"Түркістан облыстық мәслихаты аппараты" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

Түркістан облысы Түркістан қалалық мәслихатының 2026 жылғы 16 қыркүйектегі № 26/359-VIIІ шешімі

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Түркістан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса берілген "Түркістан облыстық мәслихаты аппараты" мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.

      2. "Түркістан облыстық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесін құру туралы" Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2001 жылғы 27 наурыздағы №36/102-ІІ шешімінің 4-ші "4.Түркістан облыстық мәслихаты аппараты" мемлекеттік мекемесінің Жарғысы бекітілсін" тармағының күші жойылсын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихат төрағасы Н. Әбішов

  Түркістан облыстық мәслихатының
  2026 жылғы 16 қыркүйектегі
  № 26/359-VIII шешімімен бекітілген

"Түркістан облыстық мәслихаты аппараты" мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ

1-тарау. Жалпы ережелер

      1."Түркістан облыстық мәслихаты аппараты" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Мәслихат аппараты) Түркістан облыстық мәслихатының, оның органдары мен депутаттарының қызметін ұйымдастырушылық, құқықтық, ақпараттық-талдамалық, құжаттамалық, қаржылық-шаруашылық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2.Мәслихат аппаратының ведомстволары жоқ.

      3.Мәслихат аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4.Мәслихат аппараты мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның рәміздері мен айырым белгілері (бар болса), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5.Мәслихат аппараты азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      6.Мәслихат аппараты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7.Мәслихат аппараты өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен маслихат аппараты басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8.Мәслихат аппаратының құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9.Заңды тұлғаның орналасқан жері: 161200, Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Жаңа қала шағын ауданы, 32 көше 18 ғимарат.

      10.Осы Ереже мәслихат аппаратының құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Мәслихат аппаратының қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Мәслихат аппаратына кәсіпкерлік субъектілерімен Мәслихат аппаратының өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

2-тарау. Мәслихат аппаратының мақсаттары, функциялары мен өкілеттіктері

      13. Мақсаттары:

      1)Түркістан облыстық мәслихатының, оның органдары мен депутаттарының қызметін ұйымдастырушылық, құқықтық, ақпараттық-талдамалық, құжаттамалық, қаржылық-шаруашылық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз ету;

      2)Түркістан облыстық мәслихатының және оның органдарының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өкілеттіктерін іске асыруы үшін қажетті жағдайлар жасау;

      3)мәслихат қызметінің ашықтығын, халықпен, мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету.

      14. Өкілеттіктері:

      1)құқықтары:

      1.1) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан, ұйымдардан және лауазымды адамдардан қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды сұратуға және алуға;

      1.2.) аппараттың құзыретіне жататын мәселелер бойынша кеңестерге, комиссияларға және жұмыс топтарына қатысуға;

      1.3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік ақпараттық жүйелер мен дерекқорларды пайдалануға;

      1.4) аппараттың құқықтары мен заңды мүдделерін мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда және сотта білдіруге;

      1.5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға;

      2)міндеттері:

      2.1) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға;

      2.2) аппаратқа жүктелген мақсаттар мен функциялардың уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етуге;

      2.3) бюджет қаражаты мен мемлекеттік мүліктің тиімді және мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етуге;

      2.4) құжаттардың, жолданымдардың және депутаттық сауалдардың заңнамада белгіленген тәртіппен қаралуын қамтамасыз етуге;

      2.5) мемлекеттік құпияларды, дербес деректерді және заңмен қорғалатын өзге де құпияны қорғауға;

      2.6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қызмет туралы заңнама талаптарын сақтауға;

      2.7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де міндеттерді орындауға.

