Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу тәртібі мен шарттарын айқындау туралы

Атырау облысы Мақат ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 29 маусымдағы № 112 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабы, "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының 5-тармағы 3) тармақшасына сәйкес, Мақат ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, аудандық бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу тәртібі мен шарттары айқындалсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А. Мамбетов

  Мақат ауданы әкімдігінің
2026 жылғы "29" маусымдағы
№ 112 қаулысына қосымша

Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу тәртібі мен шарттары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы аудандық бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу тәртібі мен шарттары "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының 5-тармағы 3) тармақшасының негізінде әзірленді және аудандық бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу тәртібі мен шарттарын айқындайды.

2-тарау. Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу шарттары

      2. Ынталандыру үстемеақысы персоналды ынталандыру мақсатында белгіленетін төлем болып табылады.

      3. Бюджеттік ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақысына ынталандыру үстемеақысы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде қарастырылған материалдық көмектің және ынталандыру төлемінің бұрыннан бар түрлеріне қосымша төлем болып табылады.

      4. Жұмыскерлердің лауазымдық айлықақысына ынталандыру үстемеақысын төлеу жұмыскерлердің еңбегін ынталандырудың төлем жасалған түрлерін (сыйлықақы, қосымша ақы, лауазымдарды қоса атқарғаны үшін, қамту аймағын кеңейткені үшін үстемеақы, үстеме жұмыс үшін ақы және басқалар) тоқтатуға негіз болып табылмайды.

      5. Жұмыскерлердің лауазымдық айлықақысына ынталандыру үстемеақысын төлеу күнтізбелік жыл ішінде ай сайын жүзеге асырылады.

      6. Ынталандыру үстемеақысы еңбекақының негізгі көрсеткіштерін, бюджет мүмкіндіктерін талдауға негізделе отырып және Қазақстан Республикасының заңнамасы өзгерген жағдайда жыл сайынғы негізде қайта қаралуы мүмкін.

      7. Ынталандыру үстемеақыларын белгілеу құқығын беретін қызметкердің қызметінің нәтижелерін сипаттайтын негізгі көрсеткіштер:

      1) орындаушылық және еңбек тәртібін сақтау;

      2) белгілі бір кезеңдегі жұмыс нәтижелеріне қол жеткізу;

      3) лауазымдық міндеттерді үлгілі және мінсіз орындау, аса маңызды және күрделі тапсырмаларды орындау және жұмыстағы басқа да жетістіктер;

      4) ұйымдардың одан әрі қалыпты (үздіксіз) жұмысы шұғыл орындалуына байланысты болатын шұғыл және алдын ала күтпеген жұмыстарды орындау;

      5) егер уақытша болмаған жұмыскерді алмастырушы қызметкердің лауазымдық міндеттеріне кірмейтін болса, қысқартылған және/немесе уақытша болмаған жұмыскерлердің функцияларын өзінің негізгі жұмысынан босамай орындау;

      6) оған міндеттердің кеңейтілген шеңберін, жоғары кәсіби деңгеймен және құзыреттілікпен ұштастырылған жұмыстағы жеткілікті тәжірибе (өтіл) мен дағдыларды, оларды практикада табысты қолданумен, сондай-ақ басқа да көрсеткіштерді жүктеу;

      7) бұдан басқа, мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтері бар құжаттармен жұмысты жүзеге асыратын қызметкерге лауазымдық жалақыға үстемеақы олардың орындалу көлеміне қарай, сондай-ақ оның кейбір құқықтарын шектегені және қосымша жауаптылығы үшін белгіленуі мүмкін;

      8) үстемеақылар сондай-ақ мынадай объективті мән-жайларға байланысты қызметкерді төмен ақы төленетін лауазымға (неғұрлым жеңіл жұмысқа) ауыстыру (тағайындау) кезінде белгіленуі мүмкін: осы органда еңбек міндеттерін атқаруға байланысты алынған еңбек мертігуі, кәсіптік ауруы немесе денсаулығының өзге де зақымдануы еңбекке жарамдылығын қалпына келтіргенге, не мүгедектік белгіленгенге дейін.

