Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Өскемен қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 07 ақпандағы № 460 "Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережеде:
12-тармақ мынадай редакцияда мазмұндалсын:
"12. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер Бөлімге заңдармен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.";
13-тармақта:
3) тармақша мынадай редакцияда мазмұндалсын:
"3) Қазақстан Республикасының 2050 жылға дейінгі даму стратегиясының, Президенттің Қазақстан Республикасының халқына Жолдауларының, мемлекеттік және салалық бағдарламалар мен басқа да стратегиялық құжаттардың негізгі басымдықтарын түсіндіруді қамтамасыз ету;";
5) тармақша мынадай редакцияда мазмұндалсын:
"5) ішкі саясат саласындағы жұмыстарды ұйымдастыру бойынша практикалық ұсынымдар әзірлеу, Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді даму басымдықтарын тиімді іске асыру жөнінде ұсыныстар енгізу";
14-тармақтың 1) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда мазмұндалсын:
"өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген талаптарды сақтай отырып, мекемеге жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардан заңнамада белгіленген мерзімдерде ақпарат пен құжаттарды сұрату және алу;";
15-тармақта:
5) тармақша мынадай редакцияда мазмұндалсын:
"5) Президенттің Қазақстан Республикасының халқына Жолдауларын және басқа да стратегиялық құжаттарды түсіндіру жөніндегі республикалық және өңірлік деңгейдегі ақпараттық топтардың қаладағы қызметін ұйымдастыру, ақпараттық-әдістемелік қызметті ұйымдастыру;";
12) тармақша мынадай редакцияда мазмұндалсын:
"12) жоғары тұрған мемлекеттік органдармен, мәслихаттармен, облыс, қала әкімінің аппаратымен құзыретіне кіретін мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасау;";
15) тармақша мынадай редакцияда мазмұндалсын:
"15) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы:
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандар туралы заңнамасын бұза отырып пайдалану (орнату, орналастыру) түрінде жасалған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туына және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасына қойылатын ұлттық стандарттарды бұзғаны;
масс-медиа өнімін, сол сияқты өзге де өнімді Қазақстан Республикасының аумағында дайындағаны, сақтағаны, әкелгені, тасымалдағаны, таратқаны;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелмеген діни бірлестіктер мен рухани (діни) білім беру ұйымдарын жарнама түрінде жасалған Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасын бұзғаны;
Қазақстан Республикасының коммерциялық емес ұйымдар туралы заңнамасын бұзғаны;
Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзғаны;
телерадио хабарларын тарату саласында лицензиясы жоқ және Қазақстан Республикасының аумағында өзінің спутниктік хабар тарату жүйелері жоқ телерадио хабарларын тарату операторларының көрсетілетін қызметтеріне шартты қолжетімді карталарды және телерадио хабарларын тарату операторларының теле-, радио сигналын жеке-дара қабылдауға арналған жабдығын тарату түрінде жасалған Қазақстан Республикасының масс-медиа туралы заңнамасын бұзғаны;
Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының және шетелдік журналистердің тиісті аккредиттеусіз кәсіби журналистік қызметімен айналысқаны үшін хаттамалар жасау;".
2. "Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекетік мекемесі:
1) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Өскемен қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын;
2) осы қаулыдан туындайтын Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де шараларды қабылдауын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Өскемен қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Өскемен қаласы әкімінің міндетін атқарушы | А. Апахаев |