Тимирязев аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "2026-2028 жылдарға арналған Тимирязев ауданы Мичурин ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы" Тимирязев аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоксандағы № 31/14 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. 2026-2028 жылдарға арналған Тимирязев ауданы Мичурин ауылдық округінің бюджеті осы шешімге тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2026 жылға келесі көлемде бекітілсін:
1) кірістер – 55 705,3 мың теңге:
салықтық түсімдер – 7 064,2 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 572,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 300,0 мың теңге;
трансферттер түсімдері – 47 769,1 мың теңге;
2) шығындар – 55 705,4 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 мың теңге:
бюджеттік кредиттер – 0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 мың теңге;
4) қаржылық активтермен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге:
қаржылық активтерін сатып алу – 0 мың теңге;
мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 0,1 мың теңге;
6) бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы (профициті) - 0 мың теңге;
7) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 0,1 мың теңге:
қарыздар түсімі – 0 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 0 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0,1 мың теңге.";
5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"5. Ауылдық округ бюджетінде2026 жылға арналған аудандық бюджеттен берілетін бюджеттік субвенциялар 37 928,1 мың теңге сомасында көзделгені ескерілсін.";
6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"6. Ауылдық округ бюджетінде 2026 жылға арналған жоғары тұрған бюджеттен нысаналы трансферттердің түсімі 9 841,0 мың теңге сомасында көзделгені ескерілсін.";
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
| Аудандық мәслихаттың төрағасы | А. Асанова |
| Тимирязев аудандық мәслихатының | |
| 2026 жылғы 26 наурыздағы | |
| № 33/5 шешіміне қосымша |
2026 жылға арналған Мичурин ауылдық округінің бюджеті
Санаты | Сыныбы | Кіші сыныбы | Атауы | Сомасы (мың теңге) |
1) Кірістер | 55 705,3 | |||
1 | Салықтық түсімдер | 7 064,2 | ||
01 | Табыс салығы | 4 240 | ||
2 | Жеке табыс салығы | 4 240 | ||
04 | Меншікке салынатын салықтар | 2 654,2 | ||
1 | Мүлiккесалынатын салықтар | 127 | ||
3 | Жер салық | 15 | ||
4 | Көлік құралдарына салынатын салық | 2 512,2 | ||
5 | Бірыңғай жер салығы | 170 | ||
05 | Тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге салынатын iшкi салықтар | 170 | ||
3 | Табиғи және басқа да ресурстарды пайдаланғаны үшiн түсетiн түсiмдер | 170 | ||
2 | Салықтық емес түсімдер | 572 | ||
01 | Мемлекеттік меншіктен түсетін кірістер | 572 | ||
5 | Мемлекет меншігіндегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер | 572 | ||
3 | Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер | 300 | ||
03 | Жердi және материалдық емес активтердi сату | 300 | ||
1 | Жерді сату | 300 | ||
5 | Трансферттердің түсімдері | 47 769,1 | ||
02 | Мемлекеттік басқарудың жоғары тұрған органдарынан түсетін трансферттер | 47 769,1 | ||
3 | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен түсетін трансферттер | 47 769,1 | ||
Функционалдық топ | Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі | Бағдарлама | Атауы | Сомасы (мың теңге) |
2) Шығындар | 55 705,4 | |||
1 | Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер | 48 910,3 | ||
124 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты | 48 910,3 | ||
001 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер | 48 910,3 | ||
7 | Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық | 741 | ||
124 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты | 741 | ||
008 | Елді мекендердің көшелерін жарықтандыру | 741 | ||
8 | Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік | 5 307,8 | ||
124 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты | 5 307,8 | ||
006 | Жергілікті деңгейде мәдени-демалыс жұмыстарын қолдау | 5 307,8 | ||
12 | Көлiк және коммуникация | 746,2 | ||
124 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты | 746,2 | ||
013 | Аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде, ауылдарда, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету | 746,2 | ||
3) Таза бюджеттік кредиттеу | 0 | |||
4) Қаржылық активтермен жасалатын операциялар бойынша сальдо | 0 | |||
5) Бюджет тапшылығы (профицитi) | - 0,1 | |||
6) Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) | 0,1 | |||
| Сыныбы | Кіші сыныбы | Атауы | Сомасы (мың теңге) |
8 | Пайдаланылған бюджет қалдықтары | 0,1 | ||
01 | Қалған бюджет қаражаты | 0,1 | ||
1 | Бюджет қаражатының бос қалдықтары | 0,1 |