"Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 2026 жылғы 11 тамыздағы № 43-5 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 3-тармағының 7) тармақшасына, "Мәслихаттың үлгі регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген мәслихаттың үлгі регламентінің 79-тармағына және "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ереже (бұдан әрі – Ереже) бекітілсін.

      2. "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі:

      1) осы шешімге қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін электрондық түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      2) осы шешім ресми жарияланғаннан кейін оны Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) жоғарыда көрсетілген Ережені заңнамада белгіленген тәртіппен әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан мәслихаты аппаратының басшысы С.Қ. Майәміроваға жүктелсін.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының төрағасы С. Баумағанбетов

  Солтүстік Қазақстан облысы
  Ғабит Мүсірепов атындағы
  аудан мәслихатының
  2026 жылғы 11 тамыздағы
  № 43-5 шешімімен бекітілген

"Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының аппараты) Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының, оның органдары мен депутаттарының қызметін қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихаты аппаратының ведомстволары жоқ.

      3. Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, сондай - ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының аппараты мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және өз атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының аппараты азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      6. Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының аппараты, егер оған "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңына, бюджет және қаржы заңнамаларына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының аппараты өз құзыретіндегі мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен, мәслихат төрағасының өкімдерімен, Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының аппараты басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды, олар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа күрес туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы", "Мемлекеттік сатып алулар туралы", "Азаматтық қорғау туралы", "Құқықтық актілер туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне сәйкес қабылданады.

      8. Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихаты аппаратының құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңдарына, сондай - ақ осы Ережеге сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 150400, Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы аудан, Новоишим ауылы, Абылай хан көшесі, 28.

      10. Осы Ереже Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихаты аппаратының құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихаты аппаратының қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының аппаратына кәсіпкерлік субъектілерімен Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихаты аппаратының өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының аппаратына Қазақстан Республикасының заңдарымен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2-тарау. Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихаты аппаратының мақсаттары, функциялары мен өкілеттіктері

      13. Мақсаттары:

      1) мәслихат пен оның органдарын ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру, депутаттарға өздерінің өкілеттігін жүзеге асыруға көмек көрсету;

      2) мәслихаттың қызметін Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңында белгіленген тәртіппен сессияларда, тұрақты комиссиялар және депутаттар арқылы қамтамасыз ету;

      3) мәслихат сессияларында жергілікті бюджет кірістерін қысқартуды немесе жергілікті бюджет шығыстарын ұлғайтуды көздейтін нормативтік құқықтық актілердің және азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілерді қабылдауды қамтамасыз ету;

      4) мәслихат төрағасының, мәслихат депутаттарының және Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихаты аппаратының қызметінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету;

      5) Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының қызметі туралы халықтың хабардар болуын қамтамасыз ету;

      6) Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Қоғамдық кеңесі қызметіне ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді жүзеге асыру.

      14. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      өз құзіреті шегінде Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихаты қызметінің мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларынан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпараттарды сұрату және алу;

      аудандық мәслихаттың және оның тұрақты комиссияларының қарауына енгізілетін мәселелерді дайындауға қатысу үшін мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың қызметкерлерін тарту;

      депутаттардың сауалдары мен депутаттық ұсыныстарды уақытылы қарауды және іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдар мен ұйымдарға депутаттық сауалдар, ұсыныстар, пікірлер, хабарламалар, шағымдар жіберу;

      облыстың тексеру комиссиясынан аудан бюджетінің атқарылуы мәселелері бойынша жүргізілген бақылау іс-шаралары туралы ақпарат сұратуға құқылы;

      қабылданған шешімдердің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарының орындалуына бақылауды жүзеге асыру;

      2) міндеттері:

      Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының аппаратына жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау;

      Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттарына сәйкес келмейтін шешімдер қабылдауға жол бермеу;

      ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасының мүдделерін сақтау;

      азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз ету;

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау.

      15. Функциялары:

      1) мәслихат сессиясын дайындауды және өткізуді қамтамасыз ету, оның ішінде мәслихат сессиясына енгізілген негізгі мәселелердің бекітілген Тізбесі негізінде, сондай-ақ тұрақты комиссиялар, депутаттар, аудан әкімі енгізетін мәселелер бойынша;

      2) депутаттарды сессияның, тұрақты комиссиялардың қарауына енгізілген сұрақтар бойынша шешім жобаларымен және басқа да материалдармен қамтамасыз ету;

      3) аудандық мәслихат сессияларында жергілікті бюджеттерді қысқартуды немесе жергілікті бюджет шығыстарын ұлғайтуды көздейтін нормативтік құқықтық актілерді және аудандық мәслихатының құзыреті шегінде қабылданған азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілерді қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес қабылдауды қамтамасыз ету;