      8. Ынталандыру үстемеақысы:

      1) жұмыскер сынақ мерзімінде болған кезеңде;

      2) алынбаған тәртіптік жаза болған кезде;

      3) ұйымда бір айдан аз жұмыс істегендерге;

      4) лауазымның тиісті санатының функцияларын уақытша атқарған жағдайда;

      5) жұмыскердің еңбекке уақытша жарамсыздығы кезеңінде;

      6) жалақысы сақталмайтын демалыс кезеңінде;

      7) оқу демалысы кезеңінде;

      8) жүктілікке және бала (балалар) тууға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты демалыс кезеңінде;

      9) бала үш жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша жалақысы сақталмайтын демалыс кезеңінде төленбейді.

      9. Мақат ауданының аудандық бюджеті бюджеттік ұйым жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақысына ынталандыру үстемеақысы төлемін қаржыландыру көзі болып табылады.

      10. Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақылары Мақат аудандық мәслихатының шешімі бойынша белгіленеді.

3-тарау. Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу тәртібі

      11. Лауазымдық жалақыға ынталандырушы үстемеақыларын белгілеу аудандық бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдардың дербес құрылымдық бөлімшелері басшыларының жазбаша ұсынысы негізінде Ұйымның басшысының не оны алмастыратын тұлғаның бұйрығымен жүргізіледі.

      12. Жазбаша ұсынымды дербес құрылымдық бөлімшелер қызметкерінің тікелей басшысы мемлекеттік ұйымның бірінші басшысына шығарады.

      13. Ұсынымда қызметкердің тегі мен лауазымы, жәрдемақының негіздері мен мөлшері көрсетіледі.

      14. Ұсынымды ұйым басшысы күнтізбелік 20 күннен аспайтын мерзімде қарайды.

      15. Ұйымның басшысы ұсынымды қарау нәтижесінде лауазымдық жалақыға ынталандыру үстемеақысын белгілеуден бас тарту себептерін негіздей отырып келіседі немесе бас тартады.

      16. 8-тармақта көрсетілген шарттар жұмыскерлерге ынталандыру үстемеақысын төлеуден бас тарту үшін негіз болып табылады.

      17. Бюджеттік бағдарлама әкімшісі ынталандыру үстемеақысының белгіленген мөлшері негізінде қосымша бюджет қаражатына қажеттілікті қалыптастырады және бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға бюджеттік өтінімді жолдайды.

      18. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасының талаптарына сәйкес ынталандыру үстемеақысы бойынша қосымша қажеттілікті аудандық бюджет комиссиясына қарауға шығарады.

Об определении порядка и условий установления стимулирующих надбавок к должностным окладам работников организаций, финансируемых из районного бюджета

Постановление акимата Макатского района Атырауской области от 29 июня 2026 года № 112

      В соответствии со статьями 37 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 3) пункта 5 постановления Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2015 года № 1193 "О системе оплаты труда гражданских служащих, работников организаций, содержащихся за счет средств государственного бюджета, работников казенных предприятий", акимат Макатского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Определить порядок и условия установления стимулирующих надбавок к должностным окладам работников организаций, финансируемых из районного бюджета согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима района.

      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Аким района Мамбетов А.

  Приложение к постановлению
акимата Макатского района
от "29" июня 2026 года № 112

Порядок и условия установления стимулирующих надбавок к должностным окладам работников организаций, финансируемых из районного бюджета

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящий порядок и условия установления стимулирующих надбавок к должностным окладам работников организаций, финансируемых из районного бюджета разработан на основании подпункта 3) пункта 5 постановления Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2015 года № 1193 "О системе оплаты труда гражданских служащих, работников организаций, содержащихся за счет средств государственного бюджета, работников казенных предприятий" и определяет порядок и условия установления стимулирующих надбавок к должностным окладам работников организаций, финансируемых из районного бюджета.

Глава 2. Условия установления стимулирующих надбавок к должностным окладам работников организаций, финансируемых из районного бюджета

      2. Стимулирующие надбавки являются выплатами, устанавливаемыми с целью мотивирования персонала.

      3. Стимулирующие надбавки к должностным окладам работников бюджетных организаций являются дополнительными выплатами к уже имеющимся видам материальной помощи и стимулирующих выплат, предусмотренных Трудовым кодексом Республики Казахстан.

