"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабы 3-тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 6 желтоқсандағы № 301 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
14-тармақ мынадай мазмұндағы 35), 36) тармақшалармен толықтырылсын:
"35) құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтайды және өз құзыреті шегінде оларды жою жөнінде шаралар қабылдайды;
36) өзге де мемлекеттік органдармен және қоғамдық ұйымдармен бірлесіп, құқық қорғау органдарында есепте тұрған жастарды қоса алғанда, құқық бұзушылық жасауға бейім адамдарды дене шынықтырумен және спортпен айналысуға тарту жөніндегі жұмысты үйлестіреді.".
2. Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жариялау үшін "Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің дене шынықтыру және спорт мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
| Шығыс Қазақстан облысының әкімі | Н. Сақтағанов |