      4) әділет органдарында азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты жалпыға міндетті маңызы бар мәслихат шешімдеріне мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз ету;

      5) аудандық мәслихат қабылдаған және (немесе) әзірлеушісі болып табылатын нормативтік құқықтық актілеріне қатысты тұрақты құқықтық мониторингті жүргізуді қамтамасыз ету;

      6) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес депутаттардың қызметін қамтамасыз етуге және депутаттардың біліктілігін арттыруға жұмсалатын шығыстарды айқындау, сондай-ақ іссапар шығыстарын өтеу;

      7) "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аудандық мәслихаттың ресми сайтының жұмыс істеуін және уақтылы жаңартылуын қамтамасыз ету;

      8) аудандық мәслихат қабылдаған нормативтік құқықтық актілерді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде, аудандық мәслихаттың интернет-ресурсында және бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыру;

      9) аудандық мәслихат әзірлеуші болып табылатын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру;

      10) тұрақты комиссиялардың отырыстарына, қоғамдық тыңдауларға, жұмыс сапарларына дайындық жүргізу, күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдарды талдау, қорытындылау және оларды тұрақты комиссия мүшелеріне уақтылы ұсыну, сондай-ақ комиссия қаулыларының жобаларын әзірлеу және келісу;

      11) аудан мәслихатының қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз ету;

      12) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сайлаушылар кездесулерде және өтініштерді, ұсыныстарды, проблемалық мәселелерді қабылдауда айтқан қорытындылары бойынша депутаттық сауалдар дайындауды қамтамасыз ету;

      13) Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңына сәйкес округтік және учаскелік сайлау комиссияларын қалыптастыру;

      14) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңының талаптарына сәйкес кадрлық жұмысты жүргізу;

      15) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

      16) құжаттарды басқарудың, құжаттармен жұмысты ұйымдастырудың және олардың орындалуын бақылаудың бірыңғай тәртібін, соның ішінде электрондық құжат айналымы жүйесінде қамтамасыз ету.

      17) мүліктің және міндеттемелердің болуы мен қозғалысын есепке алуды қамтамасыз ету, бекітілген нормаларға, нормативтер мен сметаларға, міндеттемелер мен төлемдер бойынша бюджеттік бағдарламаларды қаржыландырудың жеке жоспарларына сәйкес материалдық және қаржы ресурстарын пайдалану, шаруашылық қызметтің теріс нәтижелерін болғызбау;

      18) мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындау;

      19) Қазақстан Республикасының соттарында Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихаты аппаратының мүдделерін білдіру және қорғауды қамтамасыз ету;

3-тарау. Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихаты аппаратының бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      16. Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихаты аппаратына басшылықты Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихаты аппаратының басшысы жүзеге асырады, ол Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының аппаратына жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      17. Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихаты аппаратының басшысы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы" заңдарына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      18. Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихаты аппараты басшысының орынбасарлары жоқ.

      19. Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихаты аппараты басшысының өкілеттіктері:

      1) Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихаты аппаратының қызметіне басшылық жасайды;

      2) өз құзыреті шегінде аппараттың қызметін ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;

      3) мәслихат аппаратының "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілерін мемлекеттік лауазымдарға тағайындайды және мемлекеттік лауазымдардан босатады;

      4) мәслихат аппаратының тәртіптік және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;

      5) қызметтік тәртіптің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

      6) мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілерін іссапарға жіберу, оларға демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру, көтермелеу, оларға үстемеақылар белгілеу мәселелерін шешеді;

      7) мәслихат аппараты мемлекеттік қызметшілерінің тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін шешеді;

      8) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді;

      9) мәслихат сессияларын, мәслихаттың тұрақты және уақытша комиссияларының отырыстарын ұйымдастырады;

      10) мәслихат шешімдерінің жобаларын, мәслихат депутаттарын іссапарға жіберу жөніндегі және мәслихат төрағасы немесе мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрағасы болмаған жағдайда міндеттерді жүктеу жөніндегі бұйрықтарды дайындайды;

      11) депутаттардың біліктілігін арттыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады;

      12) аппарат басшысына жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;

      13) аудан мәслихатына Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының аппараты туралы Ережені, құрылымы мен штат санының лимитін бекітуге ұсынады;

      14) осы Ережеде белгіленген құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады;

      15) аппарат басшысына жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихаты аппаратының басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмасыратын тұлға жүзеге асырады.