      15.Функциялары:

      1)мәслихат сессияларын, мәслихаттың тұрақты және уақытша комиссияларының, өзге де органдарының отырыстарын ұйымдастырушылық және құжаттамалық қамтамасыз ету;

      2)мәслихаттың жұмыс жоспарларын, сессиялардың және комиссиялар отырыстарының күн тәртібі жобаларын әзірлеуді, қажетті материалдарды жинауды, жүйелеуді және депутаттарға уақтылы ұсынуды қамтамасыз ету;

      3)мәслихат пен оның органдары актілерінің жобаларын құқықтық сүйемелдеуді, олардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін тексеруді қамтамасыз ету;

      4)мәслихат сессияларының, тұрақты және уақытша комиссиялар отырыстарының хаттамаларын ресімдеу, қабылданған шешімдер мен ұсынымдарды орындаушыларға жеткізу;

      5)мәслихат шешімдерінің, комиссиялар ұсынымдарының және хаттамалық тапсырмалардың орындалуына мониторинг жүргізу, олардың іске асырылу барысы туралы ақпарат дайындау;

      6)мәслихат депутаттарына өз өкілеттіктерін жүзеге асыруда ұйымдастырушылық, құқықтық, ақпараттық-талдамалық және консультациялық көмек көрсету, оларды қажетті материалдармен қамтамасыз ету;

      7)депутаттық сауалдар мен депутаттық өтініштерді тіркеу, олардың қаралуына және жауаптардың заңнамада белгіленген мерзімдерде ұсынылуына мониторинг жүргізу;

      8)мәслихат депутаттарына жаза қолдануға байланысты мәселелерді дайындау, сондай-ақ мәслихат сессиялары мен оның органдарының отырыстарына депутаттардың қатысуын мониторингтеу;

      9)депутаттардың сайлаушылармен кездесулерін, азаматтарды қабылдауын және мәслихаттың халықпен кері байланысын ұйымдастырушылық қамтамасыз ету;

      10)жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қабылдау, тіркеу және қарау, азаматтарды жеке қабылдауды ұйымдастыру;

      11)мәслихаттың қызметі туралы ақпараттық-талдамалық материалдар, анықтамалар, баяндамалар және басқа да құжаттар дайындау;

      12)мәслихат қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету, оның шешімдерін және өзге де ақпаратты заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялауды және интернет-ресурста орналастыруды ұйымдастыру;

      13)мәслихаттың іс қағаздарын жүргізуді, құжат айналымын, мұрағат ісін және мемлекеттік тілдің қолданылуын ұйымдастыру;

      14)Мәслихат аппаратында мемлекеттік қызмет, еңбек қатынастары, персоналды басқару, қызметтік тәртіп, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

      15)бюджеттік жоспарлау, бухгалтерлік есеп пен есептілік, мемлекеттік сатып алу, аппарат мүлкін есепке алу және сақтау, мәслихат пен оның органдарының қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жүзеге асыру;

      16)Мәслихат аппаратының құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, ақпараттық қауіпсіздік, дербес деректерді және заңмен қорғалатын өзге де құпияны қорғау жөніндегі шараларды іске асыру;

      17)мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен, бұқаралық ақпарат құралдарымен және қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;

      18)Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Ережеде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

3-тарау. Мәслихат аппараты басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      16. Мәслихат аппараты қызметіне басшылықты мәслихат аппаратына жүктелген мақсаттар мен функциялардың орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болатын мәслихат аппаратының басшысы жүзеге асырады.

      17. Мәслихат аппараты басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады. Мәслихат аппараты басшысын тәртіптік жауаптылыққа тарту мәселелері мәслихат төрағасының өкімімен шешіледі.

