Қазақстан Республикасының әлеуметтік кодексінің 142-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің "Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастырудың ережесі мен әдістемесін бекіту туралы" 2023 жылғы 30 маусымдағы №281 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №32987 болып тіркелген) сәйкес, Келес ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2026 жылға көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну тарифтері бекітілсін.
2. "Келес ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Түркістан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Келес ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Келес ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | Ж.Агибаев |
| Келес ауданы әкімдігінің "6" наурыздағы 2026 жылғы №55 қаулысына қосымша |
2026 жылға көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну тарифтері
1. Үйде күтім жасау жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру;
2. Балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бойынша іс-шараларды өткізу;
3. Он сегіз жастан асқан адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру;
4. Қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру;
5. Арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж 1,5 жастан 18 жасқа дейінгі психоневрологиялық ауытқуы бар және тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету.
№ | Қызметтің атауы | Қызмет алушыға көрсетілетін 1 қызметтің ай сайынғы тарифі (теңге) |
1 | Психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балаларға арналған үйде әлеуметтік көмек көрсету (1,5 жастан 18 жасқа дейін) | 74312,76 |
2 | Тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар балаларға арналған үйде әлеуметтік көмек көрсету (1,5 жастан 18 жасқа дейін) | 74312,76 |
3 | Қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға арналған үйде әлеуметтік көмек көрсету | 74312,76 |
4 | 18 жастан асқан психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар адамдарға үйде әлеуметтік көмет көрсету | 74312,76 |
5 | Психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедектігі бар балаларға оңалту орталығында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету (1,5 жастан 18 жасқа дейін) | 246018,06 |
6 | Тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар балаларға оңалту орталығында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету (1,5 жастан 18 жасқа дейін) | 246018,06 |