4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

      20. Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихаты аппаратының Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихаты аппаратының мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай - ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік және Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      21. Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының аппаратына бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының аппараты өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      23. Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының Азаматтық және Еңбек кодекстеріне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы", "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңдарына, сонымен қатар, осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.

      Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихаты аппаратының қарамағында ұйымдар жоқ.

      Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихаты аппаратының қарамағында аумақтық органдар жоқ.

      Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихаты аппаратының қарамағында мемлекеттік мекемелер жоқ.

Об утверждении Положения о коммунальном государственном учреждении "Аппарат маслихата района имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области"

Решение маслихата района имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области от 11 августа 2026 года № 43-5

      В соответствии с подпунктом 7) пункта 3 статьи 8 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", пунктом 79 Типового регламента маслихата, утвержденного Указом Президента Республики Казахстан "Об утверждении Типового регламента маслихата" и постановлением Правительства Республики Казахстан от 1 сентября 2021 года № 590 "О некоторых вопросах организации деятельности государственных органов и их структурных подразделений", маслихат района имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области РЕШИЛ:

      1. Утвердить прилагаемое Положение коммунального государственного учреждения "Аппарат маслихата района имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области" (далее – Положение).

      2. Коммунальному государственному учреждению "Аппарат маслихата района имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области" обеспечить:

      1) в течение пяти рабочих дней со дня подписания настоящего решения направление его копии в электронном виде на государственном и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" Министерства юстиции Республики Казахстан для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего решения на интернет – ресурсе аппарата маслихата района имени Габита Мусрепова после его официального опубликования;

      3) государственную регистрацию вышеуказанного Положения в органах юстиции в установленном законодательством порядке.

      3. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на руководителя аппарата районного маслихата Маямирову С.К.

      4. Настоящее решение вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Председатель маслихата района имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области С. Баумаганбетов

  Утверждено решением
  маслихата района имени
  Габита Мусрепова Северо-
  Казахстанской области от
  11 августа 2026 года № 43-5

Положение о коммунальном государственном учреждении "Аппарат маслихата района имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области"

Глава 1. Общие положения

      1. Коммунальное государственное учреждение "Аппарат маслихата района имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области" (далее – Аппарат маслихата района имени Габита Мусрепова), является государственным органом Республики Казахстан, обеспечивающим деятельность маслихата района имени Габита Мусрепова, его органов и депутатов.

      2. Аппарат маслихата района имени Габита Мусрепова не имеет ведомств.

      3. Аппарат маслихата района имени Габита Мусрепова осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, а также настоящим Положением.

      4. Аппарат маслихата района имени Габита Мусрепова является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печати с изображением Государственного Герба Республики Казахстан и штампы со своим наименованием на казахском и русском языках, бланки установленного образца, счета в органах казначейства в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      5. Аппарат маслихата района имени Габита Мусрепова вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.

      6. Аппарат маслихата района имени Габита Мусрепова имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с Законом Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", бюджетным и финансовым законодательством.

      7. Аппарат маслихата района имени Габита Мусрепова по вопросам своей компетенции в установленном законодательством Республики Казахстан порядке принимает решения, оформляемые распоряжением председателя маслихата, приказами руководителя Аппарата маслихата района имени Габита Мусрепова, которые принимаются в соответствии с Гражданским Кодексом Республики Казахстан, Административным процедурно-процессуальным кодексом Республики Казахстан, Бюджетным кодексом Республики Казахстан, Трудовым кодексом Республики Казахстан, Законами Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", "О государственной службе Республики Казахстан", "О противодействии коррупции", "О государственном имуществе", "О государственных закупках", "О гражданской защите", "О правовых актах", актами Президента и Правительства Республики Казахстан.

      8. Структура и лимит штатной численности Аппарата маслихата района имени Габита Мусрепова утверждаются в соответствии Бюджетным кодексом Республики Казахстан, Трудовым кодексом Республики Казахстан, Законами Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", "О государственной службе Республики Казахстан", а также настоящим Положением.

      9. Местонахождение юридического лица: индекс 150400, Республика Казахстан, Северо-Казахстанская область, район имени Габита Мусрепова село Новоишимское, улица Абылай-хана, 28.

      10. Настоящее Положение является учредительным документом Аппарата маслихата района имени Габита Мусрепова.

      11. Финансирование деятельности Аппарата маслихата района имени Габита Мусрепова осуществляется из местного бюджета в соответствии с бюджетным законодательством Республики Казахстан.

      12. Аппарату маслихата района имени Габита Мусрепова запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся полномочиями Аппарата маслихата района имени Габита Мусрепова.

      Если Аппарату маслихата района имени Габита Мусрепова законами Республики Казахстан предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то полученные доходы направляются в государственный бюджет, если иное не установлено законодательством Республики Казахстан.