      4. Выплата стимулирующих надбавок к должностным окладам работников не является основанием для прекращения выплаченных видов стимулирования труда работников (премии, доплаты, надбавки за совмещение должностей, за расширение зоны покрытия, сверхурочные и другие).

      5. Выплата стимулирующих надбавок к должностным окладам работников осуществляется ежемесячно в течение календарного года.

      6. Стимулирующие надбавки могут быть пересмотрены на ежегодной основе, исходя из анализа основных показателей оплаты труда, возможностей бюджета и в случае изменения законодательства Республики Казахстан.

      7. Основными показателями, характеризующими результаты деятельности работника, дающими право на установление стимулирующих надбавок, являются:

      1) соблюдение исполнительской и трудовой дисциплины;

      2) достижение результатов работы за определенный период;

      3) образцовое и безупречное выполнение должностных обязанностей, выполнение заданий особой важности и сложности и другие достижения в работе;

      4) выполнение неотложной и заранее непредвиденной работы, от срочного выполнения которой зависит в дальнейшем нормальная (бесперебойная) работа Организации;

      5) выполнение функций, сокращенных и/или временно отсутствующих работников без освобождения от своей основной работы, если замещение временно отсутствующего работника не входит в должностные обязанности замещающего работника;

      6) возложение на него расширенного круга обязанностей, достаточный опыт (стаж) и навыки в работе, сочетающиеся с высоким профессиональным уровнем и компетенцией, с успешным их применением на практике, а также другие показатели;

      7) кроме того, надбавка к должностному окладу может быть установлена работнику, осуществляющему работу с документами, содержащими сведения, составляющие государственные секреты, в зависимости от объема их исполнения, а также за ограничение некоторых его прав и дополнительную ответственность;

      8) надбавки также могут быть установлены при переводе (назначении) работника на нижеоплачиваемую должность (более легкую работу), связанном с объективными обстоятельствами: трудовое увечье, профессиональное заболевание или иное повреждение здоровья, полученное в связи с исполнением трудовых обязанностей в этом органе, до восстановления трудоспособности либо установления инвалидности.

      8. Стимулирующие надбавки не выплачиваются:

      1) в период нахождения работника на испытательном сроке;

      2) при наличии неснятого дисциплинарного взыскания;

      3) проработавшим в организации менее одного месяца;

      4) в случае временного исполнения функций соответствующей категории должности;

      5) в период временной нетрудоспособности работника;

      6) в период отпуска без сохранения заработной платы;

      7) в период учебного отпуска;

      8) в период отпуска в связи с беременностью и рождением ребенка (детей), усыновлением (удочерением) новорожденного ребенка (детей);

      9) в период отпуска без сохранения заработной платы по уходу за ребенком до достижения им возраста трех лет.

      9. Источником финансирования выплат стимулирующих надбавок к должностному окладу работников бюджетных организаций является районный бюджет Макатского района.

      10. Стимулирующие надбавки к должностным окладам работников организаций, финансируемых из районного бюджета, устанавливаются по решению маслихата Макатского района.

Глава 3. Порядок установления стимулирующих надбавок к должностным окладам работников организаций, финансируемых из районного бюджета

      11. Установление стимулирующих надбавок к должностному окладу производится приказом руководителя Организации либо лица, его замещающего, на основании письменного представления руководителей самостоятельных структурных подразделений организаций, финансируемых из районного бюджета.

      12. Письменное представление вносится непосредственным руководителем работника самостоятельных структурных подразделений первому руководителю Организации.

      13. В представлении указываются фамилия и должность работника, и основания.

      14. Представление рассматривается руководителем Организации в срок не более 20-ти календарных дней.

      15. Руководитель организации в результате рассмотрения представления согласовывает либо отказывает с обоснованием причин отказа в установлении стимулирующей надбавки к должностному окладу.

      16. Основаниями для отказа в выплате работникам стимулирующих надбавок являются условия, указанные в пункте 8.

      17. Администратором бюджетной программы на основании установленного размера стимулирующих надбавок формируется потребность в дополнительных бюджетных средствах и направляется бюджетная заявка в местный уполномоченный орган по бюджетному планированию.

      18. Местный уполномоченный орган по бюджетному планированию в соответствии с требованиями Бюджетного законодательства Республики Казахстан выносит на рассмотрение районной бюджетной комиссии дополнительную потребность по стимулирующим надбавкам.