Үлкен Нарын аудандық мәслихатының 2024 жылғы 5 шілдедегі № 4/21-VIII "Үлкен Нарын ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Шығыс Қазақстан облысы Үлкен Нарын аудандық мәслихатының 2026 жылғы 10 шілдедегі № 25/251-VIII шешімі

      Үлкен Нарын ауданы мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Үлкен Нарын ауданы мәслихатының 2024 жылғы 5 шілдедегі № 4/21-VIII "Үлкен Нарын ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9055-16 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасында:

      1-тармақтың 2- абзацы келесі редакцияда жазылсын:

      "ағымдағы және жинақтау жарналарын;";

      4-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "4. Тұрғын үй көмегі ағымдағы және жинақтаушы жарналарға, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен аз қамтылған отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде 5 (бес) пайыз мөлшерінде айқындалады.

      Тұрғын үй көмегінің мөлшері уәкілетті органмен нормалар шегінде Қағидаға сәйкес есептелінеді.";

      6-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "6. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның сенімхатқа, заңдарға, сот шешіміне не әкімшілік құжатқа негізделген өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін тоқсанына бір рет Қағидаға сәйкес "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорацияға (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе "цифрлық үкімет" веб-порталына жүгінеді.

      Мемлекеттік корпорациядан құжаттардың толық жиынтығын қабылдаған күннен бастап құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау не бас тарту туралы дәлелді жауап не "цифрлық үкімет" веб-порталы арқылы беру мерзімі 6 (алты) жұмыс күнін құрайды.";

      7-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "7. Тұрғын үй көмегі аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) жеткізушілер ұсынған ай сайынғы ағымдағы және жинақтаушы жарналар шоттары және коммуналдық қызметтерді төлеу шоттары бойынша бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Үлкен Нарын ауданы мәслихатының төрағасы Ж.Сыдыкова

О внесении изменений в решение маслихата района Үлкен Нарын от 5 июля 2024 года № 4/21-VIII "Об утверждении размера и Правил оказания жилищной помощи в районе Үлкен Нарын"

Решение маслихата района Үлкен Нарын Восточно-Казахстанской области от 10 июля 2026 года № 25/251-VIII

      Маслихат района Үлкен Нарын РЕШИЛ:

      1. Внести в решение маслихата района Үлкен Нарын от 5 июля 2024 года № 4/21-VIII "Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в районе Үлкен Нарын" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 9055-16) следующее изменения:

      в приложении к указанному решению:

      абзац 2 пункта 1 изложить в следующей редакции:

      "текущих и накопительных взносов;";

      пункт 4 изложить в следующей редакции:

      "4. Жилищная помощь определяется как разница между суммой оплаты расходов на текущие и накопительные взносы, потребление коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, пользование жилищем из государственного жилищного фонда и жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, и предельно допустимым уровнем расходов малообеспеченной семьи (граждан) на эти цели, в размере 5 (пяти) процентов.

      Размер жилищной помощи рассчитывается уполномоченным органом в пределах норм, согласно Правил.

      пункт 6 изложить в следующей редакции:

      "6. Для назначения жилищной помощи услугополучатель (либо его представитель в силу полномочия, основанного на доверенности, законодательстве, решении суда либо административном акте) обращается один раз в квартал в Государственную корпорацию "Правительство для граждан" (далее – Государственная корпорация) или на веб-портал "цифрового правительства", согласно Правил.

      Срок рассмотрения документов и принятия решения о предоставлении жилищной помощи либо мотивированный ответ об отказе со дня принятия полного комплекта документов от Государственной корпорации, либо через веб-портал "цифрового правительства" составляет 6 (шесть) рабочих дней.";

      пункт 7 изложить в следующей редакции:

      "7. Жилищная помощь, оказывается, по предъявленным поставщиками счетам о ежемесячных текущих и накопительных взносах и счетам на оплату коммунальных услуг за счет бюджетных средств малообеспеченным семьям (гражданам).".

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель маслихата района Үлкен Нарын Ж.Сыдыкова