Глава 2. Задачи, функции и полномочия Аппарата маслихата района имени Габита Мусрепова

      13. Задачи:

      1) осуществление организационного, правового, материально-технического обеспечения маслихата и его органов, оказание помощи депутатам в осуществлении их полномочий;

      2) обеспечение деятельности маслихата на сессиях, через постоянные комиссии и депутатов в порядке, установленном Законом Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан";

      3) обеспечение принятие на сессиях маслихата нормативных правовых актов, предусматривающие сокращение местных бюджетных доходов или увеличение местных бюджетных расходов и нормативных правовых актов, касающиеся прав, свобод и обязанностей граждан;

      4) обеспечение соблюдения законности в деятельности председателя маслихата, депутатов маслихата и Аппарата маслихата района имени Габита Мусрепова;

      5) обеспечение информированности населения о деятельности маслихата района имени Габита Мусрепова;

      6) осуществление организационного обеспечения деятельности Общественного совета района имени Габита Мусрепова.

      14. Полномочия:

      1) права:

      в пределах своей компетенции запрашивать и получать необходимую информацию от должностных лиц государственных органов и других организаций, по вопросам деятельности маслихата района имени Габита Мусрепова;

      привлекать работников государственных органов и организаций для участия в подготовке вопросов, вносимых на рассмотрение районного маслихата и его постоянных комиссий;

      направлять депутатские запросы, предложения, отклики, сообщения, жалобы в государственные органы и организации в целях обеспечения своевременности рассмотрения и реализации запросов депутатов и депутатских предложений;

      запрашивать информацию от ревизионной комиссии области о проведенных контрольных мероприятиях по вопросам исполнения бюджета района;

      осуществлять контроль за исполнением принятых решений, а также требований законодательства Республики Казахстан;

      в пределах своей компетенции заключать договора, соглашения.

      2) обязанности:

      исполнять задачи и функции, возложенные на Аппарат маслихата района имени Габита Мусрепова;

      не допускать принятия решений, не соответствующих основным направлениям внутренней и внешней политики Республики Казахстан;

      соблюдать интересы Республики Казахстан в обеспечении национальной безопасности;

      обеспечивать соблюдение прав и законных интересов граждан;

      соблюдать нормы действующего законодательства Республики Казахстан.

      15. Функции:

      1) обеспечение подготовки и проведение сессии маслихата района, заседаний постоянных комиссий на основе утвержденного Перечня основных вопросов, внесенных на сессию маслихата, а также по вносимым вопросам постоянными комиссиями, депутатами, акимом района;

      2) обеспечение депутатов проектами решений и другими материалами по вопросам, вносимым на рассмотрение сессий, постоянных комиссий;

      3) обеспечение принятия на сессиях маслихата нормативных правовых актов, предусматривающих сокращение местных бюджетов доходов или увеличение местных бюджетных расходов и нормативных правовых актов, принятых в пределах компетенции районного маслихата и касающиеся прав, свобод и обязанностей граждан с учетом требований действующего законодательства;

      4) обеспечение проведения государственной регистрации в органах юстиции нормативных правовых актов маслихата, имеющие общеобязательное значение, касающихся прав, свобод и обязанностей граждан;

      5) обеспечение проведения постоянного правового мониторинга в отношении нормативных правовых актов принятых и (или) разработчиками которых является районный маслихат;

      6) определение расходов на обеспечение депутатской деятельности, на повышение квалификации депутатов, возмещение командировочных расходов в соответствии с бюджетным законодательством Республики Казахстан;

      7) обеспечение функционирования и своевременного обновления официального сайта районного маслихата в соответствии с Законом Республики Казахстан "О доступе к информации";

      8) размещение нормативных правовых актов принятых районным маслихатом в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан, на интернет-ресурсе районного маслихата;

      9) размещение проектов нормативных правовых актов разработчиком, которого является районный маслихат на интернет-портале открытых нормативных правовых актов;

      10) осуществление подготовки заседаний постоянных комиссий, публичных слушаний, рабочих поездок, анализ, обобщение и своевременное предоставление членам постоянных комиссий материалов по рассматриваемым вопросам, разработка и согласование проектов постановлений комиссий;

      11) обеспечение освещения деятельности районного маслихата в средствах массовой информации;

      12) обеспечение подготовки депутатских запросов в соответствии с Законом Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" по итогам высказанных избирателями на встречах и приемах просьб, предложений, проблемных вопросов;

      13) формирование составов окружных и участковых избирательных комиссий района в соответствии с Конституционным Законом Республики Казахстан "О выборах в Республики Казахстан";

