Қаулылардың күшін жою туралы

Түркістан облысы Шардара ауданы әкiмдiгiнiң 2026 жылғы 12 қаңтардағы № 2 қаулысы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Шардара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Шардара ауданы әкiмдiгiнiң 2021 жылғы 22 қарашадағы № 311 "Шардара ауданында салық салу объектісінің елді мекенде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэфициентін бекіту туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №25345 болып тіркелген) және Шардара ауданы әкiмдiгiнiң 2023 жылғы 20 қазандағы № 287 "Шардара ауданы әкiмдiгiнiң 2021 жылғы 22 қарашадағы "Шардара ауданында салық салу объектісінің елді мекенде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэфициентін бекіту туралы" № 311 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6385-13 болып тіркелген) күштері жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулы 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің міндетін атқарушы Б.Туребеков

Об отмене постановлений

Постановление акимата Шардаринского района Туркестанской области от 12 января 2026 года № 2

      Примечание ИЗПИ!
      Настоящее постановление вводится в действие с 01.01.2026.

      В соответствии со статьей 27 Закона Республики Казахстан "О правовых актах", акимат Шардаринского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Признать утратившими силу постановление акимата Шардаринского района от 22 ноября 2021 года № 311 "Об утверждении коэффициента зонирования в Шардаринском районе, учитывающий месторасположение объекта налогооблажения в населенном пункте" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 25345) и постановление акимата Шардаринского района от 20 октября 2023 года № 287 "О внесении изменения в постановление акимата Шардаринского района от 22 нобря 2021 года № 311 "Об утверждении коэффициента зонирования в Шардаринском районе, учитывающий месторасположение объекта налогооблажения в населенном пункте" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 6385-13).

      2. Настоящее постановление вводится в действие с 1 января 2026 года.

      Исполняющий обязонности акима района Б.Туребеков