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдарға – 150 000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде;
1988-1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдарға – 150 000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде;
Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедектік белгіленген адамдарға және мүгедектігі ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балаларына – 70 000 (жетпіс мың) теңге мөлшерінде;
бейбіт уақытта әскери қызмет өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің отбасыларына - 15 000 (он бес мың) теңге мөлшерінде;
4) Жеңіс күні – 9 мамыр:
Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы кезеңінде, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағынын қорғау бойынша басқа да ұрыс операциялары кезінде қолданыстағы армия мен флот құрамына кірген әскери бөлімдерде, штабтарда және мекемелерде қызмет еткен әскери қызметшілерге, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын жұмыс жүргізушілеріне— 5 000 000 тенге;
Ұлы Отан соғысы жылдарында алған жарақаты, контузиясы, зақымдануы немесе ауыруы салдарынан мүгедектер, атап айтқанда әрекеттегі армия мен флоттың әскери қызметшілері, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын жауынгерлері соғыс, сондай-ақ мерзiм iшiнде алған жарақаты, контузиясы, зақымдануы немесе сырқаттануы салдарынан мүгедектiк алған жұмысшылар мен қызметкерлер Ұлы Отан соғысы жылдарында, майданда, әскери іс-қимылдар аймағында, темір жолдардың алдыңғы шептегі учаскелерінде, қорғаныс желісі құрылымдарында, әскери-теңіз базалары мен аэродромдарда – 5 000 000 тенге;
Ұлы Отан соғысы кезеңінде қорғанысына қатысуы 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін жеңілдікпен зейнетақы тағайындау үшін еңбек өтіліне есептелген калаларда қызмет өткерген әскери қызметшілерге, сондай-ақ бұрынғы КСРО ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамындағы адамдарға – 130 000 тенге;
Ұлы Отан соғысы кезеңінде қолданыстағы армия құрамына кірген әскери бөлімдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық лауазымдарды атқарған Кеңес Армиясының, Әскери-Теңіз Флотының, бұрынғы КСРО ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік әскерлері мен органдарының ерікті жалдамалы құрамындағы адамдарға – 130 000 тенге;
Ұлы Отан соғысы кезеңінде полк ұлдары (тәрбиеленушілері) және юнгалар ретінде қолданыстағы армия мен флот құрамына кірген бөлімдердің, штабтардың және мекемелердің құрамында болған адамдарға,– 130 000 тенге;
Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында шет елдердің аумағында партизан отрядтарының, астыртын топтардың және басқа да антифашистік құрамалардың құрамында фашистік Германия мен оның одақтастарына қарсы ұрыс қимылдарына қатысқан адамдарға – 130 000 тенге;
Қатынас жолдары халық комиссариатының, Байланыс халық комиссариатының арнайы құрамаларының жұмысшыларына, кәсіпшілік және көлік флотының жүзу құрамына Ұлы Отан соғысы жылдарында бөлімшелердің
құрамында болған адамдар, әрекеттегі армия мен флоттың құрамында болған штабтар мен мекемелерге, полк ұлдары (тәрбиеленушілері) және каюталық ұлдар ретінде – 130 000 тенге;
Ленинград қаласындағы блокада кезінде қаланың кәсіпорындарында, мекемелерінде және ұйымдарында жұмыс істеген және "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" төс белгісімен марапатталған азаматтарға – 130 000 тенге;
Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердің, геттолардың және басқа да мәжбүрлі ұстау орындарының кәмелетке толмаған тұтқындарына – 130 000 тенге;
Ұлы Отан соғысы жылдарында алған жарақаты, контузиясы, зақымдануы немесе сырқаттануы салдарынан қайтыс болған мүгедектің жұбайы немесе жәрдемақы бойынша мүгедектерге теңестірілген адам Ұлы Отан соғысы жылдарында алған жаралары, контузиялары, зақымданулары немесе аурулары, сондай-ақ Ұлы Отан соғысына қаза тапқан қатысушының жұбайы, партизан, астыртын жауынгер, азамат, наградталған жалпы ауру, өндірістік жарақат және басқа да себептер бойынша мүгедектер деп танылған "Ленинградты қорғағаны үшін" медалі немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" төс белгісі (қайта некеге тұрмаған (заңсыз) – 130 000 тенге;
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға – 130 000 тенге;
1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамырға дейін кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған адамдарға – 80 000 тенге;
5) Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні – 31 мамыр:
саяси қуғын-сүргін құрбаны деп танылған немесе саяси қуғын-сүргінге ұшыраған, мүгедек немесе зейнеткерлер болып табылатын азаматтарға – 13 000 тенге;
6) Семей ядролық полигонының жабылған күні – 29 тамыз:
18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға (мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-анасының бірі немесе басқа заңды өкілдері) – 15 000 теңге;
7) Тәуелсіздік күні – 16 желтоқсан:
Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы оқиғаларға қатысқаны үшін қуғын-сүргінге ұшыраған адамдарға – 200 000 тенге.
9. Азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар негіз болып табылады:
1) дүлей зілзаланың салдарынан азаматқа (отбасына) немесе оның мүлкіне зиян келтіру;
2) өрт салдарынан азаматқа (отбасына) немесе оның мүлкіне зиян келтіру;
3) әлеуметтік маңызы бар аурудың болуы;
4) жергiлiктi өкiлдi орган белгiлеген ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң еселiк мәнiнен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы.
10. Ақшалай нысандағы біржолғы әлеуметтік көмек алушылардың мынадай санаттарына көрсетіледі:
1) жан басына шаққандағы орташа табысты ескере отырып:
әлеуметтік маңызы бар ауруға шалдыққан азаматтарға (отбасына) – 20 айлық есептік көрсеткіш;
жан басына шаққандағы табысы жергілікті өкілді органдар белгілеген шекті мәннен аспайтын азаматтар (отбасылар) үшін – 100 айлық есептік көрсеткішке дейін.
2) жан басына шаққандағы табысты қоспағанда:
дүлей зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) немесе оның мүлкіне зиян келген жағдайда – 100 айлық есептік көрсеткіш;
Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан мүлік бүлінген жағдайда әлеуметтік көмек оның иесінің тіркелген жеріне қарамастан зақымдалған мүліктің орналасқан жері бойынша көрсетіледі.
Осы негіздер бойынша өтініш беру мерзімі оқиға орын алған сәттен бастап үш айды құрайды.
Бірінші топтағы мүгедекті санаториялық-курорттық емделуге алып баратын адам жергілікті атқарушы органдардың кірісті есепке алмай, жылына бір рет санаториялық-курорттық-курорттық-курорттық ұйымда болу құнының жетпіс пайызы мөлшерінде өтеуге құқылы уәкiлеттi мемлекеттiк орган (жұмыс берушiнiң кiнәсiнен өндiрiстiк жарақат алған немесе кәсiптiк ауруға шалдыққан мүгедектердi қоспағанда) санаторлық-курорттық емдеудiң құнын өтеу ретiнде көзделген кепiлдiк берiлген сома.
Өтемақы келесі құжатты ұсынған кезде төленеді: санаторий-курорттық ұйымда тұру фактісін растайтын құжат.
Осы негіздеме бойынша өтініш беру мерзімдері оқиға орын алған күннен бастап екі айды құрайды.
11. Ақшалай нысандағы әлеуметтiк көмек жан басына шаққандағы орташа табыс ескерiлмей мерзiмдi (ай сайын) көрсетiледi:
адамның иммун тапшылығы вирусын (АИТВ) жұқтырған және диспансерлік есепте тұрған балалардың ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне Қазақстан Республикасының тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Заңында белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің екі еселенген мөлшерінде;
Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Марқакөл ауданының аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ұсынған тізімге сәйкес, туберкулез ауырымен ауыратын және емдеудің амбулаториялық кезеңіндегі азаматтарға – 7 (жеті) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
12. Осы Қағидалардың 10-тармағының 1) тармақшасында көзделген негіздер бойынша көмек тағайындау үшін жан басына шаққандағы табыстың шекті мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің екі еселенген мөлшерінде белгіленеді.
3-тарау Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі
13. Мереке күндеріне және атаулы күндерге әлеуметтік көмек Марқакөл ауданының әкімдігі бекітетін тізімі бойынша Мемлекеттік корпорацияның немесе өзге де ұйымдардың қалыптастырылған тізім негізінде не алушылардан өтініш талап етілмей, уәкілетті мемлекеттік органның ақпараттық жүйелерінен электрондық түрде көрсетіледі.
14. Әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарған кезде арнайы комиссиялар жергілікті өкілді орган бекіткен азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу негіздерінің тізбесін басшылыққа алады.
15. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек алуға өтініш беруші өз атынан немесе отбасы атынан (немесе сенімхат бойынша өкілі, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 167-бабына сәйкес берілген) жазбаша нысанда әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органға не кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне, не осы Үлгілік қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішпен Мемлекеттік корпорацияға не осы Үлгілік қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішпен электрондық түрде порталға жіберіледі.
Жазбаша сұрау салу берілген кезде құжаттарды қабылдайтын маман осы Үлгілік қағидаларға 1-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "электрондық үкімет" шлюзі арқылы мемлекеттік органдардың және/немесе ұйымдардың тиісті ақпараттық жүйелеріне (бұдан әрі – АЖ) сұрау салуларды қалыптастырады.
