"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31, 37-баптарына және "Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастырудың ережесі мен әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32987 тіркелген) бекітілген Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер тарифтерін қалыптастыру ережесінің 4-тармағына сәйкес Қызылқоға ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қызылқоға ауданы бойынша 2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге арналған тарифтері бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылқоға ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы | Е. Иғали |
| Қызылқоға ауданы әкімдігінің 2026 жылғы "31" наурыз № 46 қаулысына қосымша |
|
| Қызылқоға ауданы әкімдігінің 2026 жылғы "31" наурыз № 46 қаулысымен бекітілген |
Қызылқоға ауданы бойынша 2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге арналған тарифтер
№ | Атауы | Қызмет алушыға көрсетілетін 1 қызметтің ай сайынғы тарифі (теңге) |
1. | Тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар балаларға жартылай стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету | 169373,45 |
2. | Психоневрологиялық патологиясы бар мүгедектігі бар балаларға жартылай стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету | 151393,45 |
3. | Қартаюына байланысты өз-өзіне қызмет көрсете алмайтын, сондай-ақ бірінші және екінші топ мүгедектігі бар адамдарға жартылай стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету | 49499,90 |