Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2022 жылғы 3 мамырдағы № 105 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
7 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің аппараты өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімі аппараты басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде, Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінде, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңында, Қазақстан Республикасының "Жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру туралы" Заңында, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңында, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Заңында, Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғау туралы" Заңында, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы" Заңында, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңында, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңында, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерінде көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.";
12 тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Егер Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің аппаратына Қазақстан Республикасының заңдарымен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер мемлекеттік бюджетке жіберіледі.";
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2 тарау. Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімі аппаратының міндеттері, функциялары мен өкілеттіктері";
14-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) құқықтар:
өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларынан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрату және алу;
мүліктік және мүліктік емес құқықтарды сатып алу және жүзеге асыру;
өз құзыреті шегінде шарттар, келісімдер жасасу;
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңында, Қазақстан Республикасының "Жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру туралы" Заңында, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңында, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Заңында, Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғау туралы" Заңында, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы" Заңында, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңында, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңында көзделген өзге де құқықтарға ие болу;".
2. "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін электрондық түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
2) осы қаулыны Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің интернет-ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастыруды;
3) Қазақстан Республикасының заңнамада белгіленген тәртіппен "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережеге енгізілген өзгеріс туралы әділет органдарын хабардар етуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау осы салаға жетекшілік ететін Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімі | Р. Аңбаев |