АЖ-де мәліметтер сәйкес келмеген (болмаған) жағдайда өтініш беруші өтінішке келесі құжаттарды қоса береді:
1) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттама қызметінің электрондық құжаты (сәйкестендіру үшін);
2) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтер (адамның (отбасы мүшелерінің) кірістеріне қарамастан тағайындалатын әлеуметтік көмек алу үшін), адамның (отбасы мүшелерінің) кірістері туралы мәліметтер ұсынылмайды);
3) мұқтаж адамға жатқызу үшін негіздердің бар екендігін растайтын мынадай құжаттардың бірі:
Табиғи зілзаланың салдарынан азаматқа (отбасына) немесе оның мүлкіне келтірілген залал фактісін растайтын құжат;
Өрт салдарынан азаматқа (отбасына) немесе оның мүлкіне келтірілген залал фактісін растайтын құжат;
әлеуметтік маңызы бар аурудың болуын растайтын құжат.
Құжаттар салыстыру үшін түпнұсқада да, көшірмеде де ұсынылады. Тексеруден кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
Өтініш беруші құжаттардың толық емес пакетін және/немесе қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда өтініш берушіге осы Үлгілік қағидаларға 1-3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік көмек көрсетуге өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат беріледі.
Өтiнiш берушi әлеуметтiк көмек алуға портал арқылы электрондық түрде өтiнiш жасаған кезде өтiнiш берушiнiң өзi мемлекеттiк органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелерiне қажеттi ақпаратты алу үшiн сұрау салуды жүзеге асырады.
Бұл ретте өтініш беруші мемлекеттік органдардың және/немесе ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен алынған электрондық өтінішті және ақпаратты өзінің ЭЦҚ-сымен куәландырады.
16. Әлеуметтік көмек көрсетуге арналған шығыстарды қаржыландыру ағымдағы қаржы жылына жергілікті бюджеттен бөлінген қаражат шегінде жүзеге асырылады.
Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган әлеуметтік көмек сомасын Мемлекеттік корпорацияға аударады.
Мемлекеттік корпорация әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органнан алынған әлеуметтік көмек сомаларын әлеуметтік көмек алушылардың банктік шоттарына аударады.
Әлеуметтік көмекті есептеу және көрсету кезінде тиынмен есептелген барлық сомалар тиын мөлшеріне қарамастан бір теңгеге дейін дөңгелектенуге жатады.
17. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:
1) өтініш берушілер ұсынған жалған мәліметтерді анықтау;
2) өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына сараптама жүргізуден бас тартуы немесе жалтаруы;
3) жеке тұлғаның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысының әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі жергілікті өкілді орган белгілеген шекті мәннен асуы;
4) уәкілетті мемлекеттік органның ақпараттық жүйесінен төлемдерді тағайындау, жүзеге асыру және осы негізде әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш беру фактілерін растайтын мәліметтерді алу.
18. Әлеуметтік көмек мынадай жағдайларда тоқтатылады:
1) алушының қайтыс болуы;
2) алушының тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктен тыс жерге тұрақты тұруға кетуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберу;
4) өтiнiш берушi ұсынған жалған мәлiметтердi анықтау.
5) әлеуметтік көмек көрсету үшін негіздердің жоғалуы туралы мәліметтерді анықтау.
Осы тармақтың 3) тармақшасы осы Қағидалардың 9-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша тағайындалған әлеуметтік көмекті төлеуге қолданылмайды.
Осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетiлген негiздер бойынша әлеуметтiк көмектi төлеу көрсетiлген мән-жайлар басталғаннан кейiн келесi айдан бастап тоқтатылады.
Осы тармақтың 4) және 5) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша әлеуметтік көмек төлеу көрсетілген мән-жайлар басталған күннен бастап тоқтатылады.
19. Әлеуметтік көмектің артық төленген сомалары ерікті негізде қайтарылуға жатады; заңсыз алынған сомалар ерікті түрде немесе сот тәртібімен қайтарылуға жатады.
20. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингін және есепке алуды "Е-әлеуметтік қызметтер" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып, әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.
21. Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органның әлеуметтік көмек көрсету туралы шешімінің негізінде Мемлекеттік корпорация әлеуметтік көмекті төлеуге арналған бюджет қаражатына қажеттілікті қалыптастырады:
Біржолғы төлемдер үшін – күн сайын;
ай сайынғы және тоқсан сайынғы төлемдер бойынша – төлем айының алдындағы айдың 27-сінде.
22. Қажеттілік қалыптасқаннан кейін Мемлекеттік корпорация келесі жұмыс күнінен кешіктірмей әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органға әлеуметтік көмекті төлеу қажеттілігінің сомасына өтініш жібереді.
Әлеуметтiк көмек көрсету жөнiндегi уәкiлеттi орган әлеуметтiк көмектi төлеуге қажеттiлiктiң мөлшерiне өтiнiштi алған күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде әлеуметтiк көмектi төлеуге қажеттiлiк мөлшерiне өтiнiште көзделген сомалар шегiнде Мемлекеттiк корпорацияға қаражат аударады.
Айдың 27-нен кейiн алынған әлеуметтiк көмектi төлеуге қажеттi сомаларды алуға өтiнiштер бойынша әлеуметтiк көмек көрсету жөнiндегi уәкiлеттi орган ақшаны келесi айдың 1-iнен кейiн Мемлекеттiк корпорацияға аударады.