      18. Мәслихат аппараты басшысының өкілеттіктері:

      1)Мәслихат аппаратының қызметіне басшылық жасайды;

      2)өз құзыреті шегінде мәслихат аппаратының қызметін ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;

      3)Мәслихат аппаратының "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілерін мемлекеттік лауазымдарға тағайындайды және мемлекеттік лауазымдардан босатады;

      4)техникалық персоналдың және келісімшарттық қызметшілерді жұмысқа қабылдайды және босатады;

      5)Мәслихат аппаратының тәртіптік және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;

      6)қызметтік тәртіптің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

      7)Мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілер, техникалық персоналдың және келісімшарттық қызметшілерді іссапарға жіберу, оларға демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру, көтермелеу, оларға үстемеақылар белгілеу мәселелерін шешеді;

      8)Мәслихат аппараты мемлекеттік қызметшілерінің тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін шешеді;

      9)өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді;

      10)мәслихат сессияларын, мәслихаттың тұрақты және уақытша комиссияларының отырыстарын ұйымдастырады;

      11)мемлекеттік мекеменің құрылымын бекітеді;

      12)Заңдарда белгіленген адам саны мен қаражаттар лимиті шегінде мемлекеттік мекеменің ұстаудың шығынын айқындайды.

      13)мемлекеттік мекеменің жұмыс істеу тәртібін айқындайды;

      14)мәслихат шешімдерінің жобаларын, мәслихат депутаттарын іссапарға жіберу жөніндегі және мәслихат төрағасы немесе мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрағасы болмаған жағдайда міндеттерді жүктеу жөніндегі бұйрықтарды дайындайды;

      15)депутаттардың біліктілігін арттыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады;

      16)бекітілген заң талаптарына сай басқа да міндеттерді айқындайды.

      17)мекеменің қаржы-шаруашылық құжаттарына бірінші қол қою құқығы Мәслихат аппаратының басшысына беріледі.

      18)Мәслихат аппараты басшысы өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады.

      19) Мәслихат аппараты басшысына жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      19. Мәслихат аппараты басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оны алмастыратын адам жүзеге асырады.

4-тарау. Мәслихат аппаратының мүлкі

      20. Мәслихат аппаратының заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. Мәслихат аппаратының мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      21. Мәслихат аппаратына бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, мәслихат аппараты өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Мәслихат аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату

      23. Мәслихат аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады

Об утверждении Положения государственного учреждения "Аппарат Туркестанского областного маслихата"

Решение маслихата города Туркестан Туркестанской области от 16 сентября 2026 года № 26/359-VIIІ

      В соответствии с Законом Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Туркестанский областной маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить прилагаемое Положение государственного учреждения "Аппарат Туркестанского областного маслихата".

      2. Отменить пункт 4 "4.Устав государственного учреждения "Аппарат Туркестанского областного маслихата" утвердить" решения Южно-Казахстанского областного маслихата "О создании государственного учреждения "Аппарат Туркестанского областного маслихата" от 27 марта 2001 года №36/102-ІІ.

      3. Настоящее решение вводится в действия со дня его первого официального опубликования.

      Председатель областного маслихата Н. Абишов

  Утверждено решением
  Туркестанского областного маслихата
  от 16 сентября 2026 года № 26/359-VIII

ПОЛОЖЕНИЕ государственного учреждения "Аппарат Туркестанского областного маслихата"

Глава 1. Общие положения

      1.Государственное учреждение "Аппарат Туркестанского областного маслихата" (далее – Аппарат маслихата) является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим организационное, правовое, информационно-аналитическое, документационное, финансово-хозяйственное, материально-техническое и иное обеспечение деятельности Туркестанского областного маслихата, его органов и депутатов.

      2.Аппарат маслихата не имеет ведомств.

      3.Аппарат маслихата осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.

      4.Аппарат маслихата является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет символы и знаки отличия (при наличии), печати с изображением Государственного Герба Республики Казахстан и штампы со своим наименованием на казахском и русском языках, бланки установленного образца, счета в органах казначейства в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      5.Аппарат маслихата вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.

      6.Аппарат маслихата имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если он уполномочен на это в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      7.Аппарат маслихата по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые приказами руководителя аппарата и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.

      8.Структура и лимит штатной численности Аппарата маслихата утверждаются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      9.Местонахождение юридического лица: Республика Казахстан, Туркестанская область, город Туркестан, район Жаңа қала, улица 32, здание 18, почтовый индекс 161200.