      14) проведение кадровой работы в соответствии с требованиями Трудового кодекса Республики Казахстан, Закона Республики Казахстан "О государственной службе Республики Казахстан";

      15) рассмотрение обращений физических и юридических лиц;

      16) обеспечение единого порядка делопроизводства, организации работы с документами, контроля их исполнения в том числе в системе электронного документооборота;

      17) обеспечение учета наличия и движения имущества и обязательств, использование материальных и финансовых ресурсов в соответствии с утвержденными нормами, нормативами и сметами, индивидуальными планами финансирования бюджетных программ по обязательствам и платежам, предотвращение отрицательных результатов хозяйственной деятельности;

      18) выполнение процедур организации и проведения государственных закупок;

      19) представление и обеспечение защиты интересов Аппарата маслихата района имени Габита Мусрепова в судебных органах.

Глава 3. Статус, полномочия первого руководителя Аппарата маслихата района имени Габита Мусрепова

      16. Руководство Аппаратом маслихата района имени Габита Мусрепова осуществляется руководителем аппарата маслихата, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на Аппарат маслихата района имени Габита Мусрепова задач и осуществление им своих полномочий.

      17. Руководитель Аппарата маслихата района имени Габита Мусрепова назначается на должность и освобождается от должности в соответствии с Законами Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и "О государственной службе в Республике Казахстан".

      18. Руководитель Аппарата маслихата района имени Габита Мусрепова не имеет заместителей.

      19. Полномочия руководителя Аппарата маслихата района имени Габита Мусрепова:

      1) руководит деятельностью Аппарата маслихата района имени Габита Мусрепова;

      2) организует, координирует и контролирует деятельность аппарата маслихата в пределах своей компетенции;

      3) назначает на государственные должности и освобождает от государственных должностей административных государственных служащих корпуса "Б" аппарата маслихата;

      4) осуществляет общее руководство деятельностью дисциплинарной и конкурсной комиссий аппарата маслихата;

      5) осуществляет контроль за соблюдением служебной дисциплины;

      6) решает вопросы командирования, предоставления отпусков, оказания материальной помощи, подготовки, переподготовки и повышения квалификации, поощрения, установления надбавок государственным служащим аппарата маслихата;

      7) решает вопросы дисциплинарной ответственности государственных служащих аппарата маслихата;

      8) обеспечивает исполнение требований законодательства Республики Казахстан о противодействии коррупции в пределах своей компетенции;

      9) организует сессии маслихата, заседания постоянных и временных комиссий маслихата;

      10) готовит проекты решений маслихата, приказы по командированию депутатов маслихата и возложению обязанностей в случае отсутствия председателя маслихата или председателя постоянной комиссии маслихата;

      11) организует мероприятия по повышению квалификации депутатов;

      12) обладает правом первой подписи финансовых документов, заключает договоры, выдает доверенности;

      13) представляет на утверждение маслихату района Положение об Аппарате маслихата района имени Габита Мусрепова, структуру и лимит штатной численности;

      14) издает приказы в пределах компетенции, установленной настоящим Положением;

      15) осуществляет иные полномочия, возложенные на руководителя аппарата.

      Исполнение полномочий руководителя Аппарата маслихата района имени Габита Мусрепова в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с действующим законодательством.

Глава 4. Имущество государственного органа

      20. Аппарат маслихата района имени Габита Мусрепова может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных Гражданским кодексом Республики Казахстан, Законом Республики Казахстан "О государственном имуществе".

      Имущество Аппарата маслихата района имени Габита Мусрепова формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества, приобретенного в результате собственной деятельности, и иных источников, не запрещенных Законом Республики Казахстан "О государственном имуществе".

      21. Имущество, закрепленное, за Аппаратом маслихата района имени Габита Мусрепова относится к коммунальной собственности.

      22. Аппарат маслихата района имени Габита Мусрепова не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

Глава 5. Реорганизация и упразднение государственного органа

      23. Реорганизация и упразднение Аппарата маслихата района имени Габита Мусрепова осуществляются в соответствии с Гражданским кодексом Республики Казахстан, Трудовым кодексом Республики Казахстан, Законами Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", "О государственной регистрации юридических лиц и учетной регистрации филиалов и представительств", "О государственном имуществе", "О государственной службе Республики Казахстан", а также настоящим Положением.

      Аппарат маслихата района имени Габита Мусрепова не имеет организации, находящиеся в его ведении.

      Аппарат маслихата района имени Габита Мусрепова не имеет территориальные подразделения, находящиеся в его ведении.

      Аппарат маслихата района имени Габита Мусрепова не имеет государственные учреждения, находящиеся в его ведении.