Атырау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Атырау облысының мектепке дейінгі ұйымдары тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұйымдастыру туралы" Атырау облысы әкімдігінің 2023 жылғы 20 қарашадағы № 231 қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
"1. Облыстық бюджет қаражаты есебінен Атырау облысының мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарында келесі санаттағы тәрбиеленушілерге тамақтану құнының 100 % мөлшерінде тегін тамақтандыру ұйымдастырылсын:
1) жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға;
2) мүгедектігі бар балаларға;
3) атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балаларға.".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Облыс әкімі | С. Шәпкенов |