БҰЙЫРАМЫН:
1. "Бірыңғай дистрибьютордан сатып алынатын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 20 тамыздағы № ҚР ДСМ-88 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24078 тіркелді) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшамен бекітілген бірыңғай дистрибьютордан сатып алынатын дәрілік заттардың тізбесінде:
реттік нөмірі 318-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
318. | H01AC01 | Соматропин | инъекцияға арналған ерітінді/ инъекцияға арналған ерітінді дайындауға арналған лиофилизирленген ұнтақ 6 мг | картридж/ құты |
";
реттік нөмірлері 1291–1293-жолдар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 1307-1314-жолдармен толықтырылсын:
"
1307. | L04AC05 | Устекинумаб | псориаз және псориазды артрит ауруы бар пациенттерді емдеу үшін алдын ала толтырылған шприцтердегі инъекцияға арналған 45 мг/0,5 мл ерітінді (препараттың әрбір бірлігімен қосымша препараттың 1 бірлігі тегін беріледі) | шприц |
1308. | L04AC05 | Устекинумаб | Крон ауруы және ойық жара колиті ауруы бар пациенттерді емдеу үшін инъекцияға арналған ерітінді 90 мг/1 мл (препараттың әрбір бірлігімен қосымша препараттың 1 бірлігі тегін беріледі) | шприц |
1309. | H01AC01 | Соматропин | инъекцияға арналған ерітінді/ инъекцияға арналған ерітінді дайындауға арналған лиофилизирленген ұнтақ 10 мг | картридж/ құты |
1310. | H01AC01 | Соматропин | инъекцияға арналған ерітінді/ инъекцияға арналған ерітінді дайындауға арналған лиофилизирленген ұнтақ 12 мг | картридж/ құты |
1311. | H01AC01 | Соматропин | инъекцияға арналған ерітінді/ инъекцияға арналған ерітінді дайындауға арналған лиофилизирленген ұнтақ 15 мг | картридж/ құты |
1312. | H01AC01 | Соматропин | инъекцияға арналған ерітінді/ инъекцияға арналған ерітінді дайындауға арналған лиофилизирленген ұнтақ 20 мг | картридж/ құты |
1313. | J07AL02 | Пневмококктық тазартылған полисахаридті конъюгацияланған антиген | полисахаридті конъюгацияланған белсенділігі жойылған 20 валентті адсорбцияланған пневмококкты вакцина, бұлшықет ішіне енгізуге арналған cуспензия, 0,5 мл/доза | шприц/ доза |
1314. | L01FX14 | Полатузумаб ведотин | инфузияға арналған ерітінді дайындау үшін концентрат дайындауға арналған лиофилизат, 140 мг (препараттың әрбір 5 бірлігіне қосымша препараттың 1 бірлігі тегін беріледі) | құты |
".
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Дәрі-дәрмек саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі |
А. Альназарова |