Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 108-бабының 1, 5-тармақтарына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 3) тармақшасына сәйкес, Қазығұрт ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қазығұрт аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Қызылқия ауыл округінің келесі елді мекендерінің шекаралары өзгертілсін және белгіленсін:
1) Қызылқия елді мекенінің шекараларына Қазығұрт ауданының ауылшаруашылығы мақсатындағы 4,0 гектар жерлерді қосу арқылы, Қызылқия елді мекенінің шекаралары өзгертіліп, жалпы ауданы 280,5434 гектар болып белгіленсін;
2) Айнатас елді мекенінің шекараларына Қазығұрт ауданының ауылшаруашылығы мақсатындағы 3,0 гектар жерлерді қосу арқылы, Айнатас елді мекенінің шекаралары өзгертіліп, жалпы ауданы 183,45 гектар болып белгіленсін;
3) Атажұрт елді мекенінің шекараларына Қазығұрт ауданының ауылшаруашылығы мақсатындағы 11,34 гектар жерлерді қосу арқылы, Атажұрт елді мекенінің шекаралары өзгертіліп, жалпы ауданы 94,33 гектар болып белгіленсін;
4) Ынталы елді мекенінің шекараларына Қазығұрт ауданының ауылшаруашылығы мақсатындағы 4,0 гектар жерлерді қосу арқылы, Ынталы елді мекенінің шекаралары өзгертіліп, жалпы ауданы 114,1804 гектар болып белгіленсін;
5) Қызылсеңгір елді мекенінің шекараларына Қазығұрт ауданының ауылшаруашылығы мақсатындағы 6,0 гектар жерлерді қосу арқылы, Қызылсеңгір елді мекенінің шекаралары өзгертіліп, жалпы ауданы 122,0692 гектар болып белгіленсін;
2. Осы бірлескен Қазығұрт ауданы әкімдігінің қаулысы мен Қазығұрт аудандық мәслихатының шешімінің орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы бірлескен Қазығұрт ауданы әкімдігінің қаулысы мен Қазығұрт аудандық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | А. Исмаилов |
| Аудандық мәслихат төрағасы | Т. Калымбетов |