жоба
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар жіктемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 10 мамырдағы № 240 бұйрығына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар 2026 жылғы 15 сәуірдегі № 3 Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкімі ШЕШТІ:
1. Техногендік авариялық жағдайға байланысты және ҚР БК сәйкес Макинск қаласының "STROYCORP" ЖШС 01.04.2026 жылғы № 075 техникалық қорытындысы негізінде 1.04-102-2012 анықталған ақаулардың сипатын және олардың құрылымдардың сенімділігіне, стационар мен емхана ғимаратының техникалық жай-күйіне әсер ету дәрежесін ескере отырып, "Ғимараттар мен құрылыстардың техникалық жай-күйін тексеру және бағалау" Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Саумалкөл ауылы мекенжайы бойынша орналасқан "Айыртау аудандық ауруханасы" ШЖҚ КМК, Хаиров көшесі 1 апатты деп танылсын және объектіде объектілік ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2. Объектілік ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс-шаралар жүргізу.
3. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарының Объектілік ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жою жөніндегі басшысы болып тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізуді тапсырсын.
4. "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімнің көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына бес жұмыс күні ішінде жолдау оған қол қойылған күннен бастап;
2) Осы шешімді Айыртау ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыру.
5. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын
6. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімі | М. Меңдібаев |