Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихат аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережені бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 30 наурыздағы № 8-5 шешіміне (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде № 179477 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2023 жылғы 6 сәуірде жарияланған) келесі өзгеріс еңгізілсін:
Жоғарыда көрсетілген шешіммен бекітілген "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихат аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа еңгізіледі.
| Ақжар аудандық мәслихат төрағасы | М. Жүсіпбеков |
Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының "Аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Аппарат) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады және Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының, оның органдары мен депутаттарының қызметін қамтамасыз етеді.
2. Аппараттың ведомстволары жоқ.
3. Аппарат өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, мәслихаттың үлгілік регламентіне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Аппарат мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрлері мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. Аппарат азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. Аппарат Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оған уәкілеттік берілген жағдайда мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы ретінде әрекет етуге құқылы.
7. Аппарат өз құзыреті мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихаты төрағасының өкімдерімен және аппарат басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де актілерді қабылдайды.
8. Аппараттың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 150200 индексі, Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы, Талшық ауылы, Целинная көшесі, 15.
Аппараттың жұмыс режимі:
дүйсенбі – жұма күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13:00-ден 14:00-ге дейін, демалыс күндері: сенбі – жексенбі.
10. Осы Ереже Аппараттың құрылтай құжаты болып табылады.
11. Аппараттың қызметін қаржыландыру жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
12. Аппаратқа Қазақстан Республикасының заңнамасында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, өзіне жүктелген функциялар мен өкілеттіктерді іске асыруға байланысты емес қызметті жүзеге асыруға жол берілмейді.
13. Аппараттың Ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2-тарау. Міндеттері мен өкілеттіктері
14. Міндеттері:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының ұйымдастырушылық және сессиялық қызметін қамтамасыз ету;
2. Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихаты тұрақты комиссияларының ұйымдастырушылық қызметін қамтамасыз ету;
3. депутаттарға олардың өкілеттіктерін жүзеге асыруына жәрдем көрсету;
4. аудандық мәслихат сессияларында жергілікті бюджет кірістерін қысқартуды немесе жергілікті бюджет шығыстарын ұлғайтуды көздейтін нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілерді қабылдауды қамтамасыз ету;
5. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес аудандық мәслихаттың қызметі туралы халықтың хабардар болуын қамтамасыз ету;
6. аудандық мәслихат депутаттарының қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету;
7. депутаттық өкілеттіктерді жүзеге асыруға байланысты аудандық мәслихат депутаттарының біліктілігін арттыру жөніндегі ұсыныстарды енгізуді қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес аудандық мәслихат депутаттарының біліктілігін арттыруға арналған шығыстарды жоспарлау.
15. Өкілеттіктері:
1) құқықтары:
Ақжар аудандық мәслихатының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша күн тәртібіндегі мәселелер және тұрақты (уақытша) комиссиялардың отырыстары бойынша мемлекеттік органдардан және лауазымды адамдардан, өзге де ұйымдар мен азаматтардан белгіленген тәртіппен ақпаратты, анықтамаларды, есептерді, шешімдердің жобаларын, нормативтік құқықтық актілер жобаларының бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғаны туралы мәліметтерді, сараптамалық кеңестердің қорытындыларын, енгізілген шешімдердің жобалары бойынша қажетті келісулерді және өзге де құжаттаманы сұратуға;
депутаттар мен депутаттық топтардың сауалдарын уақтылы қарауды және іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдар мен мекемелерге сауалдар жіберуге;
Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихаты сессияларының шешімдерінің орындалуын бақылауға;
Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатына келіп түскен заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау мерзімдері мен нәтижелерін бақылауды жүзеге асыруға.
2) міндеттері:
Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихаты Регламентінің сақталуын қамтамасыз ету;
Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға консультациялық-әдістемелік, ақпараттық, ұйымдастырушылық-техникалық және өзге де көмек көрсету;
азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз ету.
16. Функциялары:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының Регламентіне сәйкес жүзеге асырылатын Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының, оның органдары мен депутаттарының қызметін ұйымдастырушылық, құжаттамалық, құқықтық, ақпараттық-талдамалық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз ету;
2. депутаттарды сессиялар мен тұрақты комиссиялардың қарауына енгізілетін мәселелер бойынша шешімдердің жобаларымен және басқа да материалдармен дайындау және қамтамасыз ету;
3. Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихаты шешімдерінің, мәслихат тұрақты комиссиялары қаулыларының, төрағаның өкімдері мен Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихаты аппараты басшысының бұйрықтарының Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкестігін бақылауды жүзеге асыру;
4. Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихаты актілерін әзірлеуге қатысу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген жағдайларда оларды аумақтық әділет органдарына мемлекеттік тіркеуге жіберу;
5. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда және тәртіппен Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының шешімдерін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз ету;
6. атқарушы органдар басшыларының ақпараттарын, есептерін жинау және талдау, өз қызметі туралы Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының депутаттары алдында есеп беретін мемлекеттік органдардың қызметінің нәтижелері туралы анықтамалар дайындау;
7. депутаттардың өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде енгізген ұсыныстары мен ескертулерін есепке алуды және қорытуды жүргізу, оларды іске асыру жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және олардың орындалуын бақылау;
8. Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының шешімдері мен басқа да құжаттарының тиісті органдар мен ұйымдарға жіберілуін қамтамасыз ету;
9. Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихаты сессияларының және оның органдарының басқа да отырыстарының хаттамалары мен материалдарын қалыптастыру;
10. бұқаралық ақпарат құралдарында, Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының ресми веб-сайтында Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының, оның органдары мен депутаттарының қызметі туралы ақпаратты орналастыру;
11. мәслихат депутаттарына олардың өкілеттіктерін жүзеге асыруына жәрдем көрсету, консультациялық және әдістемелік көмек көрсету, депутаттардың сауалдарын, ұсыныстары мен ескертулерін уақтылы қарауды және іске асыруды бақылауды жүзеге асыру;
12. Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының қызметін қамтамасыз етуге арналған шығыстарды айқындау, іссапар шығыстарын өтеу, депутаттарды депутаттық қызметті жүзеге асыру үшін қажетті кеңсе керек-жарақтарымен және өзге де тауарлармен қамтамасыз ету;
13. Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңының, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары мен оны іске асыру мақсатында қабылданған Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларының, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің талаптарына сәйкес кадр жұмысын жүргізу;
14. іс жүргізудің бірыңғай тәртібін қамтамасыз ету, құжаттармен жұмысты ұйымдастыру, оларды ведомстволық мұрағатқа тапсыруға дайындау;
15. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аппаратқа жүктелетін өзге де функцияларды жүзеге асыру.
3-тарау. Мәслихат төрағасының мәртебесі мен өкілеттіктері
17. Мәслихаттың қызметіне жалпы басшылықты Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының төрағасы жүзеге асырады, ол мәслихатқа жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
18. Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының төрағасы депутаттар арасынан депутаттардың жалпы санының көпшілік даусымен ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы сайланады және мәслихат сессиясында қызметінен босатылады.
19. Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының төрағасының орынбасарлары болмайды.
20. Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихаты төрағасының өкілеттіктері:
1) мәслихат сессиясын және оның қарауына енгізілетін мәселелерді дайындауды ұйымдастырады, сессияның күн тәртібін қалыптастырады, хаттаманың жасалуын қамтамасыз етеді, мәслихат сессиясында қабылданған немесе бекітілген шешімдерге және өзге де құжаттарға қол қояды;
2) мәслихат сессиясын шақыру туралы шешім қабылдайды;
3) мәслихат сессиясының отырыстарына төрағалық етеді, мәслихат регламентінің сақталуын қамтамасыз етеді;
4) мәслихат депутаттарына олардың өкілеттіктерін жүзеге асыруына жәрдем көрсетеді, оларды қажетті ақпаратпен қамтамасыз етеді, депутаттарды мәслихат сессияларына, оның тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының жұмысына, сондай-ақ сайлау округтеріндегі қызметіне қатысу үшін қызметтік міндеттерін орындаудан босатуға байланысты мәселелерді қарайды;
5) депутаттардың сауалдары мен депутаттық өтініштерінің қаралуын бақылайды;
6) мәслихат аппаратының басшысын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
7) сайлаушылардың өтініштері және олар бойынша қабылданған шаралар туралы мәслихатқа тұрақты түрде ақпарат ұсынады;
8) мәслихаттың жергілікті өзін-өзі басқарудың өзге де органдарымен өзара іс-қимылын ұйымдастырады;
9) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңның 24-бабы 1-тармағына сәйкес әкімге сенімсіздік білдіру мәселесін көтеретін мәслихат депутаттары жинаған қолдардың түпнұсқалығын тексеруді ұйымдастырады;
10) өз құзыреті мәселелері бойынша өкімдер шығарады;
11) тұрақты комиссиялардың және мәслихаттың өзге де органдары мен депутаттық топтардың қызметін үйлестіреді;
12) мәслихатты мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен және қоғамдық бірлестіктермен қарым-қатынастарда білдіреді;
13) мәслихат шешімдерінің жариялануын қамтамасыз етеді, олардың орындалуын бақылау жөніндегі шараларды айқындайды;
14) осы Заңда, Қазақстан Республикасының заңнамасында, регламентте және мәслихат шешімінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының төрағасы болмаған кезде мәслихат сессиясының төрағасының шешімі бойынша оның өкілеттіктерін уақытша тұрақты комиссиялардың бірінің төрағасы немесе Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының депутаты жүзеге асырады.
4-тарау. Мәслихат аппаратының басшысы
21. Мәслихат аппаратының басшысы аппаратты басқаратын және оның қызметіне тікелей басшылықты жүзеге асыратын "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшісі болып табылады.
22. Аппарат басшысын Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен мәслихат төрағасы қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
23. Аппарат басшысы мәслихат төрағасына тікелей бағынады және өз құзыреті шегінде аппарат қызметін ұйымдастыруға дербес жауапты болады.
24. Аппарат басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Ережемен берілген өкілеттіктер шегінде аппарат атынан әрекет етеді.
25. Аппарат басшысы:
1) мәслихат аппаратының қызметіне басшылық жасайды;
2) өз құзыреті шегінде мәслихат аппаратының қызметін ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;
3) мәслихат аппаратының "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілерін мемлекеттік лауазымдарға тағайындайды және мемлекеттік лауазымдардан босатады;
4) мәслихат аппаратының тәртіптік және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;
5) қызметтік тәртіптің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
6) мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілерін іссапарға жіберу, оларға еңбек демалыстарын беру, материалдық көмек көрсету, даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар белгілеу мәселелерін шешеді;
7) мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілерінің тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін шешеді;
8) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді;
9) мәслихат сессияларын, мәслихаттың тұрақты және уақытша комиссияларының отырыстарын ұйымдастырады;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мәслихат шешімдерінің жобаларын, мәслихат депутаттарын іссапарға жіберу және мәслихат төрағасы немесе мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрағасы болмаған жағдайда олардың міндеттерін жүктеу туралы бұйрықтарды дайындайды;
11) депутаттардың біліктілігін арттыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады;
12) аппарат басшысына жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
26. Аппарат басшысы уақытша болмаған кезеңде оның міндеттерін Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына сәйкес айқындалған адам атқарады.
5-тарау. Аппараттың мүлкі
27. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда Аппараттың жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Аппараттың мүлкі оған меншік иесі берген мүліктің, сондай-ақ өз қызметінің нәтижесінде және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен сатып алынған мүліктің (оның ішінде ақшалай кірістердің) есебінен қалыптастырылады.
28. Аппаратқа бекітіліп берілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
29. Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, Аппарат өзіне бекітіліп берілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша оған бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетінше иеліктен шығаруға немесе өзге де тәсілмен билік етуге құқылы емес.
6-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
30. Аппаратты қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Аппараттың қарауында болатын ұйымдары жоқ.
Аппараттың қарауында болатын аумақтық органдары жоқ.
Аппараттың қарауында болатын мемлекеттік мекемелері жоқ.