      10.Настоящее Положение является учредительным документом Аппарата маслихата.

      11.Финансирование деятельности Аппарата маслихата осуществляется из местного бюджета в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      12.Аппарату маслихата запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся полномочиями Аппарата маслихата.

Глава 2. Цели, функции и полномочия Аппарата маслихата

      13.Цели:

      1)организационное, правовое, информационно-аналитическое, документационное, финансово-хозяйственное, материально-техническое и иное обеспечение деятельности Туркестанского областного маслихата, его органов и депутатов;

      2)создание необходимых условий для реализации Туркестанским областным маслихатом и его органами полномочий, установленных законодательством Республики Казахстан;

      3)обеспечение открытости деятельности маслихата, его взаимодействия с населением, государственными органами, организациями и органами местного самоуправления.

      14.Полномочия:

      1) права: запрашивать и получать в пределах своей компетенции от государственных органов, организаций и должностных лиц необходимые информацию, документы и материалы;

      1.2) участвовать в совещаниях, комиссиях и рабочих группах по вопросам, относящимся к компетенции Аппарата маслихата;

      1.3) пользоваться в установленном законодательством порядке государственными информационными системами и базами данных;

      1.4) представлять права и законные интересы Аппарата маслихата в государственных органах, иных организациях и суде;

      1.5) осуществлять иные права, предусмотренные законодательством Республики Казахстан;

      2) обязанности:

      2.1) соблюдать Конституцию и законы Республики Казахстан, права и законные интересы физических и юридических лиц;

      2.2) обеспечивать своевременное и качественное выполнение возложенных на Аппарат маслихата целей и функций;

      2.3) обеспечивать эффективное и целевое использование бюджетных средств и государственного имущества;

      2.4) обеспечивать рассмотрение документов, обращений и депутатских запросов в порядке, установленном законодательством;

      2.5) обеспечивать защиту государственных секретов, персональных данных и иной охраняемой законом тайны;

      2.6) соблюдать требования законодательства о противодействии коррупции и государственной службе;

      2.7) выполнять иные обязанности, установленные законодательством Республики Казахстан.

      15.Функции:

      1)организационное и документационное обеспечение сессий маслихата, заседаний постоянных и временных комиссий, иных органов маслихата;

      2)обеспечение разработки планов работы маслихата, проектов повесток сессий и заседаний комиссий, сбора, систематизации и своевременного представления депутатам необходимых материалов;

      3)обеспечение правового сопровождения проектов актов маслихата и его органов, проверки их соответствия законодательству Республики Казахстан;

      4)оформление протоколов сессий маслихата, заседаний постоянных и временных комиссий, доведение принятых решений и рекомендаций до исполнителей;

      5)проведение мониторинга исполнения решений маслихата, рекомендаций комиссий и протокольных поручений, подготовка информации о ходе их реализации;

      6)оказание депутатам маслихата организационной, правовой, информационно-аналитической и консультационной помощи в осуществлении их полномочий, обеспечение их необходимыми материалами;

      7)регистрация депутатских запросов и депутатских обращений, мониторинг их рассмотрения и представления ответов в сроки, установленные законодательством;

      8)подготовка вопросов, связанных с применением взысканий к депутатам маслихата, а также мониторинг посещения депутатами сессий маслихата и заседаний его органов;

      9)организационное обеспечение встреч депутатов с избирателями, приема граждан и обратной связи маслихата с населением;

      10)прием, регистрация и рассмотрение обращений физических и юридических лиц в соответствии с законодательством Республики Казахстан, организация личного приема граждан;

      11)подготовка информационно-аналитических материалов, справок, докладов и иных документов о деятельности маслихата;

      12)обеспечение открытости деятельности маслихата, организация официального опубликования его решений и размещения иной информации на интернет-ресурсе в порядке, установленном законодательством;

      13)организация делопроизводства, документооборота, архивного дела и применения государственного языка в деятельности маслихата;

