"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Атырау облыстық ономастика комиссиясының 2026 жылғы 20 қаңтардағы қорытындысы негізінде және Дамбы ауылдық округі тұрғындарының пікірін ескере отырып, ШЕШТІМ:
1. Атырау қаласы, Дамбы ауылдық округі, Дамбы ауылындағы көшесіне атау берілсін:
№ 14 көшеге - "Нәбиғали Есқалиев" көшесі.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Дамбы ауылдық округі әкімі | Т. Аубакиров |