ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру, сондай-ақ резервтер қалыптастыру және олар бойынша актуарлық есеп-қисаптап жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2024 жылғы 29 наурыздағы № 160-НҚ бұйрығына (Мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34206 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттік үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру, сондай-ақ резервтер қалыптастыру және олар бойынша актуарлық есеп-қисаптар жүргізу қағидаларында:
21-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) корпоративтік басқару, ұйымның операциялық қызметі және оның цифрлық жүйелері саласындағы тәуекелдерді бақылаудың барабарлығы мен тиімділігін бағалау;";
43-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"9) Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры", "Бәйтерек" ұлттық инвестициялық холдингі" акционерлік қоғамдары шығарған борыштық бағалы қағаздарға;";
44-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"8) Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры", "Бәйтерек" ұлттық инвестициялық холдингі" акционерлік қоғамдары шығарған борыштық бағалы қағаздарға ("кері РЕПО" операцияларын ескере отырып) инвестициялардың баланстық құны – әрбір акционерлік қоғам үшін ЭКА меншікті капиталының 10%-нан аспайды;".
2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Экспортты ілгерілету департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес күнтізбелік күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде электрондық нысанда ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының үшінші және төртінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрі |
А. Шаққалиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу
және дамыту агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі