Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 71-1 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, "JAYSON Kazakhstan Mining" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының 2026 жылғы 1 мамырдағы өтініші негізінде, Ұлан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "JAYSON Kazakhstan Mining" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін, жер учаскесін меншік иелері мен пайдаланушылардан алып қоймай, жер қорының есеп кварталы 05-079-002 жалпы алаңы 157,0879 гектар жерлеріне 2032 жылғы 4 ақпанға дейін қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "JAYSON Kazakhstan Mining" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі заңнамаға сәйкес, жер пайдаланушылармен жеке сервитутты белгілеу туралы шарттарда бекітілген, жерді рекультивациялау жөніндегі міндеттерді және өзге де шарттарды, жұмыстарды жүргізу мерзімі мен орнын анықтасын.
3. "Ұлан ауданының жер қатынастары және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі:
1) осы қаулы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялауға жіберілсін;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Ұлан ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р. Садуақасовқа жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Ұлан ауданының әкімі | А. Бекбосынов |