Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2023 жылғы 1 қарашадағы № 9/3 Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7610-15 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
10, 11 және 12-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:
"10. Әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынбай мұқтаж азаматтардың келесі санаттарына:
1) азаматқа (отбасына) табиғи зілзаланың салдарынан оған не оның мүлкіне нұқсан келтіру себебінен бір мезгілде тұрғын үй (тұрғын үй құрылысы) иелерінің біріне 100 (жүз) айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде;
2) азаматқа (отбасына) өрт салдарынан оған не оның мүлкіне нұқсан келтіру себебінен бір мезгілде тұрғын үй (тұрғын үй құрылысы) иелерінің біріне 100 (жүз) айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде;
3) туберкулез ауруымен диспансерлiк есепте тұрған адамдарға ай сайын 7 (жеті) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
4) диспансерлiк есепте тұрған адамның иммунтапшылық вирусын (АИТВ) жұқтырған балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне ай сайын ең төмен күнкөріс деңгейінің 2 (екі) еселенген мөлшерінде;
5) қатерлі ісікке шалдыққан адамдарға жылына 1 (бір) рет 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
6) "Әлеуметтік мәні бар аурулардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-108/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21263 болып тіркелген) бекітілген Әлеуметтік мәні бар аурулардың тізбесіне сәйкес әлеуметтік мәні бар аурулары бар адамдарға жылына 1 (бір) рет 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
7) қартайғандықтан өзіне күтім жасай алмайтын адамдарға жылына 1 (бір) рет 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
8) жетім балаларға, ата-ананың қамқорлығысыз қалған балаларға, жылына 1 (бір) рет 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
9) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған, пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларға, жылына 1 (бір) рет 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі;
Осы тармақтың 3) және 9) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша әлеуметтік көмек көрсету үшін адамның (отбасының) материалдық-тұрмыстық жағдайына тексеру жүргізу талап етілмейді.
11. Әлеуметтік көмек тұлғаның (отбасының) орташа табысы есепке алынып, ең төменгі күнкөріс деңгейінің бір еселік мөлшерінен аспайтын аз қамтылған азаматтарға (отбасыларға) және мемлекеттік жалпы білім беру гранттары мен кредиттерінің иегері болмаған, Солтүстік Қазақстан облысының аумағында орналасқан, күндізгі оқу нысанында жоғары кәсіптік білім беру ұйымдарында оқитын балалары бар отбасыларға жылына 1 (бір) рет 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
12. Әлеуметтік көмек келесі санаттағы азаматтардың табыстары есепке алынбай көрсетіледі:
Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша Заңның 8-бабында көрсетілген Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге Қазақстан Республикасының санаторийлерінде (профилакторийлерінде) санаторий-курорттық емделуге, өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша емдеу-алдын алу ұйымының ұсынымына сәйкес, азаматтардың осы санаттары мәртебесінің болу фактісін растайтын құжаттарды, сондай-ақ шот-фактура мен орындалған жұмыс (көрсетілген қызмет) ұсынған жағдайда, жылына 1 (бір) рет санаториялық-курорттық емделу құны мөлшерінде, бірақ 50 (елу) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын;
Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдарға және Заңның 8-бабында көрсетілген басқа да адамдарға 4 (төрт) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде табыстарын есепке алмай, уәкілетті ұйым ұсынатын тізім бойынша азаматтардан өтініштер мен қоса берілетін құжаттарды талап етпей, коммуналдық қызметтерге және отын сатып алуға ақы төлеуге міндетті;
бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін санаторлық-курорттық емделуге, уәкілетті ұйымның тізімі негізінде жеке көмекшінің еріп жүруіне жылына 1 рет 60 (алпыс) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Қазақстан Республикасының белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікті амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесіне енгізілмеген, емдеуші дәрігердің рецепті бойынша мамандандырылған емдік тамақтану тағайындалған мүгедектігі бар балаларға Шал ақын ауданының аудандық ауруханасымен ұсынатын тізім бойынша - ай сайын 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
Осы тармақтың күші Заңның 8-бабы бірінші бөлігінің 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген адамдарға қолданылмайды.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының төрағасы | Қ. Жанғожинов |