      14)организация в Аппарате маслихата работы по вопросам государственной службы, трудовых отношений, управления персоналом, служебной дисциплины, соблюдения государственными служащими норм служебной этики и повышения их квалификации;

      15)осуществление работы по бюджетному планированию, бухгалтерскому учету и отчетности, государственным закупкам, учету и сохранности имущества Аппарата маслихата, материально-техническому обеспечению деятельности маслихата и его органов;

      16)реализация в пределах компетенции Аппарата маслихата мер по противодействию коррупции, информационной безопасности, защите персональных данных и иной охраняемой законом тайны;

      17)обеспечение взаимодействия с государственными органами, организациями, органами местного самоуправления, средствами массовой информации и общественными объединениями;

      18) осуществление иных функций, предусмотренных законодательством Республики Казахстан и настоящим Положением.

Глава 3. Статус и полномочия руководителя Аппарата маслихата

      16.Руководство деятельностью Аппарата маслихата осуществляется руководителем Аппарата маслихата, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на Аппарат маслихата целей и функций и осуществление им своих полномочий.

      17.Руководитель Аппарата маслихата назначается на должность и освобождается от должности председателем Туркестанского областного маслихата в соответствии с законодательством Республики Казахстан. Вопросы привлечения к дисциплинарной ответственности руководителя Аппарата маслихата решаются распоряжением председателя маслихата.

      18.Полномочия руководителя Аппарата маслихата:

      1)руководит деятельностью Аппарата маслихата;

      2)организует, координирует и контролирует деятельность Аппарата маслихата в пределах своей компетенции;

      3)назначает на государственные должности и освобождает от государственных должностей административных государственных служащих корпуса "Б" Аппарата маслихата;

      4)принимает на работу и освобождает технического персонала и контрактных служащих;

      5)осуществляет общее руководство деятельностью дисциплинарной и конкурсной комиссий Аппарата маслихата;

      6)осуществляет контроль за соблюдением служебной дисциплины;

      7)решает вопросы прикомандирования государственных служащих, технического персонала и контрактных служащих Аппарата маслихата, предоставления им отпуска, оказания материальной помощи, подготовки, переподготовки и повышения квалификации, поощрения, установления надбавок к ним;

      8)решает вопросы дисциплинарной ответственности государственных служащих Аппарата маслихата;

      9)обеспечивает исполнение требований законодательства Республики Казахстан о противодействии коррупции в пределах своей компетенции;

      10)организует сессии маслихата, заседания постоянных и временных комиссий маслихата;

      11)утверждает структуру государственного учреждения в соответствии с законодательством;

      12)определяет расходы на содержание государственного учреждения, в пределах установленного законодательством лимита численности и ассигнований;

      13)определяет порядок организации работы государственного учреждения;

      14)готовит проекты решений маслихата, приказы по командированию депутатов маслихата и возложению обязанностей в случае отсутствия председателя маслихата или председателя постоянной комиссии маслихата;

      15)организует мероприятия по повышению квалификации депутатов;

      16)осуществляет иные функции, установленные законодательством;

      17)право первой подписи на финансово-хозяйственных документах учреждения предоставляется руководителю Аппарата маслихата;

      18)руководитель Аппарата маслихата в пределах своей компетенции издает приказы.

      19) осуществляет иные полномочия, возложенные на руководителя Аппарата маслихата.

      19.В период отсутствия руководителя Аппарата маслихата его полномочия осуществляет лицо, его замещающее, в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан.

Глава 4. Имущество Аппарата маслихата

      20.Аппарат маслихата может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством. Имущество Аппарата маслихата формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности, и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.

      21.Имущество, закрепленное за Аппаратом маслихата, относится к коммунальной собственности.

      22.Аппарат маслихата не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом, приобретенным за счет средств, предоставленных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

Глава 5. Реорганизация и упразднение Аппарата маслихата

      23.Реорганизация и упразднение Аппарата маслихата осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.