2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету тарифтерін бекіту туралы

Түркістан облысы Сайрам ауданы әкiмдiгiнiң 2026 жылғы 16 ақпандағы № 190 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 142-бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы №281 "Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастырудың ережесі мен әдістемесін бекіту туралы" бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №32987 тіркелген), Сайрам ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің "Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету тарифтері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шаралар қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Сайрам ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сайрам ауданның әкімі М.Оразалиев

  Сайрам ауданы әкімдігінің
2026 жыл 16 ақпандағы
№190 қаулысына қосымша

Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің "Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету тарифтері

Атауы

Қызмет алушыға көрсетілетін 1 қызметтің ай сайынғы тарифі (тенге)

 
1

Қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға үйде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету (бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар, жасы ұлғайғандықтан өзін-өзі күтуге қабілетсіз адамдар)

66 620,25

 
2

Мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға үйде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету (психоневрологиялық ауытқулары бар және тірек-қимыл аппараты бұзылған бір жарым жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар)

66 620,25


Об утверждении тарифов на оказание специальных социальных услуг на 2026 год

Постановление акимата Сайрамского района Туркестанской области от 16 февраля 2026 года № 190

      В соответствии со статьей 142 Социального кодекса Республики Казахстан, Законом Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", приказом заместителя Премьер-Министра - Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 30 июня 2023 года №281 "Об утверждении правил и методики формирования тарифов на специальные социальные услуги" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за №32987), акимат Сайрамского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить тарифы коммунального государственного учреждения "Центр социального обслуживания" отдела занятости и социальных программ Сайрамского района на оказание специальных социальных услуг на 2026 год согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Государственному учреждению "Отдела занятости и социальных программ акимата Сайрамского района" прянять меры в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима Сайрамского района.

      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Аким Сайрамского района М.Оразалиев

  Приложение к постановлению
акимата Сайрамского района
от 16 февраля 2026 года №190

Тарифы коммунального государственного учреждения "Центр социального обслуживания" отдела занятости и социальных программ Сайрамского района на оказание специальных социальных услуг на 2026 год

Наименование

Ежемесячный тариф (тенге) на 1 услугу, оказываемую услугополучателю

 
1

Предоставление специальных социальных услуг на дому пожилым людям и лицам с инвалидностью (лицам с инвалидностью первой и второй групп, лицам, неспособным самостоятельно ухаживать за собой в связи с преклонным возрастом).

66 620,25

 
2

Оказание специальных социальных услуг на дому детям с инвалидностью и лицам с инвалидностью старше 18 лет (детям с инвалидностью от полутора до восемнадцати лет, страдающим психоневрологическими и опорно-двигательными расстройствами).

66 620,25