"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабы 3-тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Шығыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2024 жылғы 20 маусымдағы № 148 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Шығыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
8-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"8. Басқарманың орналасқан жері: 070018, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Борис Керімбаев көшесі, 19.".
14-тармақ мынадай мазмұндағы 37), 38), 39) тармақшалармен толықтырылсын:
"37) орган жұмысының тиімділігін арттыру үшін цифрлық технологияларды пайдалануды қамтамасыз етеді;
38) ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі шараларды сақтайды және ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі техникалық құжаттаманың талаптарын орындайды;
39) қолайлы инвестициялық ахуал жасауға және аумақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін инвестициялар тартуға ықпал етеді.".
2. "Шығыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жариялау үшін "Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шығыс Қазақстан облысы әкімінің ветеринария мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
| Шығыс Қазақстан облысының әкімі | Н. Сақтағанов |