Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 142-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31,37-баптарына және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің "Арнаулы әлеуметтік қызметтердің тарифтерін қалыптастыру ережелері мен әдістемесін бекіту туралы" 2023 жылғы 30 маусымдағы №281 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылы 30 маусымда №32987 болып тіркелген) сәйкес, Төлеби ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, "Төлеби ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалардың күндізгі қатынау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2026 жылы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің тарифтері бекітілсін.
2. "Төлеби ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалардың күндізгі қатынау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі:
1) осы қаулы қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына электрондық түрде тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Төлеби ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. "Төлеби ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын тиісті шараларды қабылдасын.
4. Қаулының орындалуын бақылау осы салаға жетекшілік ететін Төлеби ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы | Б.Қайратұлы |
| Төлеби ауданы әкімдігінің 2026 жылғы "___" __________ № ___ қаулысына қосымша |
"Төлеби ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға арналған күндізгі қатынау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің арнайы әлеуметтік қызметтерді жеткізушілерге арналған тарифтері
Қызмет көрсетуші төмендегі жағдайларда қызмет көрсетеді:
Психоневрологиялық ауытқулары бар және тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар, 1,5 жастан 18 жасқа дейінгі, арнайы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларға арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету.
№ | Атауы | Қызмет алушыға көрсетілетін 1 қызметке ай сайынғы тариф (теңге) |
1 | "Төлеби ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға арналған күндізгі қатынау орталығы" КММ | 60 605,0 |
2 |
1. Мүмкіндігі шектеулі балаларға (мүгедек балаларға) үйде арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету секторы. | 112 142,0 |
Жартылай стационарға жан басына шаққандағы қаржыландыру тарифінің түсіндірмесі
Тнакл = Fауп + Fхоп + Z
Fауп = салықтарды ескере отырып, айына 1 қызмет алушыға 7495,37 теңге (басқарушы персоналдың жалақысы)
Fхоп = салықтарды ескере отырып, айына 1 қызмет алушыға 29713,74 теңге (шаруашылық персоналдың жалақысы)
Z – айына 1 қызмет алушыға 1 390,92 теңге. "Socium" ЖК-нің 1 есептік жазбасының айлық құны – 0,67 АЕК. 12 есептік жазбаға келісімшарт жасалған. Барлығы: 4325 × 0,67 × 12 / 25 = 1390,92 теңге (1 қызмет алушыға)
Барлығы Тнакл =7495,37+29713,74+1390,92 38600,03 теңге (айына 1 қызмет алушыға)
Тосн = Qi + Ku
Qi = салықтарды ескере отырып, айына 1 қызмет алушыға 149259,57 теңге (негізгі персоналдың жалақысы)
Ku = 1,06 (ауыр дәрежедегі өмір сүру шектеулері бар, психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалар үшін, бөгде күтімді қажет ететін)
Барлығы Тосн = 149259,57 × 1,04 +5190=163405,14 теңге (айына 1 қызмет алушыға)
Mi – айына 1 қызмет алушыға арналған тамақ өнімдеріне жұмсалатын шығындар. Барлығы: 2162,5+1730+1297,5 = 5190 теңге
Тариф Т = Тнакл + Тосн
Т = 38600,03 +163405,14 =202005,18 теңге (айына 1 қызмет алушыға)
202005,18 × 25 =5050129,40 теңге (айына 25 қызмет алушыға)
Үйде көрсетілетін қызметтер бойынша жан басына шаққандағы қаржыландыру тарифінің түсіндірмесі
Тнакл = Fауп + Fхоп
Fауп – айына 1 қызмет алушыға 5749,40 теңге, салықтарды қоса есептегенде (басқарушы персоналдың еңбекақысы)
Fхоп – айына 1 қызмет алушыға 116,12 теңге, салықтарды қоса есептегенде (шаруашылық персоналдың еңбекақысы)
Барлығы Тнакл =5749,40+116,12 = 5865,52 теңге айына 1 қызмет алушыға.
Тосн = Qi + ku
Qi – айына 1 қызмет алушыға 34100,51 теңге, салықтарды қоса есептегенде (негізгі персоналдың еңбекақысы)
Ku = 1,03 –психоневрологиялық аурулары бар, өмір сүру қабілеті қатты шектелген және сырттан күтімді қажет ететін мүгедектігі бар балалар үшін.
Барлығы Тосн = 34100,51 × 1,03 = 35123,53 теңге айына 1 қызмет алушыға.
Тариф Т = Тнакл + Тосн
Т = 5865,52 +35123,53 =40989,05 теңге айына 1 қызмет алушыға.
40989,05 × 228 = 9345502,50 теңге айына 228 қызмет алушыға.