"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 14 бабының 4) тармақшасына және Атырау облысы жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2026 жылғы 20 қаңтардағы № 1,2 қорытындысына сәйкес, Сағыз ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қызылқоға ауданы Сағыз ауылдық округіндегі көшелерге "Тайшыбаев Сәрсен", "Ахметов Аққали" есімдері берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Округ әкімі | А. Арыстанов |